АРХИВТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕҢЕСІ

АРХИВТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕҢЕСІ — 1948 ж. ЮНЕСКО-ның бастамасымен құрылған ұйым. Кеңестің жоғарғы органы — Бас ассамблея. 4 жыл сайын архивтердің халықар. конгресі шақырылады. Бас ассамблея сессияларының аралығында А.х.к-нің міндетін Атқару к-ті атқарады. Оның құрамына президент, 2 вице-президент, Бас ассамблея сайлаған 14 мүше, Бас хатшы және оның орынбасары, қазына ұстаушы мен атқарушы директор кіреді. Атқару к-ті сессияларының арасында басшылықты А.х.к-нің бюросы жүзеге асырады. А.х.к-не архивтердің халықар. конгресін жүйелі шақырып отыру, архивтерді сақтау, кәсіби ақпараттар алмасу, арнаулы тех-ны жетілдіре түсу, барлық елдерде архив ісін дамытып, мамандар даярлау ісіне көмектесу міндеті жүктелген. А.х.к-нің басшы органдары Парижде орналасқан. Жылына 1 рет шығатын “Архивиум” журналы, бюллетені бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *