Декарт Рене (1596–1650) аса көрнекті француз философы, математик, физик, физиолог және психолог. Француз дворянының отбасында туып, Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған Декарт (Картезий) алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны, және философияны талдады. Декартың философиялық негізгі теориясы дуализм, «жан және тән»,
«философиялық пайымдаулар» теорияларын атаған. Барлық құбылыстар туралы бастапқы ойлары мен көзқарасының психологиялық ғылымға үлкен әсері болды. Белгілі еңбектері:
«Философия туралы пайымдаулар», «Философияның алғашқы бастаулары», «Әдістер туралы ойлар». Декарт теориясы бойынша философия ағаш секілді, оның тамыры – метафизика, діңгегі – физика, діңгектен тарайтын бұтақтары – үш басты ғылымның, медицина, механика және этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан бастап жинамайтынымыз секілді, философияның пайдалылығы да сол, оны құрастыратын бөліктерге байланысты» ,-деп Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді. Бэкон секілді, Декарт та шығармаларын қоғамның тандаулы топтарына ғана емес, қарапайым адамдарына да түсінікті тілде жазуға тырысты, оларға демократиялық сипат беруге ұмтылды. Екіншіден, Декарт та әлеуметтік реформаларды қолдамады, діни және қоғамдық тәртіпті өзгертуге қарсы болды. Ерекшелігі Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі математикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді. Өзінің
математикалық ізденістерінің негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп – адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйемен байланыстырып, психологиялық заңдылықтардың да бастапқы негіздерін тұжырымдады.