Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы (1929)

Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы (1929) – «психология» оқулығын жоғарғы оқу орындарына оқулық ретінде басылымға береді. (Алматы: Білім, 1994, 271бет.). Кітап, 5 бөлімнен, 17 тараудан,
78 парагрофтен тұрды. «Психологияның жалпы сұрақтары» деген бөлімде «зат, әдіс, тапсырма, психологияның маңызы», «ми және психикика», «психологияның дамуы және пайда болуы» және т.б. Мұнда аймақтық тақырыптар, қазақ тіліндегі туындылар, этнопсихология және тарихи психологиялар жайлы айтылған. «Тұлға

және іс-әрекет» атты екінші бөлімде әртүрлі психологиялық аспектілердің ерекшелігін және іс-әрекетін қарастырады (мақсат, іс- қимыл, функциональды структура ерекшелігі және т.с.с.).
«Таным процесі» деген жалпы үшінші бөлімде философиялық және психологиялық аспект арқылы сезінуді және қабылдауды, назар және ес, ойластыру, сөйлеу және қарым-қатынас жайлы қарастырады.
Кітаптың төртінші бөлімінде (Тұлғаның эмоциональды бостандық ортасы) психологияға байланысты әртүрлі жағдайларды қарастырады. Мұнда жоғары табиғи сезіммен кең эмоционалды процестер талқыланды.
Соңғы бесінші бөлімде тұлғаның индивидуальды-психологиялық анализін қарастырады (темперамент, мінез, мүмкіндік.)
Кітап психологиялық бақылауларға және әртүрлі эксперименттеріне, негізгі өмір қортындыларына бай, оның көпшілігі мектеп өмірінен және классикалық қазақ әдебиеттерінен алынды. Осылардың ішінде қазақ әдебиетшілерінің туындылары (50 атау), қазақ ойшылдарының идеялары (А.Құнанбаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов және т.б.) әрине осылардың барлығы кітаптың сапасына үлкен әсерін тигізді.
1996ж. «Қазақстан» баспаханасында К.Б.Жарықбаевтың
«Қазақстандағы психология тарихы» атты еңбегі шықты және ол Қазақстандағы психология тарихы аймағындағы оның көп жылдық еңбегінің қортындысы болып табылады. Кітап 5 бөлімнен, 22 параграфтан тұрады.
Автор өзінің еңбегінде қазақ елінің психологиясының сонау хандық құрылғаннан бастап осы күнгіге дейінгі даму тарихын зерттейді. Сонымен қатар автор қазақ психологиясының түп тамыры сонау ғасырлардан басталатынын айта кетеді. Оның пайда болуымен қалыптасуы жергілікті салт-дәстүрлердің ықпалынан. Монографияда қазақ елінің психологиясының дамуын этнопсихологиялық ойлардан және жыраулардан байқауға болатыны айтылған. Автор, туған табиғатқа, жануарлар мен өсімдіктерге, қоршаған ортаның сұлулығына деген сүйіспеншілікті осы орта ғасыр ақын жырауларының еңбектерінен көреміз (О.Тілеуқабылұлы, М.Х.Дулати, Қ.Жалайри, Асан-Қайғы жырау, Бұқар-жырау және т.б.).
Сонымен қатар, автор «халықаралық психология», этнопсихология» деген терминдерге тереңірек тоқталып және ұғымға жаңа терминдер енгізеді. («көшпенділер психологиясы», «билер және

шешендер психологиясы», «жыраулар психологиясы», «ақсақалдар психологиясы», «салт-дәстүр психологиясы» және т.б.)
Автордың айтуы бойынша 17ғ. соңымен 19ғ. басында ғана қазақ психологиясы ашық суреттеледі. Бұл кезең қазақ психологиясында екі тенденцияға бөлінеді: педагогика және психология. Бұл екі психологиялық ойлардың негізгі бағыты адамдарды жаңа білімге баулу және Қазақстан Республикасының психологиялық білімінің алғашқы қадамы болып табылады.
Монографияның екінші және үшінші бөлімі 20ғ. Қазақстанның психологиялық ғылымын зерттеуге арналған. Бұл жерде 20ғ. екінші жартысындағы Сталиндік репрессия жылдарындағы ғалымдардың психологиялық зерттеулері жайында айтылған. Автор бұларға үлкен құрметпен қарап психологиялық тұрғыда баға береді.
Қ.Б.Жарықбаевтің монографиясы Қазақстандағы психологияның және этнопсихологияның тарихы және теориясы аймағында теоретикалық зерттеулер туындысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *