Пиаже Жан (1896-1980)

Пиаже Жан (1896-1980) – швейцариялық психолог. Психиканың сатылық даму тұжырымдамасын ұсынған. Бала психикасының дамуын және оның іс-әрекеттерінің (амалдарының) трансформациясы ретінде сипаттауға мүмкіндік беретін ерекше логикалық жүйені құрған. Психологиядағы ерекше бағыт-генетикалық эпистемологияны зерттеген.
Швейцариялық ғалым Ж.Пиаже қазіргі заманның көрнекті психологы болып табылады; оның баланың танымдық іс-әрекетінің дамуы туралы ілімі қазіргі шетелдік психологияның ең маңызды құбылыстарының бірі ретінде бағаланады. Ж.Пиаже құрған Женева генетикалық психология мектебі зияттың шығу тегі мен оның даму сатыларын, бала ойнауының ерекшеліктерін, баланың бойында қоршаған орта туралы базалық түсініктердің (нысан, кеңістік, уақыт, салмақ, себептілік және т.б. түсініктерінің) қалыптасуын зерттейді.
Бала ойнауының дамуы теориясын Ж.Пиаже биология мен логика негізінде құрған. Ол баланың танымдық іс-әрекетінің дамуын органикалық өмірдің дамуының жалпы заңдары тұрғысынан қарастырған. Бала зиятының дамуын анықтайтын негізгі үдерістер ретінде Ж.Пиаже бейімделуді, ассимиляцияны, аккомадацияны және теңгеруді бөліп көрсеткен.
Ж.Пиаже тұжырымдамасындағы аса маңызды ұғым – «іс-әрекет үлгісі». Индивидтің жинақтаған бүкіл тәжірибесі іс-әрекет үлгілеріне қалыптастырылады. Іс-әрекет үлгісі дегеніміз – іс-әрекет әр түрлі жағдайларда қайта-қайта қайталанғанда ондағы сақталатын жалпылық (инварианттылық), ақыл-ой дамуының белгілі бір деңгейіндегі құрылымы, тақырыптық іс-әрекеттердің логикасын қайталайтын ойлау жүйесі немесе тұтастығы.
Ж.Пиаже түсініктері бойынша, интеллект дамуы сатыларының тәртібі белгілі бір жастарға сәйкес келеді, ол өзгермейді. Ересектер психикалық даму үдерісіне ықпал ете алады, бірақ оның логикасын өзгерте алмайды – оқыту дамудан кейін келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *