Бюллер Карл (1879-1963)

Бюллер Карл (1879-1963) – австриялық, неміс психологы. Психика дамуының үш сатысы: түйсік, дағды ,интеллект сатылары теориясын зерттеген. Тіл мен вербалды (ауызша) әрекеттер дамуының проблемаларын зерттеген. К.Бюллер балалар психологиясының басты назары бала өмірінің алғашқы жылдары негізгі психикалық функцияларының пісіп-жетілу кезеңінің айналасында шоғырландырылуы тиіс деп санаған. Зерттеушінің басты мақсаты психиканың биологиялық функциялары мен оның дамуының ішкі ырғағын түсіну және зерттеу. «Баланың рухани даму очеркі» атты еңбегінде К.Бюлер бала дамуының келесі үш сатысын бөліп көрсетеді: түйсік, дағды, интеллект. Бұл сатылардан өзінің индивидуалды даму үдерісінде әрбір бала өтуі тиіс. Баланың бір сатыдан екіншісіне өтуі бас миы қабығының даму құрылымымен анықталады, яғни, оның биологиялық себептері болады. Қазіргі уақытта К.Бюлердің бала дамуының үш сатысы теориясы психология тарихындағы зерттеулердің маңызды мәселелері бірі болды және балалық шақ тарихы проблемасы психология ғылымында үлкен мәнге ие.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *