Выготский Лев Семенович (1896–1934)

Выготский Лев Семенович (1896–1934) атақты орыс психологы. Жоғарғы психикалық дамудың функцияның дамуы және мәдени – тарихи концепциясын салушы, психологиядағы методология мәселесімен айналысты, балалар психологиясына бағыт ашты, баланың жақын аймақтағы дамуы, баланың аналогы, ойлау және сөйлеу мәселесімен айналысты. Л.С.Выготскийдің психология ғылымында ерекше орын алатын теориясы – бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні – баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыру үнемі оның табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап, біріншіден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп жетілдіреді, білім алуға жетелейді, оны өздігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен

құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдай білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделей танитын міндеттерге машықтану керек. Негізгі еңбектері: «Алты томдық шығармалар жинағы», (1982–1984);
«Педагогикалық психология» (1926), «Қылықтар тарихының этюдтары» (1931), (А.Р.Луриямен берге), «Өнер психологиясы» (1965), «Физиологиялық психологияның негіздері» (1880), «Халықтар
психологиясы» 10 том (1900 – 1920) т.б.
Психология ғылымының даму мәселелерін ХХ ғасырда теория жүзінде де, эксперименттік зерттеулер түрінде де жан-жақты қарастырған, психологиядағы мәдени-тарихи дамудың іргетасын қалаған, атақты ғалым – Л.С.Выготский.
Л.С.Выготский дамытқан сананың мәдени-тарихи теориясындағы негізгі ұғымдар: “мәдениет”, “тарих”, “сана” болып табылады. Ол тек кеңестік психологиядағы ғана емес, әлемдік психологиядағы құбылыс. Адам жан дүниесінің сыр-сипатын терең зерттеген Л.С.Выготскийдің адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және “бала дамуының жақын арадағы аймағы” деп аталатын тұжырымдары айрықша атап көрсетуді қажет етеді.
Л.С.Выготский теориясы құрылымының негізінде, тұлғаның – өзегі оның бағыттылығы деп атады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *