Эльконин Даниил Борисович (1804–1884) – заманымыздың атақты психологы, психологияның Моцарты атанған Л.С.Выготскийдің шәкірттерінің бірі. Ол даму, жас ерекшелік, педагогикалық психология саласында елеулі із қалдырған кеңес психологы. Эльконин әсіресе баланың (нәресте, бөбек, сәби, жасөспірім) психологиялық дамуының ғылыми жаңа концепциясын жасаушы. Оның осы саладағы еңбектері бірнеше том болып жарыққа шығып біразы шетел тілдеріне аударылды. Бұлардың жиынтығы 1960 жылы Мәскеудің «Педагогика» атты баспасынан «Балалар психологиясы» деген көлемді оқулықта жинақталған.