Суфиев Елеш (1918–1980)

Суфиев Елеш (1918–1980). Қазіргі Батыс қазақстан облысының Фурманов ауданында туған. Е.Суфиев Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының химия биология факультетін бітірген (1937). Ол біраз жыл мектептерде мұғалімдік қызметте болады. 1946–80 жылдар арасында Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарында психологиядан сабақ береді. Өмірінің соңғы жылдары Қазақ қыздар педагогикалық институтында психология кафедрасының меңгерушісі болды.
Е.Суфиев психология саласында жазылған біраз еңбектердің авторы. Ол көп жылдар бойы қазақ шәкірттерінің орыс тілін меңгеруінің психологиялық негіздерін зерттеп келді. Оның 1952 жылы ҚазМУ–дің ғылыми кеңесінде қорғаған «Қазақ мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» атты диссертациясында қазақ балаларының орыс тілі сабағында ақыл–ойы мен ауызекі сөйлеуінің даму ерекшеліктері психологиялық тұрғыдан талдауға алынды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін кейбір орыс тіліндегі атауларға тоқталып, мұның табиғи ғылыми жағын И.П.Павловтың жоғары жүйке жүйесі қызметі туралы іліміне негіздей отырып түсіндіреді, оқушылардың кейбір психикалық функцияларын (қабылдау, зейін, ойлау, т.б.) дамыта түсу, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныс–кеңестер береді. Оның қаламынан психологияның әртүрлі тақырыптарында жазылған бірнеше еңбектер туындады. Олардың кейбірі: «Баланың дамуы және оның мектепке әзірленуі (1965), «Психология оқулығының қазақша аудармасы туралы» («Халық мұғалімі», 1950, №2), «Қазақ мектебінде орыс тілін оқытудың кейбір психологиялық мәселелері» (1967), т.б.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *