Ғалымдар коронавирустың басты «қулығын» атады

Ағзаның инфекция шабуылына баяу реакциясы коронавирустың негізгі «қулығы» болуы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg-ке берген сұқбатында АҚШ вирусологы Шэйн Кротти айтты.

«Бұл (қулық) маңызды туа біткен иммундық жауаптан аулақ болу, атап айтқанда I типті интерферонның ерте реакциясын болдырмау», — дейді ол.

Science журналында айтылған АҚШ ғалымдарының пікірінше, бұрын басқа ауруларды емдеу үшін қолданылған синтетикалық интерферондарды қолдану коронавируспен күресте тиімді болуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, кейбір пациенттерінде интерферон реакциясы генетикалық ауытқулардың салдарынан немесе интерферонның өзіне шабуыл жасайтын қалаусыз антиденелердің әсерінен нашарлаған.

Сонымен қатар, ғалымдар интерферонға шабуыл жасайтын антиденелерді тапқан науқастардың 94 пайызы ер адамдар екенін анықтады. Бұл сондай-ақ ерлердің ауруды әйелдерге қарағанда неғұрлым ауыр өткізетінін түсіндіруге көмектеседі, деп жазады Science.

Бұл зерттеуге Нимегендегі Радбо университетінің медициналық орталығындағы геномдық технологиялар мен иммуно-геномика тобының жетекшісі Александр Хойшен де анықтама берді. Ол «интерферонды қолдану аурудың бастапқы кезеңінде ғана COVID-19-ға қарсы күресте көмектеседі» дейді. Басқа жағдайларда, инфекцияның ағымы және науқастың қалпына келуі уақытқа байланысты болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *