Онтогенездің біртұтастығы немесе Дриш заңы

Онтогенездің біртұтастығы немесе Дриш заңы

 

1. Дриш  Ханстың еңбектері;

2. Цитогенетикалық тұтастығы;

3. Эмбрионалдық тұтастығы;

4. Постэмбрионалдық тұтастығы;

5. Инволюционалдық тұтастығы.

 

Ағзаның біртұтастығы – жеке мүшелердің біртұтастыққа бағыныштылығы. Ол онтогенездің барлық стадияларында көрініс береді.

Онтогенездің тұтастығы жүйелік және регуляторлық факторлардың әрекеттерінде негізделеді. Олар цитогенетикалық, морфогенетикалық, морфофизиологиялық, гармондық, ал кейбір жануарларда нейрогуморальдық факторлар. Осындай факторлар ағзаның тіршілік әрекетінің дамуын қоршаған орта жағдайларымен реттеп отырады.

Тұтастық қасиетінің сандық көрінісі бар. Өсімдіктердің біртұтастығы жануарлармен салыстырғанда оте аз керініс тапқан. Регенерация процесінің нәтижесінде тұтастық өседі.

Неміс эмбриологы Ханс Дриштың (1867-1914) атымен байланысты биологияның теориялық заңы мынадай мағынаға ие: ағзаның жеке дамуы тұтас процесс болып табылады.

Барлық ағзаның жеке дамуының өзіне тән сатылары бар.

Даму сатылары және тұтастык байланысты төмендегідей айыру керек:

— Цитогенетикалық  тұтастық — жасушаның бөлінуіне байланысты;

— Эмбрионалдық   тұтастық    — жұмыртқаның бөліну фазасына байланысты;

— Постэмбрионалдық онтогенетикалық тұтастық — жастық және кәрілік шақ сатылары;

— Инволюционалдық тұтастық — ағзаның кәрілік шақтағы сатысы.

Әр тұтастық деңгейіне өзіне тән жүйелік және регуляторлық факторлар жиынтығы әсер етеді.

Жануарлардың постэмбрионалдық сатыларында тұтастың сақталуына нейрогуморальдық және гормональдық регуляторлық әсер етеді. Жүйелік және регуляторлық факторлар біртұтастықтың сақталуын қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *