АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР — материалдық ескерткіштердің жиынтық атауы. Көне тас дәуірінен орта ғ-лардың ақырына дейінгі аралықта өмір сүрген адамдар қалдырған құрал-саймандар, үңгірлердегі тұрақжайлар, қоныстар, молалар, зираттар, т.б. Олардың әрқайсысынын өздеріне тән ерекшеліктері бар. Егер қола дәуірі ескерткіштерінің сыртқы көріністері бір, екі, үш қатарлы тас қоршаулардан тұрса, темір дәуірінің молалары биік обалардан тұрғызылған. Молалардағы жерлеу тәсілдері де әр түрлі. Зираттардың жанында құрбандық шалған жерлер кездеседі. Тасқа салынған суреттер де А. е-ге жатады. Бұлар да көне тас дәуірінен соңғы орта ғ-ға дейінгі кезеңге жатады. А. е-дің тарих ғылымына қосатын үлесі өте зор. Олар көне дәуірлердегі адамдардың өмір-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт санасы, олардың әлеум.-экон. жағдайы туралы құнды мағлұматтар береді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *