Леонтьев Алексей Николаевич (1903–1979)

Леонтьев Алексей Николаевич (1903–1979) – орыс психологы, Л.С. Выготскиймен бірлесіп тарихи–қоғам теориясын жарыққа шығарды. Оның эксперименталды теориялық мәселелері психиканың дамуына арналған, инженерлік психология және қабылдау психологиясы және ойлау мәселесімен айналысады. Жалпы психология кызметіннің теориясы алдынғы орынға қояды. Негізгі еңбектері: «Естің дамуы» (1931), «Қимыл–қозғалысты қалпына

келтіру» (1945), «Психика дамуының очеркі» (1947), «Іс–әрекет, сана, тұлға» (1975) т.б. 1920 ж адамның дамуындағы іс–әрекеттің (структурасы, мотивтері), әсіресе заттық іс–әрекеттің рөлін жан жақты әрі терең зерттеген ғалым.
А.Н.Леонтьев іс-әрекет ұғымының мотив ұғымымен байланыстылығын көрсетеді. Іс-әрекет мотивсіз болмайды.
«Мотивсіз» іс-әрекет болмайды. Әр түрлі іс-әрекетті салыстыра отырып, «ол адамның әрқашанда субьектінің белгілі бір қажеттілігіне жауап беретін ерекше іс-әрекетпен» айналысатынын айтады. Осы іс- әрекетті түрлі белгілері бойынша: формасы бойынша, жүзеге асыру тәсілдері, эмоционалдық шиеленісі, уақыт және кеңістік сипаты, физиологиялық механизмі т.б. бойынша ажыратуға болады. Алайда бір іс-әрекетті басқасынан ажыратудағы басшысы – олардың пәнінің айырмасы болып табылады. Себебі іс-әрекеттің пәні оның бағыттылығын анықтайды. А.Н.Леонтьев ұсынған терминология бойынша, іс-әрекет оның ақиқат мотиві болып табылады. Ол заттық немесе идеалды болуы мүмкін. Ең бастысы – оның артында қажеттілік тұрады және ол қашанда қандайда бір қажеттілікке жауап береді.
А.Н.Леонтьев адам іс-әрекетінің психологиялық құрамын талдай отырып, мынандай тұжырымға келеді: адам өмірін құрайтын іс-әрекетті талдау, біріншіден, мотивтер критерийі бойынша ерекше іс-әрекет, екіншіден, саналы мақсатқа бағындырылған әрекет процестері ең соңында нақты мақсаттарға жету жағдайларына тікелей тәуелді операциялар. Кез-келген операция әрекеттердің қайта құрылуының нәтижесі болып табылады.
А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, «ХХІ ғасыр – психология ғасыры». Оның ойларының негізгі түйіндері төмендегідей:
Бірінші тезис бойынша психология әлемінде болып жатқан құбылыстарды түсінген кезде ғана адам туралы ғылым бола алады.
Екінші тезис бойынша психологияның дамуы, жаңа психологиялық білімдердің туындауы болашақта жекеленген салалары бойынша емес, мәселелері бойынша зерттеледі.
Үшінші тезис бойынша А.Н. Леонтьев этика және психологияны жақындастырды.
Төртінші тезис тұлға психологиясын жүйелік және аксиологиялық психология деп түсінуге шақырады.
А.Н. Леонтьевтің бесінші тезисі психология мектебіне байланысты.

А.Н. Леонтьевтің бес тезисі, А.Г. Асмоловтың пікірінше, ХХІ ғасыр психологиясының бағдарламасы. Бұл бағдарламалар қоғамда жеке адаммен профилактикалық, диагностикалық, коррекциялық жұмыстарына бағытталған білімнің психологиялық қызметінің дамуына деген объективті қажеттілікті қалыптастырды. А.Н. Леонтьевтің және оның мектебінің зерттеулері адам психикасының қоғамдық тарихи табиғаты мәселесін және зерттеу әдістерін жасауға бағытталған. А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет және сана туралы ойлары психологиялық тұлға теориясының зерттеу негізі және психологиялық ой-пікірдің дамуына қосылған өзекті мәселе болып табылады, себебі ол психика мен психикалық құбылыстардың пайда болуы мен дамуын ғана емес, психологиялық зерттеудің болашақ бағдарламасын да анықтайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *