Жәндіктердің мекен
ету орны
Жәндіктер, негізінен, құрлықта тіршілік етеді. Әсіресе тропиктік белдеуде жәндіктер көп. Алайда Арктика
мен Антарктиданың полярлы зоналарында да полярлы
жазғы маусымда жәндіктерді кездестіруге болады. Биік
тауларда да, сусыз құрғақ
шөлдерде де жәндіктер бар.
Мәселен, Оңтүстік Африканың ешқандай өсімдік өспейтін Намиб шөлінде қоңыздың бір түрі тіршілік етеді.
Үңгірлерді өзінің үйіне ай —
налдырған жәндіктер де жет —
кілікті. Қанатты жәндіктер
ауа кеңістігін де бағындырған. Судағы еріген оттегімен
тыныс алуға қабілетті жәндіктер су астында да тіршілік
ете алады.