АРХИПЕНКОВ  Владимир Трофимович

АРХИПЕНКОВ Владимир Трофимович (14 наурыз1936,Мәскеу облысыТула облысыДонской қаласы) —Қазақстанныңхалық артисті (1998). Владивосток драма театрының жанындағы студияны бітірген соң Абакан, Владивосток, Иркутск, Канск, Қарағанды, Мәскеу, Саратов драма театрларында жұмыс істеген.1966 жылдан бері Ақмола облысы орыс драма театрының артисі. Осында Давыдов (М.Шолоховтың “Көтерілген тыңында”), КассиоКапулетти (У.Шекспирдің “Отеллосы” мен “Ромео мен Джульеттасында”), Никита (Л.Толстойдың “Қараңғылық құрсауында”), Кузькин (В.Шукшиннің “Пысықайларында”), КулигинБольшов (А.Островскийдің “Найзағайы” мен “Банкротында”), Павел Демидов (А.Ивановтың “Күнәлі жердегі өмірінде”), Пилат (М.Булгаковтың “Шебер мен Маргаритасында”), Кетбұғы жырау (И.Оразбаевтың “Шыңғысханында”), Кемский (М.Горькийдің “Өтірік ақшасында”), Қарабай (Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян Сұлуында”), Құнанбай (М.Әуезовтің романы бойынша қойылған “Шындық іздеп шарқ ұрып” спектаклінде), Фирс (А.Чеховтың “Шие бағында”) рөлдері арқылы Қазақстан сахна өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. А.  “Халықтар достығы” орденімен марапатталған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *