Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831) – неміс философы. Оның «объективті рух» турасындағы ілімі Алманияда
«халықтар психологиясының» қалыптасуында теориялық негіз болды. Осы теория өкілдерінің пікірінше, индивидуалдық рухтан жоғары рух бар, бұл – индивидуалдық рух. Жоғары индивидуалдық тұтастыққа бағытталған жағдайда ғана халық немесе ұлт құралады. Объективтік идеализм рухымен түсіндірілген болса да, осы тәріздес пікірлер сол кездегі халықтардың психологиясын зерттеуге мейлінше көп әсер етті.