Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560жж)

Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560жж) – сол қоғамдағы қазақ халқында жиі кездесетін ағайынгершілік пен туыстар арасындағы қарым-қатынас дәстүрлерін, сондай-ақ, ағайын арасындағы жағымды, жағымсыз тұстарын да таразылай отырып, салыстырмалы түрде сипаттайды. Жақсылықтың болған жерінде күндеу мен қызғаныштың міндетті түрде болатындығын өзгелерден емес, ағайындар арасынан да күтуге болатынын «Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса, Қоңқалаған көп жаман, сол жақсыны көре алмас. Қиын қыстау кез келсе, Бағанағы жақсысын, қос арғымағын қолға алып, күнінде іздесе де таба алмас»,- деп сипаттайды. Мұндай сын ескертпелер бүгінгі күні де қазақ қоғамында өзекті мәселелер қатарынан түскен емес. Олай болса, отбасы тәрбиесі жағдайында баланы жастайынан кеңпейілділік пен жан тазалығын қалыптастыру атадан мұра болып келе жатқан тәлімдік өсиет екенін ұмытпаған жөн. Мұндай ойлар тіптен әріден бастау алады. Нақтырақ айтқанда орта ғасырда өмір сүрген түркі ғұламалары көзқарасында кездесетін ой пікірлер қазақ жырауларының көзқарастарында да кездесіп отырады. Ата- бабаларымыздан келе жатқан тұлғаның кемелділігін сипаттайтын қасиеттердің бірі ретінде оның сөз саптауы мен мінезіндегі ұстамдылығы еді. Осындай көзқарастар жыраулардың жырларынан да көрініп отырады. Мысалы Шалкиіз жырау адамды жақсылыққа, немесе араздыққа алып келетін қасиет бұл адам тілінен деп біледі. Ол туралы ойларын: Жапалақ ұшпас жасыл тау, жақсылардың өзі өлсе де сөзі сау. Ойлап тұрсам жаманның, жалаңдаған өз басына тілі жау. Дүбір-дүбір шу көрген, Түлкішек түлкің жетер басыңа-ай, Түлкідей құйрық тастаған, жаман пиғылың жетер басыңа-ай,- деген қатарлары арқылы береді. Жырау мұндай ойлары арқылы әсем сөз адамдар арасын жалғап, ынтымақтың, татулықтың нышаны болар құрал деп білсе, әсем сөйлеу де тәрбиесінің көркемдігінен хабар беретін қасиет екендігін ескертеді. Осындай көркем сөзді адамдармен қарым- қатынас жасаудың өзі тәлімдік ықпал ететінін айта отырып, тілінен у шашырап тұратын «жаман» адамдар қашан да ортасында керексіз, әрі жанжалдың көзі ретінде шеттеп жүретінін яғни қоғамда оларды жақсы қабылдай бермейтінін айтады. Бұл көзқарастар мен ойлар қоғамымыздың бүгінгі дамуында өте өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі, бүгінгі нарық заманында адамдардың рухани құндылықтарынан көрі материалдық байлықты қажет етіп отырған кезеңінде бұл жастар тәрбиесінде қолданылар және әрбір отбасында айтылып отыратын насихатқа айналмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *