Рубинштейн Мойсей Матвеевич (1878–1953) – орыс ғалымы, психология ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1918 жылы Иркутскідегі Шығыс–Сібір университетінің тұңғыш ректоры. 1941- 1943 жылдары Красноярскідегі пединституттың психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі болған. Халқымыздың ұлы
ақыны М. Жұмабаев өзінің 1922 жылы жазылған «Педагогика» атты еңбегінде осы орыс ғалымының «Педагогикалық психология» очеркіне (көлемі 500 беттей), ерекше мән беріп, мұның негізгі қағидаларын қазақ жанымен қалайша орайластырғандығын атап өтеді. М.М.Рубинштейннің негізгі еңбектері: «Очерки педагогической психологии (М., 1920), «Психология и педгогика и гигиена ранней юности» (М., 1926), «Воспитание читательских интересов., (1950) т.б. Л.И.Божович теориялық талдаудың негізінде, тұлғаның толық құрылымы оның бағыттылығымен анықталады,- деген болжам ұсынды.