Эпилептоидты тип. Бұл типтің негізгі ерекшеліктері: көңіл- күйінде кек сақтау, қайғыру кезеңдері басым. Осы көңіл-күйге байланысты аффектілік мазасыздану, агрессиясын тежей алмау жағдайы болады. Жасөспірім кезеңде күшіне сену, конфликтіге жиі келуі, кек сақтағыштық, лидерлік, өшпенділік қасиеттер тән.