Холл Гренвилл Стенли (1846–1924)

Холл Гренвилл Стенли (1846–1924) – американдық психолог, педология мен американдық эксперименталдық психологияның негізін қалаушылардың бірі. Балалар психологиясы мен

педагогикалық психология бойынша еңбектердің авторы. Ол психологияда алғаш рет балаларды мұғалімдердің, мектеп оқушыларының, ата-аналардың арасында таратылатын сұрақ- жауаптардың (сауалнамалардың) көмегімен зерттеуді жүргізе бастады. Осындай тәсілмен алынған эмпирикалық мәліметтер статистикалық әдістердің көмегімен өңделді. Олардың негізінде әр түрлі жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы тұтас түсінік құрылды. 1893 жылы С.Холл «Балаларды зерттеуге арналған ұлттық одақты» құрды. 1891 жылдан бастап ол
«Педагогикалық семинар және генетикалық психология» журналын, 1895 жылдан бастап «Балалық шақты зерттеу бойынша айлықты» шығарды. С.Холлдың «Бозбалалық шақ» атты еңбегі кеңінен танымал болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *