Локк Джон (1632-1704)

Локк Джон (1632-1704) – эмпириялық философияның принциптерін, психология ғылымына енгізген ағылшынның ғалым. Психологияда метафизикалық, схоластикалық әдістерден нақты білімдерге көшу мәселесін қолға алған. Жанның мазмұндарының орнына сананың ақиқаттық сипаттарын зерттей бастады. Бұрынғы жан туралы ғылыми есебінде психологияның орнына сана құбылыстарын зерттейтін психология бой көтерді. Сөйтіп, XVIII ғасырдан бастап сананы зерттейтін «жансыз психология» ғылымы сахнаға шықты. Джон Локк эмпириялық психологияның, философияның теориялық негіздерін белгілерін белгіледі. Ол философия, психологиялық тұжырымдамасында сенсуалистік (сезімдік) көзқарасты дамытады. Бұл көзқарас бойынша жан нәсіл арқылы берілмейді. Адам туғанда оның жаны – табула расса (таза тақта) есебінде болады. Елестер сыртқы дүниеден келіп бірте–бірте сананы толтырады; елестердің бұлағы (негізі) – түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана пайда болады.
Локк «негізгі принципке білімдердің және идеялардың сезімді дүниеден пайда болуына» (Маркс пен Энгельс

шығармалары.3–том, 158 бет) толық түсінік берді. Бірақ сыртқы және ішкі тәжірибелерді ажыратуда Локк дуалистік философияның жолына түсті. Ол өзінің «сыртқы тәжірибесін» дәлелдеуге – материалист, «ішкі тәжірибесін» дәлелдеуде идеалист болып көрінеді. Оның ұғымынша, біз сыртқы тәжірибе арқылы ғана дүниедегі заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз сыртқы дүниеден еш бір мағлұмат ала алмаймыз.
Локктың айтуынша, біздің біліміміз заттар туралы білім емес, тек қана заттардың елестері туралы білім. Ақиқаттың, сыртқы дүниенің біздің санамызға сәуле түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір–бірімен келісімі. Бұл айтылғандардан Локктың сенсуализмі дуалистік философияға негізделгенін, оның «сыртқы тәжірибесі» материализмге, «ішкі тәжірибесі» идеализмге негізделгенін көруге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *