Штерн Уиильям Лью́ ис (1871-1938)

Штерн Уиильям Лью́ ис (1871-1938) – неміс психологы. Негізгі тұтас тұлғаны және оның қалыптасу заңдылықтарын зеттеуде тұлғалану теориясын зерттеген.
В.Штерннің еңбектерінде психикалық дамуды түсіндіруге эволюциялық-биологиялық көзқарас екі фактор және олардың конвергенциясы (жақындастырылуы) теориясы түрінде бой көрсетеді. В.Штерн бойынша, бала дүниеге келген сәтінде-ақ белгілі бір органикалық бейімділік белгілері – түйсігі, туа біткен құштарлықтары болатын ағза. Бұл ішкі ерекшеліктер психикалық дамудың бірінші факторын құрайды.Екінші факторды табиғи және қоғамдық қоршаған ортаның әсерлері құрайды. Баланың психикалық дамуы ішкі белгілердің сыртқы жағдайлармен жақындасуының (ықпалдастығының) нәтижесі болып табылады.
В.Штерн психикалық дамудағы сензитивті кезеңдерді сыртқы әсерлерді, соның ішінде мақсатты түрде: мысалы, тілге, музыкаға дене іс-әрекеттеріне және т.б үйрету үшін ұйымдастырылатындарын нәтижелі меңгеруге іштей дайындық ретінде есепке алу қажеттігін атап көрсеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *