Запорожец Александр Владимирович (1905–1981) – кеңес психологы. А.В.Запорожец және Д.Б.Эльконин балалар психологиясының негізін салды. Перцептивті іс-әрекетті алға қойып, сенсорлы тәрбиенің жүйесін және баланың ерікті іс-әрекетін зерттеп, эмоция теориясын құрды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу Институтының КСРО педагогикалық ғылымы Академиясының көп жылғы басшысы және ұйымдастырушысы А.В. Запорожецтің ғылыми зерттеу шеңбері балалардың жас ерекшелігі дамуы мен тәрбиесі болды.