Демокрит Абдерский

Демокрит Абдерский (Δημόκριτος; 460 б.э.д. — 370 б.э.д. ) –грек философы, психолог, әлемдік атмосфера теориясын құрушы. Адамның жаны мен тәні материядан тұрады деп пайымдады. Алғаш рет адамның, адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуын әлемдік даму процесінің бір бөлігі ретінде қарастырды. Осы даму процесінің кезінде адамдар қажеттілік әсерінен табиғат пен аңдарға қарап және өздерінің тәжірибесіне сүйене отырып, қоғамдық өмірге қажетті білімдерін ала алады.
Сонымен, адамзат қоғамы – табиғи жағдайдың бірте-бірте даму нәтижесі. Бұл мағынада қоғам, полис, заңдар жасанды табиғаттан берілмеген. Бірақ олардың пайда болуы — табиғи қажетті, кездейсоқ жағдай емес. Жасанды мен табиғилық арасындағы байланыс сипаты дұрыс қабылдануы қажет. Осы тұрғыдан ол табиғатқа қайшы келгеннің барлығын әділетсіз деп есептейді. Демокрит ойынша, мемлекет мүддесі бәрінен де жоғары, азаматтар оның құрылымын және басқаруын жақсартуға ұмтылуы керек. Мемлекет бірлігін сақтау үшін Демокрит азаматтардың бірігуін, олардың бір-біріне көмектесуін, қорғауын талап етеді. Азамат соғысы жауласқан жақтар үшін жоқшылық ретінде бағаланды. Басқару формаларының ішінде демократияны, аристократияны қолдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *