Штейталь Хейман (1823–1889) – халық психологиясы деп аталатын ілімінің негізін салушылардың бірі. Ол «Халықтар психологиясы және тіл білімі» атты журнал шығарады. Психологияға
«халық рухы» деген ұғым енгізіп, этнопсихология ғылымының ілкі бастауы – халықтық педагогиканы ғылыми айналымға түсіруге Лацарус, В.Вундтпен бірге белсенділік танытқан ғалым. Бұлардың пікірінше, халық психологиясының құрамдас бөлігіне кіретін сол халықтың тілі, діні, мәдениеті, әдебиеті, мифтері мен аңыздары, фольклоры. Эстетикалық ерекшеліктеріне кіретіні бұлардың эмпирикалық, ұжымдық түсініктердің жиынтығы ретінде көрініс беріп отырады.