Челпанов Георгий Иванович (1862–1936)

Челпанов Георгий Иванович (1862–1936) – орыс психологы, философ, Мәскеу психологиялық институтының негізін салушы (1912). Психологияда жан мен тәннің эмпиристік параллелизм теориясын ұсынды. Ол В.Вундтың психофизиологиялық параллелизм концепциясын басшылыққа алды. Орта мектептер үшін логика мен психология оқу құралдарын жарыққа шығарды. «Ми және жан» атты еңбегінде (1920) маркстік материалистік теорияны сынады. Ресейде тәжірибелік психологияға ерекше мән берген ғалым психикалық құбылыстарды танудың бірден-бір жолы – адамның өзін-өзі бақылауға алуына байланысты деп есептейді. Еңбектері:
«Тәжірибелік психологияға кіріспе» (1915), «Априорлық пен туабіттілік туралы ілімге байланысты кеңістік пен уақытты қабылдау проблемасы» (2 том, 1896, 1903), «Ми және жан», (1900),
«Тәжірибелік психологияға кіріспе» т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *