Селье Ганс (1907–1982) – канадалық биолог және дәрігер.
«Стресс, жалпы бейімделген синдром» атты еңбегімен танымал. Адамды экмперимент жүзінде зерттеп, экстремалды жағдайда адамда стресс болады және психологиялық стресс болатындығын сипаттаған. Стресс ілімі негізін қалаған Г.Селье «стресс — қандай да болмасын стресс туғызатын факторға байланысты ағзаның маманданып қалыптаспаған жауап беру реакциялары жиынтығы»-
деп анықтайды.
Селье ағза қызметінің шарықтау күйін стресс деп атады. Стрестің мұндай тиімді шаттандыру кезеңі ұзаққа бармайды. Аз ғана уақыттан соң ағза күйі төмендеп екінші, содан соң үшінші сатыға өтеді, яғни дисстресс басталады. Дистресс — көңіл-күйдің жағымсыз жағдайы. Дистресс адам денсаулығына әсер етеді. Адамның эмоционалды табиғатын түсіндіре отырып стресс психологиясын зерттеген алғашқы психологтардың бірі.