Мясищев Владимир Никола́евич (1893–1973жж)

Мясищев Владимир Никола́евич (1893–1973жж) — кеңес кезеңіндегі психиатр және медициналық психолог, қарым– қатынастың және қабілет мәселелерін зерттеген, Ленинград
психотерапия мектебінің негізін қалаушы ғалым. Этностың кейбір бағытты ұстануын В.Н.Мясищев ұсынған субъект іс-әрекеті қатынастарының концепциясы негізінде де ұғынуға болады. Оның ерекшелігі мынада: психологиялық мағынада субъект қатынастары

оның әлеуметтік тәжірибесіне негізделетін, орта мен уақыттық байланыстармен анықталатын, саналы да белсенді түрде таңдалатын тұтастай алғандағы іс-қызметінен құралады.
Қатынастар психологиясы В.Н.Мясищевтің еңбектерінде дамытылды. Ол мына тезисті тұжырымдады: тұлғаның мәні оның болмысқа қатынасы болып табылады. Адамның дамыған психологиялық қатынасы ол әртүрлі жағы бар болмысы бар тұлғаның индивидуалды, таңдамалы, саналы байланыстарының тұтастай жүйесін көрсетеді. В.Н.Мясищевтің айтуынша психологиялык қатынастың құрамына үш компонент кіреді: танымдық (когнитивті), эмоциялық және ерік. Алайда бұл компоненттерді қатынастардың құрылымдық элементтері ретінде емес оны психологиялық талдаудың үш әртүрлі мағыналық ракурсы ретінде қарастырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *