Давыдов Василий Васильевич (1930–1998)

Давыдов Василий Васильевич (1930–1998) – көрнекті орыс психологы, философ және педагог, психология ғылымдарының докторы, профессор, психологиялық оқыту, балалар педагогикалық психологиясы, жас ерекшелігі психологиясы мәселесінің теориялық әдіснамасының маманы. Мәскеу мемлекеттік университетінің философиялық факультетінде оқып, аспирантураны да сонда бітірген. 1959-1983 жылдарда Кеңес одағының ПА (педагогикалық академия) жалпы және педагогикалық психология ғылыми зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, кейіннен сол институттың директоры қызметтерін атқарған. Психология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО-дағы ПҒА академигі, АҚШ-тың Ұлттық білім академиясының құрметті мүшесі. «Вопросы психологии» және «Психологический журнал» деп аталатын журналдардың редколлегиясының мүшесі. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясының дәстүрін және А.Н.Леонтьевтің, С.Л.Рубинштейннің, А.Р.Лурияның, Д.Б.Элькониннің, П.Я.Гальпериннің құрастырған іс- әрекет теориясын жалғастыратын психологиялық мектептің

ұйымдастырушысы. Д.Б.Эльконинмен бірге психикалық дамудың жаңадан жастық ерекшеліктеріне байланысты нормаларының жобасын құрастырған. Негізгі еңбектері: «Виды обобщения в обучении», «Логика – психологические проблемы построения учебных курсов». М., Педагогика, 1972; «Проблемы развивающего обучения», «Опыт теоретического и экспериментального психологического исследования». М.: Педагогика, 1986; «Теория развивающего обучения». М.; 1996.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *