Валлон Анри (1879-1962) – француз психологы, педагог, қоғамдық қайраткері. Патопсихологиялық мәліметтерге сүйене отырып, бірқатар тұжырымдамаларын ұсынған. Іс-әрекеттердің таныммен байланысы туралы зетртеулері кеңінен танымал болған. Ол тұлғаның эмоционалдық және танымдық салалардың дамуындағы онтогенетикалық сатылардың сызбасын ұсынған.
А.Валлон әлеуметтік орта мен бала психикасының берік байланысын атап көрсеткен. А.Валлон адам мінез-құлқының бастауын, мінез-құлықтың адамзатқа тән нысандарының пайда болу шарттарын арнайы зерттеген. Оның негізгі еңбектері оның зерттеулерінің бағыттарын бейнелеп көрсетеді: «Іс-әркеттен ойлауға» (1942), «Бала ойының бастаулары» (1945) т.б.