Жәндіктер

Жәндіктер
Жәндіктердің қазба қалдықтары Девон кезеңінен белгілі. Жер ша￾рында кең тараған 1 миллиондай түрі анықталған (барлығы 1,5
– 2 млн. түрі болуы мүмкін). Жәндіктердің ең басты ерекшелігі –
денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Ауыз құрылы￾сы қоректену әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар, дәуіттер,
қоңыздардың аузы – кеміруге, көбелектер, шыбындардың аузы –
сұйық қоректі соруға, өсімдіктердің шырынымен және адамның,
жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген.
Жәндіктердің кейбір түрінде ауыз бол￾майды (бөгелек, біркүндіктер). Жән￾діктердің жүруге, жүгіруге (тарақан,
қоңыздарда, т.б.), секіруге (шегіртке,
шекшек, бүргелер), жүзуге (жүзгіш
қоңыздар, т.б.), қазуға (бұзаубас, т.б.),
жемін ұстауға (дәуіт, т.б.), гүл тозаңын
жинауға (бал арасы) бейімделген аяқ￾тары болады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *