Рубинштейн Сергей Леонидович (1889–1960) – кеңес психологы және философы. Оның көптеген зерттеулері қабылдау, ойлау, т.б мәселесіне арналған. «Основы общей психологии» еңбегінің озық жүйесінің авторы. Мәскеудегі М.В.Ломоносов атындағы университетте психология бөлімі мен тұңғыш кафедраны (1942) және КСРО Ғылым академиясында психология секторын ұйымдастырды. Ол жалпы, әлеуметтік, тарихи психологиядан көптеген теориялық еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: «Жалпы психология негіздері» (1940), «Болмыс және сана» (1957), «Ойлау және оның дамуы туралы» (1958), «Психологияның даму жолдары мен принциптері» (1959) т.б.
С.Л. Рубинштейн ғылыми еңбектерінің түрлі кезеңдерінде тұлға бағытын талдап, оны әдіснамалық ұстаныммен байланыстырған: бірінші кезең — сана мен іс-әрекеттің бірлік негізіне, екінші кезең– детерминизм қағидасына, ал үшіншісі — философиялық талдауға байланысты. Сонда, С.Л.Рубинштейн еңбектерінде бірінші кезеңде тұлғаның дамуы мен пайда болуы, ал екіншісінде тұлғаның белсенділігі туралы айтылады. Бірінші кезең дамуында іс-әрекеттің рөліне, ал екіншісінде тұлғаның өзінің рөліне, оның белсенділігіне ерекше көңіл бөлінеді. Тұлға іс-әрекет барысында дамиды. Ол тұлғаға сәйкес даму ұстанымын зерттей отырып, қабілеттілікке талдау жасайды. Адам тіршілік әрекеті кезінде меңгеру ғана емес, сонымен қатар жаңадан жасауға негізделген шығармашылық та пайда болады. Автордың айтуы бойынша, адамның сыртқы ортаға көзқарасы дағдыға айнала бастаған кезде тұрақты сипатына және мінез қасиетіне ауысады. С.Л.Рубинштейннің әдіснамалық ұстанымынан бірнеше нәтижелер келіп шығады :
— әр тұлғаның белсенділігі олардың іс-әрекетіне түрліше қатысты болады.
— әрбір тұлға өздерінің іс-әрекеттерін әр шамада жүзеге асырады.