АРШАЛЫ АУДАНЫ – Ақмола облысының оңтстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 5,8 мың км². Тұрғыны 25,3 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,3 адамнан келеді (2006). Аудандағы 34 елді мекен 12 ауылдық, 1 кенттік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Аршалы кенті. Аудан 1928 ж. құрылған. 1939 жылдың қазан айына дейін Қарағанды облысының құрамында болды. 1928 ж. Коммунист, 1935 ж. Вишневка ауданы болып аталды. 1997 жылдан Аршалы ауданы аталады. Аудан Сарыарқаның орта тұсында, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Жер бедері абсолют биіктігі 600 метрден аспайтын төбелі-белесті жазық болып келеді. Шығыс жағын Ерейментаудың ұсақ шоқылы оңтүстік сілемдері алып жатыр. Жуантөбе(498 м), Тастөбе (432 м), Түйетөбе (464 м) сияқты төбелер бар. Климаты тым континенттік, қысы суық, ұзақ. Жазы қоңыржай ыстық. Орташа температурасы қаңтарда –17°С, шілдеде 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм. Аудан жерінен Есіл өз. және оның салалары Мойылды, Шортанды, Ақтасты, Беріктал, Жыланды, Сүгір және Қызылмола, Өлеңті өзендері ағады. Бірақ олардың біразы жазда құрғап, қарасуға айналып бөлініп қалады. Ірілі-ұсақты тұщы әрі тұзды көлдер көп. Үлкендері: Үлкен және Кіші Сарыоба, Балықтыкөл, Танакөл, Байдалы, Шалқар, Қызылкөл, т.б. Аудан жерінде негізінен сортаң қара қоңыр топырақ тараған. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары олардың көбі жыртылған. Құрғақ дала белдеміне тән селеу, бетеге, сұлыбас, кермек, жусан, т.б. өсімдіктер, өзен жайылмаларында, көл жағаларында әр түрлі шөпті шалғындар, шоқы беткейлерінде қайың, көктерек, итмұрын, тобылғы, ұшқат және басқа бұталар өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, борсық, ақ қоян, суыр, ақ тышқан, сарышұнақ, қосаяқ; сулы жерлерде ондатр; қамысты жерінде жабайы шошқа; құстардан шіл, құр, тырна, қаз, үйрек, балықшы, шағала, т.б. мекендейді. Көлдерде алабұға, мөңке, оңғақ, торта, шортан, ақ қайран өседі. Тұрғындардың орташа тығызд. 1 км2-ге 5,6 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Аршалы, Анар, Александровка, Константиновка, Сарыоба ауылдары. Аршалыда үй құрылысы материалдары мен құралымдар комбинаты, темір— құйматас шпалдары, қиыршықтас және асфальт з-тары, тамақ комбинаты, май, нан з- ттары, тұрмыстық комбинат, баспахана, құрылыс пен авто- көлік кәсіпорындары, Анарда кірпіш, Константиновкада май з-тары бар. Ауд-да Астана қ-н астық, ет, сүт, картоп, көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ететін 12 кеңшар мен ұжымдық ш-тар, шаруақожалықтары жүмыс істейді. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 46,8 мың га (1997). Орман 7,9 га. Аудан жері арқылы Астана – Қарағанды, Астана – Павлодар темір жол, Астана – Қарағанды автомобиль жолдары өтеді.