Уақыт-теориялық биологияның мәселесі ретінде
1. Биологиялық уақыт;
2. Биожүйе;
3. Темпоральдық геналар;
4. Жерде тіршіліктің дамуы;
5. Түр. Түр өлшемдері.
Жалпы, уақыт дегеннің өзі өмір сүру процестерінің алғы шарттарының бірі болып табылады, бірақ көптеген жағдайда оиы тәжірибе ретінде сынақта өткізуге болмайды.
Қазіргі пікір бойынша жекелеген ағзалардың дамуында темпоралдық геналар жетекші роль атқарады. Мәселен жабайы штаммдарда жыныстық жетілу коньюгациядан соң бірліктен кейін жүзеге асса, мутанттарда бұл процесс әлде қайда ерте жүреді.
Теориялық биологияда қозғалыстың ұзақтығы 2 түрі болады. Соның бірі, яғни биологиялық жас биожүйенің жасы ол уақыты арқылы анықталады, ал екіншісі бір ағза шеңберіндегі өзіндік уақыт немесе жас аралығында теңдік болмайтындығын көрсетеді.
Биожүйенің өзіндік уақыты оның уақытша ұйымының объективті сипатын береді.
Биожүйенің уақытылық ұйымдастыру ерекшелігі биологиялық сағаттын бар болуында.
Эйнштейн және Минковский реалистік әлемнің хроногеометриясын құрастыру кезінде, эксперименттердің атрибуты деп сағат деген ұғымға сілтеме жасаған.
Биожүйенің өз уақыты туралы айтқанда биологиялық ұйымдастырудың ерекшелігін бейнелейтін материалдық және функционалдық сағат деп есептесу қажет. Биологтың қолында сағат болу не болмауы мүмкін, бірақ әр жағдайда уақыт, уақытты тұтас алғанда, өз бетімен жүре береді, бірақ оны зерттеу объекті — тірі жасуша — әрқашанда уақыт олшеу қондырғысы болады. Осы қондырғы арқылы материалдық әлемнің уақытылық заңдылығы жасушаның ішкі уақытылық заңдылығына айналады.
Биологиялық сагаттың рөлін анықтауда биологиялық ұйымдастыру принциптерін түсіну үшін қажет, мүмкін өмірлік маңыздылығың түсіну үшін қажет, бірақ ол биологиялық уақытты физикалық уақытпен салыстыру кезінде сапалылық ерекшелігі туралы мәселені шешіп алуга мүмкіндік бермейді. Өкінішке орай осы мәселе тікелей биологиялық және физикалық эксперименттер негізінде шешілуі мүмкін емес.
Биожүйелердің сыртқы әсерлерге бейімделу-өмірдің фундаменталдық заңдылығы болып табылады.
Биологиялық процестерді зерттеудегі дәстурлі себептік — қорытынды көзқарас ең перспективтік болу мүмкін және олардың уақыттық талдау кезінде уақытылық тәртіп себепті шарттардың қажетті белгісі болып табылады.
Биологиялық уақыт физикалық уақыт салыстырғанда сапалық ерекшелігі жоқ болу деп есептеуге болады және ол дербес уақытылық болып табылады.
Биожүйелердің уақытылық ұйымдастыруды зерттеу, біриеше кезеңдерді бөлуге болады. Бірінші кезең — (эмпирикалық) үшін негізделген фактілердің жетіспеушілік кезінде проблеманы кеңінен коюға болады, бірақ осы мәселе теоретикалық болжамдау санын шектеуге болады.
Екінші кезең — (эксперименталды) проблемаға операционалдық көзқараспен сипатталынады. Биологиялық ритмдер және оларды бақылаушы биологиялық санаттар зерттеудің бас мәселесі болып табылады.
Үшінші кезеңде, заманға сай, оны синтетикалық деп атауға болады, биожүйенің уақытылы ұйымдастыру түрлі гносеологиялық модельдерін кеңінен пайдалануды корсетеді және сол кезде олардың жағдайын бағалау үшін қолданатын критерийлердің қаттылығын көрсетіп отырады.