Юнг Карл Густав (1875–1961)

Юнг Карл Густав (1875–1961) – атақты швейцарлық психолог, философ, психиатр, психоанализ «аналитикалық психология» бағытының өкілі. Юнг түстің символон ұсынды. Юнг мінез типологиясын қарастырады, онда субьектінің бағыты ішкі және сыртқы әлемге бғытталған (экстроверсия, интроверсия) және нақты психикалық функция, жоғарыда түр (эмоция, ойлау қабілеті, сезім, интуиция). Негізгі еңбектері: «Либидо метаморфоздары мен символдары» (1912-1952жылдан «Өзгеріс символдары»),
«Психологиялық типтер» (1921); «Мен және санасыздық арасындағы қатынастар» (1928). Сондай-ақ швейцар ғалымы, З.Фрейдтің бұрынғы шәкірті Карл Густав Юнгтің теориясы өте атақты, өзі кейін меншікті адам психикасы жайлы идеялар жүйесін жасады. Адам үшін барлық қоршағандар оның тәжірибесінде беріледі. Сондықтанда К.Юнгтің ойынша ең адал идеялар субъективті болып табылады.
Юнг пікірінше, бейсаналық алдыңғы ұрпақтың психикалық тәжірибесінде беріледі, мінез-құлық типтері, эмоциялық реакциялар, жасанды фантазия бейнелері, түс көрудің қосындылары деп анықтады.
Юнгтің екінші бір басты идеясы ол бүтіндік идеясы. Ол интуиция бүтіндігі болды, Жан автономды фактор, онда бейсаналық санамен қатар амалсыз өмір сүреді деп санады. Жан өзінің заңдылықтарына ие, психикалық бүтіндік ол бейсаналық пен сана. Бейсаналық табиғи, автоматты мақсатқа сәйкес процесс, ол жанның бүтіндігі үшін қолданылады.
Юнг салыстырмалы әдісті пайдалана отырып тарих, мифология, дін оқиғаларын салыстырып олардан фантазиялар мен түс көрудің архетиптерін іздеді («Психология жэне алхимия» т.б.). Фрейд сияқты Юнгта түс көруге көп кеңіл бөлді. Оларды перспективті және

ретроспективті мазмұндары бойынша көрді, «үлкен түстер» дегенді бөліп көрсетті, онда көптеген архетипті бейнелер болады деп санады.
Тұлғаның аналитикалық теориясы классикалық психоталдауға ұқсас, негізі бір, өйткені бұл бағыттың өкілдерінің көбі Фрейдтің шәкірттері ішіндегі ең көрнектісі – швейцар зерттеушісі К.Юнг. Юнг
–психологиядағы неофрейдизм өкілдерінің бірі. Аналитикалық психолгиядағы адам санасындағы архетиптерді және ұжымдық бейсаналылық мәселесін қарастырған психиатр Карл Юнг алғашында Фрейд теориясының әсеріне қатты берілді. Юнгтің теориясы психоаналитикалық деп саналсада ол Фрейдтің теориясынан өзіндік ерекшелігі бар. Юнгтің теориясында адамға деген көзқараста каузарлылық (индивидуалды және нәсілдік тарих) пен телология (мақсат пен ұмтылулар) үндескен және тұлғаның нәсілдік, филогенетикалық негізіне көбірек көңіл бөледі. Юнгтың ойынша, тұлға дамуының қайнар көзі – психологиялық туа бітетін факторлар. Адам ата-анасынан тұқым қуалаушылық бойынша берілетін дайын бастапқы идеялардың (архетиптердің) мұрагері. Тұлға дамуының негізгі элементтері сол адамның жүзеге асырылған жеке қасиеттері болмақ. Бұл қасиеттер адамның мінез-құлық ерекшеліктері деп аталады
Аналитикалық модельде тұлғаның үш негізгі саласы бөлініп қаралады:
1. Ұжымдық санадан тыс – адам психикасынан мұраға алынған архетиптер ретінде көрініс беретін адамзаттың барлық мәдени-тарихи тәжірибесі шоғырланған негізгі тұлғалық құрылым.
2. Жеке-даралық санадан тыс – санадан ығыстырылып шығарылған кешендер немесе эмоциялық тұрпаттағы ойлар мен сезімдердің жиынтығы. Мысалға, «билік кешенін» алуға болады, мұнда адам өзінің барлық психикалық энергиясын өзі соны түйсінбегенмен, билікке жету мақсатында жұмсайды.
3. Жеке саналы – өзіндік сананың негізі болатын құрылым, саналы түйсінуге, саналы іс-әрекетті орындауға мүмкіндік беретін естеліктер мен сезінулер, ойлар мен сезімдер.
Тұлғаның тұтастығы «өзім» архетипі арқылы жүзеге асырылады. Бұл архетиптің негізгі мақсаты – адамды дара ету, ұжымдық санадан тыс саладан шығару. Бұл архетип адамның бойындағы бар нәрсені біріктіреді, ұйымдастырады, үйлестіреді, бағыттайды, әр адамның өмірін басқаларға ұқсамайтындай етеді. Бұндай біріктірудің екі тәсілі бар:

— экстраверсия – туа біткен архетиптерді сыртқы ақпаратпен (обьектіге бағытталған) толықтыру;
— интроверсия – ішкі жан-дүниеге, өз сезімдеріне мән беру (субъектіге бағытталған).
Әр адамның ішінде экстраверт те, интроверт те болуы мүмкін. Сонымен қатар, Юнг ақпарат өңдеудің мына төрт түрін бөліп қарастырады: ойлау, сезу, сезіну, түйсіну. Осыған байланысты Юнг еңбектерінде тұлғаның сегіз түрі белгілі. Соның екеуін қарастырып кетейік:
1. Ойшыл экстраверт – сыртқы ортаны тануға құштар, практикаға бейім, нақты деректерді алуға ұмтылады, логикалы ойлауы жақсы дамыған, шығармашылық қызметке бейім.
2. Ойшыл интроверт – өз идеяларын түсінуге көп ойлап, көп пайымдайды, философиялық мәселелерді зерттеуге құмар, өмірінің мәнді болғанын қалайды, адамдардың ортасында болғанды көп қаламайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *