Вундт Вильгельм (1832–1920)

Вундт Вильгельм (1832–1920) неміс психологы, фолософ, физиолог және тіл маманы. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология ғылымының кең көлемді дамуында ғылыми психологияның негізін салушылардың бірі, неміс психологы Вильгельм Вунд. Алғашқы жылын Вундт анатомия, физиология,

физика, химия және практикалық медицинаны зерттеуге арнайды. Бунзен атты химиктің қызықты дәрістері мен тәжірибелік көрсетулерінің ықпалымен Вундт 1853 жылы өзінің алғашқы ғылыми жұмысын орындады. Екінші жылында ол практикалық медицинаға көп көңіл бөле бастайды. 1862 жылы «Сезіммен қабылдау теориясына қатысты» атты кітабы жарияланды. Мұнда Вундт психологияны үш негізгі бағытқа бөлген: эксперименттік, этникалық және ғылыми метафизика. 1863 жылы өте маңызды еңбегі – «Адам мен жануар рухы» (жаны) туралы дәрістері жарық көрді. Оған көптеген экспериментальдық психологияның мәселелеріне кіріспелер енді.
Еңбектерімен В.Вундт әлемдік психология тарихын дамытты. Оның зерттеулерінің жоспары екі бағытын қамтыды:
1. Индивидуалды сана талдауы (зерттелушінің эксперименталды бақыланатын өзіндік бақылауы);
2. Мәдениет, миф, әр халықтың адамгершілігінің психологиялық аспектілерін зерттеу.
Зерттеудің бірінші бағыты: «Физиологиялық психология», екінші бағыты «Халықтар психологиясы» атауларына ие болды.
В.Вундттың еңбектерінің қатарына 1879 жылы Лейпциг қаласында әлемдегі алғашқы психологиялық лабораторияны ашылуы жатады. Ол, соңынан ғылыми зерттеу институтына айналды. Онда көптеген атақты психологтар, соның ішінде атақты Ресей психологы және психиатры Владимир Михайлович Бехтерев білім алды. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап психологияда бірнеше ғылыми мектептер пайда бола бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *