Павлов Иван Петрович (1849–1936)

Павлов Иван Петрович (1849–1936) – дүниежүзілік физиологтарының атақты өкілі, орыс психологы, академик. Нобель сыйлығының лауреаты (1904). Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметіндегі, адамның 2 сигналды жүйесін, жоғарғы жүйке жүйесінің қызметіннің типтерін бөліп көрсеткен. Павлов Сеченовтың психикалық қызметінің рефлекстік сипаты жөніндегі ілімін онан әрі дамытты, организмнің сыртқы ортамен өзара байланысының себебі ретіндегі рефлекстік жүйені түсіндіре келіп, мидың заңдылықтарын ашты. Психологияның физиологиямен байланысты заңдылықтарын сипаттап түсіндірген. Негізгі еңбектері: «Жануарлардың жоғарғы жүйке қызметін (мінез–құлық) обьективті зерттеудің 20 жылдық тәжірибесі», «Шартты рефлекс», «Ми жарты шарларының жұмысы жөніндегі лекциялар» т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *