Юм Давид (1771–1776)

Юм Давид (1771–1776) – эмпирикалық психологияның белгілі ғалымдарының бірі ағылшын философы және психологы, ассоциациялық эмпириялық психологияның негізін салған. Кейіннен психологияның бұл ағымын Милл, Спенсер және т.б. әрі қарай дамытты.
Юм адамның өте күрделі диалектикалық жолмен дамитын санасын механистік жай элементтерге, түйсіктерге және олардың көшірмесін елестетулерге бөлді. Оның ұғымынша, адамның күрделі психикалық әрекеттері, қылығы осы элементтердің жай қосындысынан ғана, елестердің бір–бірімен жай байланысуынан (ассоциациясынан) ғана құралады.
«Объективті дүние бар ма, жоқ па деген мәселені шешіп болмайды, дүниедегі заттардың қандай екенін білу түгіл олардың барын да, жоғын да білмейміз» деген пікір айтады. Юмның айтуынша, дүниедегі себептік байланыстар жаратылыстың заңы емес, оған жаратылыста да, адамның елестетулерінде де негіз жоқ, дүниедегі құбылыстардың бірінен кейін бірі болуын байқаудан

туатын субъективтік әдет. Адамның санасында тек қана психикалық әрекеттердің ағымы бар. Ғылымның мақсаты жаратылыстың заңдарын ашу емес, тек қана жаратылыстың құбылыстарын және сананың психикалық әрекеттерін сипаттау. Адамның тұрмысы, тәжірибесі Юмның агностицизмінің және субъективтік көзқарастарының қате екенін көрсетеді. Адам баласы жаратылысқа әсер етіп және оны өздігінше өзгертіп, дүниенің адамға тәуелсіз, дербес, объективтік түрде өзгеретіндігін және оны адамның тани алатындығын байқатты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *