Ковалев Александр Григорьевич (1913-2004)

Ковалев Александр Григорьевич (1913-2004) – совет үкіметінің көрнекі педагогы және психологы. 50–шы жылдардың соңында әлеуметтік психология саласында теориялық және әдіснамалық жұмыстар қарқынды дамыды. «ЛГУ Хабаршысында» А.Г. Ковалевтің «Асоциалды психология» атты мақаласы жарық көргеннен бастап, әлеуметтік психология пәні, жүйесі, дәрежесі туралы пікірталастар басталды.

Ол тұлға құрылымын төмендегідей сипаттайды:
— темперамент (табиғи қасиеттердің құрылымы);
— бағыттылық (қажеттіліктер, қызығушылықтар және идеалдық жүйесі);
— қабілеттер (интеллект, еріктік, эмоциялық қасиеттер жүйесі)
К.К.Платонов тұлға құрылымында келесі деңгейлерді бөліп көрсетеді;
— әлеуметтік шартты ерекшеліктер (бағыттылық, адамгершілік сапалары);
— биологиялық шартты ерекшеліктер (темперамент, нышан, инстинк, қажеттіліктер);
— тәжірибе (білім, дағды, іскерлік, әдеттердің көлемі мен сапасы);
— әр түрлі психикалық процестердің индивидуалды ерекшеліктері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *