1. Қазіргі сабақ қандай болуы керек?
2. Дәстүрлі емес сабақтар түрлері.
Дидактикалық талаптарға сай ұйымдастырылған оқыту формасы оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім игеруде ерекше ықылас тудырып ұстазға да шәкіртке де шексіз шығармашылық мүмкіндік береді.
Қазіргі таңдағы мұғалімдерге кездесіп жүрген оқушының таным белсенділігінің, қызығушылығының, тіпті оқуға құлқының төмендеу проблемалары себептерінің негізі- сабақтардың бірсарындылығы. Ұстаз еңбегіндегі күнделікті ізденістің болмауынан оқытудағы бірізділік пайда болады, ол-бірте-бірте балалардың сабаққа деген қызығушылығын жояды. Ендеше, қазіргі сабақ қандай болуы керек?- десек, ол- тек қана шығармашыл болуы керек.
Оқытудағы классикалық әдістеме ғылым мен техника дамуы деңгейіндегі «жеңіл» мен «қиын» ұғымдарды ғана меңгеруге болады. Ал осы күндері оқушылар алатын ақпарат жан- жақты көп (теледидар, электронды почта, интернет .б.) сондықтан, олар көп нәрсені ерте біледі. Осындай әлемде өмір сүріп отырған бала бір пәнге қызықса, одан өте көп көлемде хабарлар, деректер шығаруға қабілетті. Ендеше, ол сол өзін қызықтырған мәселе жөнінде жоғары көрсеткіш көрсете алады.
Қазіргі кезеңдегі түпкілікті өзгеріп отырған экологиялық жағдайларға байланысты, биологиалық білім берудің басты мақсаты мен міндеттерінің бірі оқушыларда биологиалық ойлауды, қарапайым болса да ғылыми болжамдар құру мен оны тексеруге дәлелдер іздеуді және жоспарлай білуді дамыту.
Мектептегі оқытуда соңғы кездегі ғылыми-әдістемелік басылымдар беттерінде көптеп беріліп жүрген сабақ түрлері заман талабының көріністері. Толық мәнді жаңаша білім беру –бала мүмкіндіктерін барынша пайдалануға жағдай жасау. Оның басты әдіснамалық білім беру міндеті- бала қабілетін дамыту және тәрбиелеу .
Дидактика классигі И.Г.Песталлоций еңбектерінде тәрбиелеу өзінің индивидуалдық ерекшеліктерін сезіне отырып, өзін-өзі тудырушы балаға көмек көрсету деген пікір-түсінік айқын байқалған.
Мұғалімнің оқушымен бірлесіп шығармашылық еңбек етуі ғалым В.И.Андреевтің пікірінше мынадай ережелер сақтау негізінде іске асады:
Педагог мүмкіндігінше, өзінің ұстаздық шеберлігін және шығармашылық қабілеттерін үнемі дамытып, отыруы қажет .
Замана талабына сай билогиядан оқу –тәрбие үрдісін жетілдіруде негізгі нысана етіп мына принциптерді ұстаған дұрыс: білім беруді оқушыларда ақпараттар қорын толтырумен шектемей бала белсенділігі дамуының тәсілі, ретінде қарастыру. Себебі белсенділікті дамыту шығармашылық жеткізеді, ендеше ол межеге жетуді белсенді оқыту арқылы жүзеге асыруға болады.Осы тұрғысында негіздейтін болсақ, шығармашылықты қалыптастыруда және дамытуда белсенді оқытудың жүйесі қажет. Зертеушілік әдіс , эвристикалық әдіс және басқа белсенді оқыту жолдары өз қызметтерін толық орындау үшін қалай ұйымдастырылу, қандай сабақтар жүйесі керектігін биология пәні ұстаздары мен әдістемешілер анықталуы қажет .
Ұстаздар тәжірбиелерінде өткізіліп жүрген, осы талаптарды орындай алатын дәстүрлі емес сабақтар түрлерін: іскерлік ойындар, танымдық ойындар, конфереция сабақ, пресс- конференция, саяхат сабақ, интеграциялық сабақ ертегі, аукцион, жарыс сабақтары, КВН, спектакль, сот виктарина, және брейнсторминг сабақтары деп топтауға болады .
Дәстүрлі емес сабақтар дегеніміз- сабақ құрылымын оқу –тәрбие үрдісінің мақсаттарына сай өзгертіп оқушының шығармашылықпен білім игеруінің субьектілік үлесін жоғарлататын формасы .
Осындай сабақтар кезінде оқушы субьект ретінде болып өз әрекетін өзі толығынан басқарып, ұйымдастыру, іздену тұрғысында өтеді. Осы кезде таным қызығушылығының механизмі әржақты күрделі, оқушының тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады, өйткені ойлау үрдісі күрделі тізбектен құралып, жорамалдау, қажетті әдісті таңдау, білім – біліктің түрлерінің сыналуы және әртүрлі шешімдердің саралануынан ең қажеттісі таңдап алынады. Бұл жағдайда оқушының барлық іс- әрекеті өзі үшін аса маңызды болып, шығармашылығы зор қуаныш әкеледі, «ашқан жаңалығына» таңдау, өзбетімен қиындықты жеңгеніне, басқаға көмектескеніне, тапқырлығына, білім игеруде алға жылжығандығына рахаттанады, эмоциялы қуаттанады.
Мысалы: Баяндама – сабақтың бір көрінісі. Бұл бұрын да қолданылып жүрген әдіс, бірақ баяндамашының оқытылатын жануар кейіпінде болуы жаңалық , өйткені әңгіме кейіпкерден айтылады. Осы кезде тыңдаушылар көңілі бірден ауып, берілген жануар ерекшеліктерін, мекен ету ортасын анық, тереңірек түсінуге жол ашады. Кейде оқушы киімі де жануардың түр- түсін, ерекшеліктерін айқындайды. Монолог пәнінің ғылымилылығы тұрғысынан дұрыс құрылуы тиіс, ол үшін баяндамашы жан – жақты дайындалып, ақпараттар іздеуде белсенділік тануы керек.
Сүліктің монологы. Мен – сүлікпін! Неге сіздердің бет әлпеттеріңіз өзгеріп кетті? Қайдағы бір балық, құс емес, медициналық сүлікпін. Латынша өте әдемі: Гирудо медициналис. Әрине, мен паразитпін, олай болмағанда ше, тіршілік ету керек? Бірақ мен пайдалымын. Адам баласы маған көп қарыздар, сондықтан маған ескерткіш қоятын шығар. Ит пен бақаға да қойды ғой, сол сияқты «Ризашылығын білдірген адамзаттан» — деп жазып қояр. Бірнеше ғасырлар бойы қан қысымы көтерілгенде, тромбалар пайда болуынан кім құтқарды? Әрине мен!
Әдетте жылына екі рет тамақтанамын, себебі қолайлы жемтік кездезтіру оңай емес. Кейде ұзақ мерзімге ашығуға тура келеді
Екі жылға дейін аузыңа бір тамшы кан тамбайды. Есесіне кездескенде бір дегенде 50 г.-ға дейін қан іше аламын, бұл денемнің небары 10-15 см үлкендігіне қарамастан ішетін тамағым.Қан менің қарнымда арнаулы бактериялардың көмегімен сол күйінде ұзақ мерзімге сақталады. Менің сөлімнің құрамындағы ((Гирудин)) деген затты қанды ұйтпайтын қасиетіне байланысты адамның тромбоз ауруын емдеуге пайдаланы. Ол қанды ұйытпай, қан тамырларын бітеліп қалудан сақтайды.
Біздерді дәріханаларда, сақтайды, 3-4 ай тамақсыз аш қойғаннан сон ауруларға салады. Қазір біздер су қоймаларында аз кездесеміз, арнаулы зертханаларда өсіреді. Бұл- біз қажетпіз деген сөз, ендеше, біздерді қорғау керек, біз әлі қажетпіз.
Сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды бір жолы – сабақтағы атқарылатын жұмыс түрлерінің сан алуандығы.К. Д. Ушинский бала қажымай-талмай жұмыс істеу үшін оның қызығушылығын жоймай, шаршатпай, бір сарынды немесе бір жақты емес әртүрлі іс-әрекет қажет екендігін айтқан. Егер сабақтарда жұмыстың алуан түрлілігін қамтамасыз етілсе балалар білім игеруде жетістікке жетеді.
Оқытудың ойын формасы –соңғы жылдардағы педагогикалық жаңалықтың ішіндегі бір қолайлысы. Себебі оқушы ғана емес, жалпы адам үшін ойын –белсенділікпен ,өзін көрсетуге ,сөйте отырып үйренуге әсер етеді. Ойын –өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ғалымдар тірі табиғаттағы жұмбақтың бірі –ойын екенін оның құбылыстары мен үрдістер әлі адамзатпен толық зерттеліп ашылмаған, сөйтіп дәл анықтамасы берілмеген қортындыға келген.
Ойын өзінің тек мазмұнымен де балаларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сынып сабақтарындағы үндемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездері жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып ,басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады.
Ойын әрекеті сабақтарда игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаларға сыншыл қарап, орынды да тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Тағы басты бір әлеуметтік –психологиялық талап — шынайы қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Практика көрсеткендей барлық оқушыға, топқа, сыныпқа бірдей жарамды жан- жақты ойын түрі болмайды. Сондықтан ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық, ізденгіштік талап етеді. Оқу ойындарының түрлерінің сан алуандылығы оларды сабақтың әр кезеңдерінде, әр түрлі тақырыптарда жүргізуге болатындығын көрсетеді.
6. Биологиядан оқу жұмысын ұйымдастыру. Биология сабақтарының түрлері.
1. Биологияны окыту формалары жүйесіне жалпы сипаттама.
2. Биология сабактарында оку-тәрбие жұмыстарын ұйымдастару түрлері.
3. Биология және экология сабактары.
4. Зертханалык және танымжорык сабактар.
Окыту — оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде оны менгеру және таным әрекетінің тәсілдерін меңгеру максатындағы оқушы мен мұғалім арасындағы карым-қатынас үрдісі. Окыту үрдісін жүзеге асыру үшін, оны ұйымдастыру керек.
Окушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.
Белгілі — дәрежедегі білім жүйесі мен біліктілікті игеру, окушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Биологияны окыту әдістемесінде көп түрлі формалар калыптасқан: сабақтар және онымен байланысты міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық немесе үйірмелік және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, оқытудың негізгі формасы — сабақ тұрады.
Биологияны оқытудың теориясы мен практикасында оқушылар еңбегімен байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формаларының әр түрлерінің қажеттілігі негізделген уақытка дейін сыныптағы сабақ — оқу жұмысын ұйымдастырудың формасы, өйткені пәндерден берілетін материалдардың көбі осы сабақтар түрінде өтеді.
Оқу жұмысын ұйымдастыру тарихына көз жіберсек әртүрлі бағытта жасалынған оқу жүйелерін атап өтуге болады. Мысалы, жеке топтар (орта ғасырдағы мектептерде), өзара оқыту (Англиядағы белланкастер жүйесі), оқушының дарындылық қабілеттілігіне байланысты саралап оқыту (мангейм жүйесі), бригадалы оқыту жүйесі ( Кеңес мектебінде 20 жылдары), америкалық «Трампа жоспары» бойынша уакыттың 40% үлкен топтарда (100-150 астам өткізсе, 20% — топтарда (10-15 оқушы) және 40% уақытын өз бетімен оқуға дайындалуға жұмсаған.
Қазіргі кезде біздің елімізде де көп таралып жүрген оқыту формасы ‑ сыныптағы өткізілетін сабақ. Бұл ХҮІІ ғасырдан басталып келеді. Оның алғашқы жобасын сызып берген неміс педагогы И. Штрум болса, әрі қарай теориялық негізге салып қалыптастырып жасаған және іс жүзінде қолдану технологиясын жасаған Я.А. Коменский. Сыныпта өткізілетін сабақты ұйымдастыру формасының өзіне тән ерекшеліктері бар:
— сыныптағы оқушылардың құрамы тұракты, жас ерекшеліктері бірдей, бір деңгейлі дайындықтары бар;
— әрбір сынып өзіне арналып дайындалынған оқу жоспарымен істейді;
— оқу процессі жеке-жеке, бір-бірімен өз‑ара байланыста жүретін сабақтардың оқу барысы белгілі ретпен бірінен кейін бірі ауысып отыратын үрдіс;
— сабақты бастаудағы басты фигура оқытушы.
Оқушылардың танымдылык қызығушылығын арттыру ‑ әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жүреді; сондықтан сабақ жүргізудің осындай формасы ең негізгі деп есептеледі. Қазіргі кезде мектепте бұдан басқа да көмекші формалары қолданылып келеді, мысалы, сыныптан тыс, сабактан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, консультация, косымша сабақ, факультативтер, экскурсия, мектеп участкесіндегі жұмыстар, шеберханадағы жұмыстар, табиғат бұрышындағы жұмыстар т.б..
Оқу жүйесін ұйымдастыру формасының ең басты түрі сыныпта өткізілетін сабақ болып есептеледі.
Сабақ — оку процессіндегі ұйымдастыруы, белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін жеке элементтерден, кезеңдерден тұратын толық қалыптасып өткізілетін процесс деп айтуға болады. Бұл оқу процессіндегі өте күрделі де, жауапты кезеңдердің бірі. Қысқа түрде жаксы, сапалы сабак берудің басты талаптары мынаған сай болу керек:
1. Сабақты оқу-тәрбие процессінің негізгі зандылыктарына сүйене отырып құрастырып, ғылымның, педагогикалық
практиканың алдыңғы жетістіктерін пайдалана отырып дайындау.
2.Сабақ барысында дидактикалык принциптер мен ережелердің өзара қатынастарын толык пайдалана отырып іске асыруды қамтамасыз ету.
3. Оқушылардың танымдылық қызығушылық жақтарын есепке ала отырып, оған қолайлы жағдайлар жасау.
4. Пәнаралық байланыстардың артықшылығын белгілеу анықтау арқылы оқушылардың көзкарасын ұғындыру, жетілдіру.
5. Бұрынғы алған білімдерін, шеберлігіне сүйене отырып оқушылардың деңгейін жоғарылату.
6. Практикалық білім шеберлігін қалыптастыру және ойлау және іс әрекетін орындауға дағдыландыру.
7. Әрбір сабақты ұқыпты жоспарлау, болжап, саралап,
бакылап отырып дұрыс баскару.
Әрбір сабаққа қойылатын мақсат ‑ білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Сабаққа қойылатын жалпы талаптарды есепке ала отырып дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылык жақтарын нақтылаған жөн.
Сабақ оқыту үрдісінің негізгі формасы ретінде білім беру, төрбиелеу жөне дамытушы міндеттерді шешеді. Сабақ, оны құру және өткізу әдістері биологияны оқытудың ең басты проблемасы. Сондыктан сабақта негізгі биологиялык және экологиялык білім жүйесі мен біліктілікті игеру қажет. Шамаман біркелкі, сыныптағы оқушылар ұжымымен – биологияның бағдарламасы бойынша, тұрақты сабақ кестесімен және мектеп бөлмесінде ұстаздың оқу-тәрбие шарасын ұйымдастырудағы жұмысы.
Биология сабақтары «ашык аспан астында» — мектеп жанындағы оку-тәрбие алаңында, мектеп айналасында немесе өлкетану және табиғат мұражайларында өтуі де мүмкін.
Әрбір сабақ окушылардың білім, білік игеруі, дүниетанымдары мен ойларынын дамуын, тұлғалық сапалары мен сезімдерінің тәрбиеленуі, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі және қоршаған шындықка деген қатынас калыптастыратын тұтас әрі күрделі жүйе болып табылады.
Басты мәселе сабақтың міндеттерін анык кұрып оның сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау, бағдарлама талаптарына сай оқу-таным міндеттерін ескере отырып мазмұн мен әдістерді дұрыс таңдау, окушылардың таным белсенділігін камтамасыз ету. Әрбір сабак әртүрлі тәрбиелік міндеттерді шешу мүмкіндігі тұрғысынан ойланылады. Сабактың сапасына қойылатын басты талап — оқушылардың осы пәндерге кызығушылығын дамытуға үлес косу, шығармашылық белсенділігін дамыту. Сабактың пәрменділігі оның барлык элементтерінің анықтығы мен үйлесімділігіне байланысты. Сабақка оқу материалының мазмұнын таңдап алу кезінде окушыларға берілетін оқу жүктемесін реттеу кажет, жетекші ой‑пікірлерді бөліп соның негізінде оқушылар кабылдайтын ұғымдардың ашылу көлемімен тереңдігін аныктау және негізгі мазмұнды нактылауға пайдаланылатын косымша материал ескерілуі керек.
Биология сабактарының құрылымы мен типтері. Биолог-әдістемешілер сабақты бірнеше кезеңде бөліп көрсетеді:
— жаңа білімді оқып игеру;
— оларды бекіту мен тексеру;
— үй тапсырмасын ұйымдастыру.
Сабак типтері. Теориялык жағдайлар мен дидактикалык принциптер және практикасы тұрғысынан келсек биологиядан сабақтың мынадай түрін бөліп қарауға болады:
— жаңа материалды оқып үйрену;
— білімді бекіту сабағы;
‑талдап корыту және білімді жүйелеу мен оны колдану;
— аралас немесе құрастырылған.
1. Жана материалды окып үйрену сабағы — барлық дидактикалық кызметтерді сәйкестендірген сабақ, онда сабакка кіріспе; білім мен біліктілікті ескеру; бұрын оқылғанды қайталау; білімді бекіту жүргізіледі. Қайсыбір кызметінің басым болуына байланысты сабақтың осы бір типіне әртүрлі сабақ түрлері жатады: лекция, зертханалық жұмыс.
2. Білімді бекіту сабағы. Осы сабақтағы дидактикалык мақсат – игерілген білімді екінші рет бекіту және оларды колдана алу біліктілігіне төселдіру.
Осы типке мынадай сабақ түрлері жатады: зертханалық сабак, танымжорық, пікірлесу, консультация.
3. Талдап корыту және білімді жүйелеу мен оны колдану сабағы. Бұл сабактағы дидактикалык мақсат — тұжырымдап жүйелеу аркылы білімді біртұтас жүйеге айналдыру. Мынадай түрдегі сабақтар осы типке жатады: семинар, конференция, дөңгелек үстел, пресс-конференция т.б.
4.Аралас немесе құрастырылган сабак. Айтып өткен үш типтің ерекшеліктерінің барлығы аралас немесе құрастырылган сабақта кездеседі. Осы сабақтың типі қазір көпшілік мектептерде тек биология сабақтарында ғана емес баска да пәндерді окытуда кен таралған.
Тақырыптык жоспар. Такырыптық жоспар алдын ала құратын ауқымды жоспар ол бағдарламаға, типтік оку жоспарына сәйкес кұрылады. Жоспарда сабақтардың тақырыптары аныкталып, олар белгілі логикалык ретпен бөлініп, олардын жобамен өту мерзімі (дата) көрсетіледі. Әрбір сабақта үй жұмысы белгіленеді. Көпшілік жағдайда такырыптық жоспар сызбанұскада жасалады.
Дәстүрлі емес сабақтар. Дидактакалық талаптарға сай орындалатын дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.