АРШАЛЫ 

АРШАЛЫ – Есіл алабындағы өзен. Солт. Қазақстан обл. Зеренді ауданы жеріндегі Айдабол көлі маңынан бастау алады. Ақмола обл-ндағы Қалқұтан өзеніне құяды. Ұзындығы 174 км, су жиналатын алабы 4160 км2. Басты салалары – Түкті, Кеңащы және Қоңыр. Жоғарғы ағысы Көкшетау қыратымен өтіп, төменгі ағысы төбелі жазықпен ағады. Салаларының жалпы ұзындығы 514 км. Орта ағысында аңғарының ені 1 – 2 км-ге жетеді. Еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 2,44 м3/с. Суы көктемгі тасқын кезінде тұщы (200 – 300 мг/л), жазда тартылғанда ащы (450 – 500 мг/л) болады. Алабы толық игерілген, көпшілік бөлігі жыртылған. Шабындыққа, мал жайылымына пайдаланылады. Жаңа Қалқұтан ауылы тұсында өзен арнасы бөгелген. Бөгеннің көлемі 650 мың м2. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *