Якобсон Павел Максимович (1902–2009) – орыс ғалымы, психология ғылымдарының докторы. 1922 ж. Мәскеу университетінің психология – философия бөлімін бітірген. 1942 ж. ММУ – ды, 1994 ж. Психология институтында қызмет атқарған. Ол Ресей психологтарының өкілі. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстары негізгі үш бағытта өріс алды. Олар – өнер психологиясы, техникалық ойлау мен шығармашылық және адамның эмоциялық сезім дүниесінің мәселелері. Негізгі еңбектері: «Процесс творческой работы изобретателей» (1934), «Психология сценических чувств актера» (1936), «Эмоциональная жизнь школьника» (1966) т.б.