Эриксон Эрик Хомбургер (1902-1994)

Эриксон Эрик Хомбургер (1902-1994) – американдық психолог, эго-психологияның негізін қалаушылардың бірі. Психоаналитикалық тұжырымдаманы психикасының әлеуметтік-мәдени-тарихи туралы идеяларымен толықтырды. Психикалық дамуды кезеңдерге бөлудің ерекше нұсқасының авторы.
Қазіргі батыс психологиясындағы психоаналитикалық мағынадағы ең танымал теория Э.Эриксонның тұлға дамуының эпигенетикалық теориясы болып табылады.
Э.Эриксонның теориясындағы негізгісі «барабарлық пен тұтастықты субъективті… сезіну» ретінде анықталатын «сәйкестік» ұғымы болып табылады. Сәйкестік – өзінің меңгерілген және субъективті тұрғыдан қабылданатын бейнесін, тұлғаның өз «Менін» тұрақты меңгеруі мен адекватты сезімін, тұлға дамуының әр сатысында туындайтын міндеттерді сындарлы түрде шешуге қабілеттілігін қамтитын адамның өз-өзіне теңестірілуі. Сәйкестік дегеніміз – үздіксіз өз-өзіне субъективті сезімі, әр түрлі өмірлік жағдайларда әрекет ете отырып, адам өзін өзгермейтін (өзінің

маңызды көріністерінде) етіп сезінетін жағдай. Өзіне сәйкестікте индивид өзінің сол күйінде қалатындығын өз мақсаттарының, ниеттері мен түсініктерінің сабақтастығы бар екендігін сезінеді.
Тұлға ұқсастығының қалыптасуы адамның бүкіл өмірі бойында жалғасады және бірқатар сатылардан өтеді. Э.Эриксонның сәйкестіктің дамуының сегіз сатысын бөліп көрсетеді, олардың әрқайсысында адам дамуының жас ерекшеліктік және ситуативтік міндеттерін шешудің екі баламалы кезеңінің арасында таңдау жасайды.
Э.Эриксонның жасап шығарған онтогенездегі дамудың кезеңдерге бөлінуі эпигенетикалық деген атауға ие. Кезеңдерге бөліну дегеніміз – бір мезгілде барлық жаста қатар жүретін эпигенетикалық ансамбль деп пайымдаған.
Бірінші сатыда – нәрестелік шақта (0–1-1,5 жас) – қоршаған ортаға базалық сенімнің қалыптасу міндеті шешіледі («Мен әлемге сене аламын ба?»). Нәрестенің негізгі қажеттіліктері қанағаттандырылған жағдайда бірінші базалық қасиет – үміт туындайды.
Екінші саты – ерте балалық шақ (1,5–4 жас). Бұл сатыда бала қалыптасу және өз дербестігі мен тәуелсіздігін қорғау міндетін шешеді («Мен өз мінез-құлқымды басқара аламын ба?»). Дербестік пен ұяттың (күмәнның) қарама-қарсылығынан жаңа қасиет – ерік- жігер туындайды.
Үшінші саты – балалық шақ (4–6 жас). Бұл сатыда бастама мен кінә сезімінің арасындағы балама шешіледі («Мен ата-анамнан тәуелсіз болып, өз мүмкіндіктерімнің шектерін зерттей аламын ба?»). Бұл сатының интегралдық қасиеті деп Э.Эриксон мақсаттылықты атаған.
Төртінші саты – мектеп жасы (6–11 жас). Бұл сатының негізгі сұрағы «Мен әлемде бейімделіп, өмір сүре алатындай икемді бола аламын ба?». Бұл сатыда еңбексүйгіштіктің және еңбек құралдарымен жұмыс істей білу шеберлігінің қалыптасуы жүреді. Осы сатының негізгі оң жетістігі – ептілік, біліктілік.
Бесінші саты – жеткіншектік жас (11-20 жас) – индивидтің алдына өзін және әлемдегі өзінің орнын алғаш толық сезіну міндетін қояды; осы міндеттің шешілуіндегі жағымсыз плюс – өз Менін түсінудегі сенімсіздік («сәйкестіктің сіңісуі», «шатасқан сәйкестік»). Сол кезде әлемге деген әлеуметтік сенім, дербестік, бастамашылдық,

меңгерілген шеберліктер адалдықта толық көрсетілетін тұлғаның жаңа тұтастығын құрайды.
Алтыншы саты – жастық шақ (21-25 жас) – қалыптасқан сәйкестіктің негізінде ересек адамдар міндеттерін шешуге көшуді білдіреді. Олардың ішіндегі негізгілері – өмірлік серігін іздеу, өзгелермен тығыз ынтымақтастықты қалау, өз әлеуметтік тобының мүшелерімен жақын достық байланыстарға ұмтылу («Мен өзімді толығымен өзге адамның қолына бере аламын ба?»). Осы сатының негізгі жетістігі – махаббат.
Жетінші саты – кемел шақ (25–50-60 жас). Адам өмірінің бұл кезеңі дамуға қабілеттілік пен тұлғалық тоқырау, кәдімгі өмірлік үдерісті баяу регресс арасындағы қарама-қайшылықты шешумен байланысты («Мен болашақ ұрпақтарға нені ұсына аламын?»). Қамқорлық – осы сатыда жасап шығарылатын басты қасиет.
Өмірлік жолдың сегізінші сатысы – кәрілік шақ (60 жастан жоғары) сәйкестіктің жана нысанына қол жеткізумен сипатталады. Адам өзіне «Мен өзімнің өмір сүрген өміріме ырзамын ба?» деген сұраққа жауап беруі тиіс. Дамудың бұл сатысында ақыл-ой кемелдігінен бастап білімдердің жинақталуына дейінгі көптеген реңктегі мәндерді, мұқият ойластырылған пікірлері мен барлығын қамтитын, терең түсінгі бар даналық пайда болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *