Келли Джордж Александер (1905–1967)

Келли Джордж Александер (1905–1967) – американдық психиатр және психологы. Когнитивтік психологиясын құрушы, тұлға теориясының авторы. Оның ойынша, адамның бұл өмірде білгісі келетіні – бұрын не болғаны және болашақта не болатыны.
Тұлға дамуының басты көзі, Келлидің пікірінше, әлеуметтік орта болып табылады. Бұл теория интеллектуалдық процестердің адам мінез-құлқына ықпалын зерттейді. Теориядағы басты ұғым –
«конструкт» (ағыл. construct — құру, салу). Конструктар арқасында адам әлемді танып қана қоймай, тұлғааралық қарым-қатынастарды орнатады. Конструкт – бұл өзіңді тану мен өзгелерді білудің ерекше

жіктеуші шаблоны деуге болады. Конструктты жүйе статикалық, қатып қалған білім емес, ол тәжірибе алу барысында өзгеріп, толығып отырады. Ал «тұлғалық конструкт» адамды қабылдау әсерінің категориясы.
Адамның ішкі дүниесі субъективті, әр адам жан-дүниесін өзі жасап алады, сыртқы орта құбылыстарын өз ой елегінен өткізіп отырады. Әр адамның өзіндік «конструктарының» жүйесі екі деңгейден тұрады:
1. «Өзекті» конструкт деңгейі — бұл жедел сананың үнемі бақылауындағы негізгі конструктар, оларды адам басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда қолданады .
2. Алшақтық конструкт деңгейі — қалған конструктар, олардың саны әр адамда әртүрлі. Осы аталған конструктардың барлығының бірілігінен адам тұлғасының тұтастығы туындайды. Тұтас тұлғаның екі түрі бар: когнитивті күрделі тұлға (конструктар саны көп тұлға) және когнитивті қарапайым тұлға (конструктар саны аз тұлға). Когнитивті күрделі тұлғаның ерекшеліктері:
1) психикалық дені сау;
2) стреспен күресе алады;
3) өзін-өзі жоғары бағалайды;
4) жаңа жағдайларға тез бейімделеді.
Олардың сапасы мен санын, жеке конструктердің жаңа жағдайларға бейімделгіштігін бағалауға арналған арнайы әдістер бар. Оның ішіндегі белгілісі «репертуарлық тор тестісі» (Ф.Франселла, Д. Баннистер, 1987).

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *