Ж.Аймауытұлы шығармаларындағы пейзаждың қолданылу ерекшелігі

Ж.Аймауытұлы шығармаларындағы пейзаждың қолданылу ерекшелігі

         Ұлы қаламгеріміз Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларындағы пейзаждың алатын орнына егжей-тегжей тоқталайық.

         Ожеговтың «Түсіндірме сөздігін» алсақ-пейзаж: 1. Бір жердің жалпы көрінісі. 2: Табиғат суреті және көркем шығармадағы табиғат суреті – деп түсіндірілген

Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде-бір өрнек — өмір суреті жоқ және болуы да мүмкін емес. Бұл ретте, көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яқи пейзажды да әншейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсіл десек, ағат айтқан болмаймыз. Өйткені адамның сыры мен сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы мүмкін емес. Бұл арада да «Абай жолының» әдемі беттерінің бірін аудармасқа амалымыз жоқ. Міне, оқып қарайық:

Көптен қаладан шықпаған Абайға жаңа көктем өзінің енді ғана келе жатқанын баян етті. Сол жақта, алыс көкжиекте, көкшіл мұнар ішінде Семейтау көрінді. Қардан о да аралыпты. Кесек, жұмыр бір ғана толқын бүктетіліп, түйіліп кеп, мәңгіге мелшиіп, қатып тұрып қалғанға ұқсайды. Айнала сар дала ортасында оқшау бітіп, оқыс тұрып қалған бір үзік тау. Мәңгі-бақи жым-жырт боп, жай созылған сахараның бір заманда әлденеден булығып, лықсып шыққан ереуіл толқыны ма? Ашу қажыры ма? Сол бейнелі бөлек тау.

Абай тау ажарынан осындай оқшау бір бітім көріп, қадала қарап отырып, тымағын алды. Пысынаған басына, бетіне Семейтаудан ескен қоңыр жел кеп, леп тиді. Денесі серги бере, сүйсіне бір күрсінгенде, сергек, сезімтал көңіл де өрби түскендей болды. Абай жер көркін, өз көңілін еркін өлең етіп кетті…

Осындағы бар сөз тек бірі ғана мақсатқа – адам образын жасауға қызмет етіп тұр. Көктемгі сұлу табиғат  көркі адамның көңіл күймен астасқан шақта сол тірі адамның өзіндей тыныстап, ойлап, ойнап, күліп, күрсініп шыға келген. Мұндай суретті толқымай, тебіренбей оқу мүмкін емес. Ал оқырманды толқыту, тебіренту, яғни баурап  алу – тек шебер суреткердің ғана қолынан  келетін мықтылық. Сонда оқырман неге толқып, неге тебіренеді? Табиғаттың экзотикалық сипаттағы жалаңкөшірмесіне емес, адамның көңіл күймен астасып, тіпті бірігіп, біте қайнасын кеткен ғаламат сұлу, сырлы, кәдімгідей жанды, тірі суреттеріне толқып, тебіренеді. Әлгі суреттің әр қалтарысында адам, адамның сезімі, ойы, арманы, қиялы, адамның көл-көсір философиясы толқып, төгіліп тұр. Біздің әдеби шығармалардын іздейтініміз, міне, осындай пейзаж.1

         Әдеби зиялы қауымының ішінде Абайдың, Сәкеннің, Ілияс Жансүгіровтердің тамаша пейзаждарын білеміз. Жүсіпбек Аймауытов творчествосымен жақынырақ таныссаң тамаша табиғат суреттерін көреді екенбіз.

         Абайдың жыл мезгілдерін сипаттаған өлеңдерін «Жаз», «Күз», «Қыс»,  толығынан пейзажға орналса, Ілияс Жансүгіров «Дала» поэмасын, Сәкен Сейфуллин «Көкшетаудын» тасық табиғат суреттеріне арнаса Жүсіпбек Аймауытов «Жапырақтар» шығармасын толық табиғат көрінісіне, оның ішінде жапырақтарды суреттеуге арнайды.

         «Оралдан пойыз өткенде» әңгімесінде толығынан орал өңірінің әсем табиғаты суреттеледі.

«Жазғы демалысқа ауылға, ауыл емес-ау, ауыл – сымақ қалаға шыққанмын Қобдидай құнтиған аппақ қана үйлердің арасы алшақ-алшақ. Көшелер

 

1З.Қ.Абдолов  Сөз өнері. — Алматы: «Қазақ университет» 1992.-352бет

кең, ауыл маңы, көше бойы төселген бейне жасыл барқыт, ай жарық жұлдызды аспанды уыз қымыздың майда, ақшыл көбігіндей буылдыр, шарбы бұлттар перделеп тұр».

Терезе алдындағы  тал шарбақтың ішінде екеуі егіз, бірі дара – ағаш тұр. Терек пе, тораңғы ма, үйеңкі ме кім білсін? Қатар өскен үш ағаш бастары түйісіп, жапырақтары құшақтасқан.

Болар-болмас өкпек желдің бар. Жапырақтар ай сәулесіне танадай жалтырап, көбелектің қанатындай желтіреп, жыбыр-жыбыр, жырт-жырт етіп ақырын ғана сыбырлайды. Сыбдырламайды-ау, сыбырлайды, ол сыбырда өзінше сыр барға ұсайды.

Ағаштың оре басындағы, желдің өтіндегі жапырақтар ұрандасын үн қосқандай, кейде зуылдап, судырлайды. Кейде жалпылдап, қалбалаңтапғ ішін тартқандай болады. Одан төменгі бұтақтар да жапырақтарын жалбаңдатып тұр: бірақ бұлардікі аналардың қимылынан солғындау бұлардікі жалпы ағымға еріп еліктеп, теңселген тәрізді. Жоғарғылардың дүрмегіне, дүбіріне қызғаны болмаса, бұларда күшті екпін көрінбейді.

Ең  төменгі бұтақтарға көз салсақ, жапырақтары арта астындағы шыбын қаққан бұзаудың құлағы тәрізденіп әрең-әрең, анда-санда бір селбеңдеп, қыбырлаған болады. Бұлардың сыбдыры да, сыры да жабайы қозғалыс, бұларда күш текүжіл де жоқ.

Байқамаған адамдар жапырақтар суылдағанға, бәрі бірдей қозғалып тур екен деп ойлап қалатын. Сығалап қарай бастасаң, ол ойың бекер болып шығады. Ағаштың ық жағындағы топырақтар желге тұяғын серіппейді, құлақтарын салпитып, салбыратып, қалқып тұрған іспетті. Жел жақтағы жапырақтардың кейбір шоғы да желге қасқайып, кеудесін төсеп тұрғанын көресіз. Мұнда не сыр бар десеңіз, қайыспайтын қажырлы бұтаққа жуантық сабағымен жабысады екен, бұлар жерге қырын келмей, жонын беріп, біріне-бірі шін тіресіп, селбесіп берік қабысады екен. Сондықтан олар жеңіл-желпі майыспайды екен.

Кейде ышқына соққан екпенді жел бұларды да теңселтеді бірақ өзге жапырақтарына, әткеншек теуіп кетпедейді. Бастарын келте-келте қозғап, жел тынар-тынбаста әуелгі  қалпына қайтып, буынын қатайтып  ала қояды.

Жапырақта жан жоқ деп ойлайсызба? Оларда жан бар. Адам, айуан сықылды жәндіктер демді өкпесімен алса, ағаш жапырағымен алады. Жапырақ-ағаштың өкпесі. Өкпесі кетсе, адам да өлгені; жапырағы бітсе, ағаш та  Төңіректегі әлемнен хабар естілсе, адамның құлағы селт етеді ағаштың жапырағы селтеңдейді: жапырақ-ағаштың құлағы. Жапырақсыз ағаш жасармайды, гүлденбейді, өспейді. Жапырақсыз ағаш – қу түбір.

Мен жапырақтарға қараймын. Жапырақтар адамша сыбырласып, үн қосып, ұрандасып шуласады. Маған жапырақтар жылы көрінеді, жапырақтың жалбаны тымақтың құлағын еске түсіреді. Мен жапырақтарды сүйемін. Жапырақсыз жаз бола ма? Жаз болмай, ел мәз бола ма? Бар үлетің – жапырақта. Өйткені жас балдырған, ағаштың көрісі, олар – жасыл гүлдің, жазғы бұлбұлдың ұясы.

Желпілде, жалпылда, суылда, дуылда, жасыл жапырақтар:

Міне осы шығармадан кішкене ғана, тіпті кез келген адам байқайда бермейтін «жапырақтар» туралы керемет суреттең шыққан. «Жапырақ жанды бейне» — деп Аймауытов, оны толық сипаттап, бізге «тірі» көрініс беріп қана қоймай. өзінің биология «жапырақ – ағаштың өкпесі», экология ғылымдарын өзінің жетік білетінін көрсете білген. Байқампаз лирик жазушы жапырақтар  арқылы  тылсым  —  табиғат қойнауына алаңсыз сүңгіп кеткендей. Бұл шығармаға қарап Жүсіпбек Аймауытовты – пейзаж жазудың жас шебері деп те айтуға болады.

Жүсіпбек Аймауытов өз шығармаларында суреттеген жер, коныстарды егжей — жегжей  біліп,  көргендігін  байқаймыз.

1Ж.Аймауытов. Повесть пен әңгімелер. Алматы. «Ғылым». 1979ж.

            «Жапырақтар». 145-146бет

 

Мысалы «Оралдан пойыз өткенде» әңгімесінде. Поезда кетіп бара жатып терезеден көрген Орал  табиғатын толық суреттеп шығады.

«Терезеге қарасам – Орал екен!»  Оралдың ақар-шақар таулары

бірінің шығына бірі басын сүйеп, жасыл жамшы жамылып тамылжып алдымыздан шықты. Көкетің жасыл жапырақты орманы бейне бір жасыл барқыт, бұлпырып көзіңді еріксіз тартады».

Міне осы жолдарды оқып отырып жазушымен бірге бір пойызда

кетіп бара жатып әсем Орал өңіріне бірге кетіп  бара жатқандай боласың

Жүсіпбек Аймауытов кез келген табиғат құбылысына жан бітіре

суреттейді. Оларды дыбыстайды «Басқан сайын тау қойнына кіріп барамыз. Кірген сайын асқарлар басын аспанға созады. Анадай көрінген алыптар заматта зорлап алдында келеді. Аузын ашып, бауырына басып жұтып қоятындай көрінеді жұта алмайды. Жіптіктей жолмен жыланша бұраңдап, әр жерден бір шаң беріп, сағатына 40шақырымды артына өте шығады. Тауды тауға қосып, құлындай құлдырайды».

Арасынан ине өтпестей иін тірескен жыныс орманның тұтасқан

жасыл бастары бұлар болмаса өкпек желмен жыбыр – жыбыр қозғалғандай, жынданғандай болады.

Судай тегіс, дастарқандай жазық жасыл беткейде астынан жүрген

түйелі кісі танадай көрінетін өрім-өрім ақ қайың, қолдың саласындай сандақтанып тұрғаны.  Мүлтіксіз, оқтай мүсіндер көк күмбезді шатырының самалды аясына қолын бұлғап шақырғандай болады. Түсе сала тыраңдап, аунап, аспанға қарап, ән салып жатқын келеді. Ә дегендей болмайды, олар да артта қалады»

Міне бұл жолдарды оқығаннан кейін жазушы шеберлігіне тәнті болмай

\қаларсың ба?!.

Жүсіпбек Аймауытов шығармаларында әрбір табиғи құбылыс ерекше образ – бейне – кейіпкер.

Олар, «күн», «ай», «кеш» тағы басқалар.

Мысалы: «Күн» — ол тірі бейне. «Күнікейдің жазығында». Күн образы басты кейіпкер Күнікейдің бейнесін аша түседі.

«… Күнікей түйені тіркеп, тақиясын түзеп киіп, оң жағына қарағанда

Ордабай айналасының барлық шаңырағынан да үлкен, күлемдеген қызыл жақұт күн көктің бір өңірің сары алтынға малып екі түйенің арасынан абажадай боп адырдан суырылып келе жатыр екен. Мана Арқалықтың басын жалап тұрған алтын сәуле заматта ылди біткенге шашырап, ол сәуленнің жуан ортасында Күнікей келе жатыр еді. Өңі қашып тұрған көк шөп, қызылды – жасылды, сарылы гүлдер де аты бәйгеден келгендей, ажарланып, жылтырап, құлпырып ала жөнелді. Шарықтаған  сайын үдеткен бозторғайдың  шырылы боталардың қоңыраудай сыңғырлаған  жіңішке, сұлу, қаяусыз зары, енелерінің ауық – ауық қоңырлата бастап, қоюлата көтеріп, бір жоғары, бір төмен толқынтып, жіңішкерте, сүмірейте созып: «Ү – ү – ү — һ» деп барып басылған ырғалаң боздасы сайын даланы жаңғырықтарып, өз алдына бір гой – гой тартып, біріне – бірі ұласып, қызғыштай қытқылдап, қырғидай шықырлап бара жатқан арбалардың шиқылы: Апа, деймін,  бауырсақ, ірімшік…»1 деп, кебежедей басын шығарып қара қожалақ жас балалардың ызыңдаған қыңқылы – бәрі де бүгін Күнікейдің жанына майдай жағып, дүние өзіне бола жаралғандай, алтын күн өзіне бола туғандай көрініп келеді.

Күннің мұндай айбында, сұлу екенін Күнікей бұрын көресті! Мына

күн тап өзінің, өз үйінің күні тәрізді. Жып – жылы, жап – жарық!».

Бұл үзіндіде «жып-жылы», «жап-жарық» күнменен уайым,

қайғысыз, бұла бойжеткен Күнікейдің бақытты кезін көреміз.

Қазақтың байы, кеңейті түгел көшетін кездегі, кедей қызы болса да

          

1Жүсіпбек Аймауытов. «Оралдан пойыз өткенде». 161бет.

тәкіппар, түр – мүсіні кеніскен Күнікей қыздың жорға бедеу ат үстінде  келе жатқан бақытты шағы.

Міне енді Күнікейдің құр сүлдері жатқан кездегі «күн бейнесі» тіпті

басқаша. Табиғат өзінің әсемдігімен енді көңіл көтермейді, керісінше жаза басып жазықты болған, қара бет болған  Күнікейдің «жанына жара салады».

«Көктем күні күледі, күліп еді – жер түмді. Түлегені емес пе ақ кебінен

сыпырып, көк торғынға бөлінеді. Қызыл – жасыл, ақ – көкшіл бейне кілем түріндей, гүлдер гүл – гүл жанады, күлкілдеген гүл – жапырақ, сығымданған күлім бел терезеден көз салса, Күнікейдің көңіліне жазылмас жара салады».

Жүсіпбек Аймауытов әрбір кейіпкерді суреттегенде табиғат көрінісі

кейіпкерді аша түсіп толықтыра түседі. Табиғат – адам – табиғат деген заңдылықтың бұлжымас ереже екенін жете түсінген жазушы оқырманға да сұлу тілмен ұғындыра білген.

«Әнші» әңгімесіндегі әнші бейнесі мына төмендегідей шеберлікпен

беріледі: «Мұндай жазық құла дүзде ішің пысып келе жатқанда көзіңе сұлу орман, сәулетті тау көрінсе:  көріктен, оттан айырылған, қатағынан қар жауған қариялардың ортасында кенеттен атқан таңдай сұлу сәулем қыз көрінсе, қараңғы түнде ел таба алмай сандалып келе жатқанда, аяғынның астынан қиуадан от жыл етіп көрінсе, қандай қуанып, кенеліп қаласың. Жапа-тармағай жым болып томсарып, тоң-тұрыс отырған жандарға әншінің әні де сондай әсер береді.»

Міне оқырманға  әншіні де тамаша әнді де таныстыру үшін жазушы табиғат суретін осылай пайдалынылған.

         Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы пейзаждардың бәрінің өз орыны бар.

1«Күнікейдің жазығы» 19бет.

           2«Күнікейдің жазығы». 6 бет

        

         Кейіпкердің жан күйзелісі табиғат көрінісімен астасып жатады. Мысалы: «Жаңабайдың жанындағы трагедия». Әңгімесін алып қарайық:

         «Аспан ала шабыр бұлт. Ызыңдаған күзгі таң бойды шініректіреді. Жер бозқырау. Малсыз ауылдың іргесінен от, шөбінің қыры сынғанба?».  Артаның ізі жосылып сала берді.

         «Қотаңыңнын шөбі сынбасын!» деген қарғыс Жаңабайдың жүрегіне тікендей қадалды. Құрығанның белгісі осы да. Жаз бойы қыстаудан тапжылған ел жоқ.

         Шөптің ереуілдеп тұрғаны мынау: Ой заман-ай! Бір кезде шаңы аспанға шығып жататын жер еді-ау! Ондағы мал қайда? Ел қайда? Ендігі жүргендер кісі  ма? Бір атым насыбайға сатып кетеді. Сенің кім екеніңді неғылсын?  Тұрғыласың азайды – ақ, адасқан қаздай артық жан болдың да. «Адам замандасымен жасайды», деген ып-рас қой.

         Маңайын толған ел бола тұрып, жалғыздың көргеннен жаман не бар дейсің?

         Мінекей, мынау үңірейтіп, аңырап жатқан құр өзен. Жылқыны талай буып тастан, бекінетін құр өзен. Кемерінде бас бағып, қарауыл қарап жататын құр өзен. Қойныңда  талай күн түнеп, қараңғыда жылқы жетектеп, жылғаңмен жылысып кететін құр өзен…

         Қан бас енді адыра қалған құр өзен. Қойныңда талай күн түнеп, қараңғыда жетектеп, жылқаңмен жылысып кететін құр өзен… қош бол, енді адыра қалған құ өзен!»

         «Шынымен қазақ даласы құла түз болып, қуарып қалғаны ма? Сайран салып, сауық құрып, жер қайысқан мал бағып, ақар-шақар думан болып жататын ел жоғалып, шынымен, сол елдің арты келеңкедей елбеңдеген, сағымдай бұлдыраған сүлдер болғаны ма?  Бұлардың тіршілігі қанша? Бұлар тұқым болып не жарытады?… деген ойлар келеді».

                   1«Әнші» 123 бет

         Бұл әңгіме басты кейіпкер Жаңабай қаулай өскен қалың шөпке қарап қуанудың орнына, өмірден түніледі. Өйткені қаулап өскен қалың шөп жақсылықтың емес жамандықтың белгісі қазақ үшін. Шөп қаулап тұрса, қазақ үшін малы болмағаны.

         Жүсіпбек Аймауытов өз халқының салт – дәстүрін, сенім – нанымын, әдет – ғұрлын, өмір сүру салтын жетік білетін жазушы. «Жаңабайдың жанындағы трагедия» әңгімесіндегі үй маңын шөп басқаны жайлы мал – мен күн көрген қазықтың терең философиясы. Терең трагедиясы.

         Қазақ халқы тек қана философ емес ауа райын түсінеттін болжай алатын синоптик – ғалым. Аймауытов осы құбылыстарды өте дәл сипаттай білген.

         Оның «Боранды  болмағыш әулие» әңгімесінен боранды болжауды ғана көріп қоймай, осы бір аласапыран дүлей табиғат құбылысын терең танып көз алдымызға елесте аламыз.

         «Есімде бар бала күнім. Жер сіреу қар. Ызбарланып аспанның ажары бір кірмейді. Мұнартып, сазарада да тұрады. Күн шықса, күнмен бірге шаныт шығады. Найза бойы көтерілгенше күнді шаңыт басып, шеңгелімнен жібермеймін дегендей, аспанға өрмелеп барып қалады. Кейде күн екі құлағынан тұрады.

— Құлақтануы жаман, тағы бір боран болмай қайтер дейсің, — деп қарт әкем күшеніп кейіп қояды.

Неше күннен бері жел терісінен, терістіктен көтерілген шаныт тіресе өршіп біресе шөгеді.

Саңылдаған сары аяз қарадан қарап тұрып бірдеме шарт ете түседі. Не терезенің шынысы шытынайды не жер, не мұз қақ айырылып, ырсиып қалады. Жермен бірге мұздан қарда жарылып кетеді. Не терезенің ақырында сары аяз мұрныңды қариды. Жеңіңнен шығарсаң, қалық иілікпей, тас болып қалады.

1«Жаңабайдың жанындағы трагедия» 76 бет

Түнде пешке қойып кептіріп алған етік, аяғың биенің бір сауымында ағаштай қақиып, таяқпен қақсаң саң – сұқ етеді»1.

         Жүсіпбек Аймауытов пейзаждарын оқи отырып, жазушы жұлдыздарды ад тани білгенін байқаймыз. «Жер қар. Жел темірқазықта. Күн шытқыл». «Далада Наурыз» 158 бет

         Бұл жолдардан жазушы кез-келген табиғат құбылысына нақты сипаттама бере алатынын көреміз. Және көркемдік үшін архаизмедрді дұрыс пайдаланған. «Шытқыл» сөзі көп пайдалынбайтын сөз, бірақ бұл жерде дәл баға, әсер беріп тұр.

         Жүсіпбекті өз зерттеуінде шығарма шшебері деп атаған Л.Мекебаева: «Шұрайлы тіл, ішкі ырғақтың саздылығы, сөздің артық-кемсіз орынды қолданылуы, санада пайда болатын ағылған екпін, міне осының бәрі Ж.Аймауытұлы шығармасының кез келгеніне тән қасиет», — дейді2. Талас жоқ, дұрыс пікір. Себебі жазушының пейзаж жасау суреткерлігінде көркем шығармас шынайтылығы мен сөз сұлулығы мықтап матасып, әдеби дәстүр желісін жалған та, қала берсе, жаңартып та жатқанын жазбай танимыз. Табиғатты сондау, образ жасау, көркемдік бейнелеу принциптері қаламгердің күрделі идеялық-көркемдік ізденісімен, тіпті, философиялық, әлеуметтік түйіндерімен тоғысып жатыр. Қалай десек те, өзіндік өрнегімен ата дәстүрінен арнасын үзбеген, алайда көркемдік талғамы тереңге тамыр тартқан Жүсіпбек суретіндегі ғажайып пейзажға неғұрлым көп үңілген сайын, соғұрлым небір жазушылық жаңа қырына  қаныға бастаймыз. Осы мақсатта біз қаламгердің шығармаларын Б.Майлин мен М.Әуезов туындыларындағы табиғатты бейнелеу шеберлігімен шендестіріп, салыстыруды жөн көрдік.

Ж.Аймауытов шығармаларында пейзаж әлемі ерекше күйге еніп, жазушының ішкі дүниесімен үндесіп жатқандай көрінеді. Қаламгер қаламының

1«Боранды болмағыш әулие». 90бет

2Л.Мекебаева. Шығарма шебері. 63-бет

құдіретті сол, қарапайым сөздермен-ақ көз алдыңа айналаңдағы құбылысты әкеле қояды. Мысалы: Жер қар. Жел темірқазықта. Күн шытқыл1. Мұнда күрделі сөйлем де, күрделенген ой да жоқ. Кәдімгі қыстың ауасын айнытпайберіп тұр. Мұнда әсері қолданылағн ешқандай көркемдік тәсіл болмаса да, сөз ұйқасы жалаң емес. Нағыз қарапайым суреттеу. Ал, қыс бейнесі Бейімбетте: Буалдыр ма, тұман ба, әлде шаңғыт аяздың әлемді бүрситкен сұрғылт үскіні ме — әйтеуір күн бетінде сұрғылт мұнар бар. Буалдарланған тұман бар.

         Үскірік. Аяз. Тұлданған күн2. Мұнда да ой біреу – жылдың аса суық мезгілі қысты бейнелеу. Жүсіпбекте ауа райының суықтығы бір ғана «шытқыл» сөзімен үйлесіп тұрса, Бейімбетте күннің ызғарлы бейнесіне «тұман, үскірік, аяз» сөздері үстелген. М.Әуезов әңгімесінде «қыс» суретте бұлардан да күрделірек келтірілген: Суық қыстың орта кезі. Күн түске тақап қалған. Аспанда бұлт жоқ, ашық. Жарығы көз тайдыратын нұрлы күн бүгін жазғы түріне түскендей болып өзгеше жарқырап тұрса да, ызғарлы қар, суық ауа қызуын жоғалтып, жарығына жансыздықтың табын басып тұрғандай.

         Жер қарлы. Үш-төрт күннен бері қарай айықпаған шыңылтыр аяз бүгін де сықырлап білініп тұр. Күншығыстан соққан баяу жел суықтың көрігіндей болып, ызғарды көбейте түсті. Кейде  сүйіп өткен салқыны бетті шымырлатып, денені тоңазытады3.

         Міне, алдымызда үш бірдей ірі суреткерлердің жыл мезгілін  түрлі көркемдеу әдістерімен жасаған шеберліктері байқалып тұр. Жүсіпбек аз –ақ сөзге табиғат құбылысын еркін сыйдырып бере алған. Бейімбет табиғатты  өз зерделілігімен сұрғылттатып, буалдырлатып жіберсе, Мұхтар суретінде әлеуметтік жағдайдың  табы сезіледі де өзінше бейнелеу өнерінде табиғат

1«Далада наурыз». 158-бет

2Б.Майлин. «Ленин мектебі», ІІІтом. Алматы-1988ж., 57-бет

3М.Әуезов. «Оқыған азамат», Ітом. Алматы-1967ж., 51-бет

 

түрленген.

         Ж. Аймауытовтың  табиғат құбылысын ашудағы енді бір ерекшелігі  көркемдік детальдарға ден қоющылығында десек, әрине бұндай әдісті басқа да қаламгерлер қолдана білген, бірақ Жүсіпбек қаламының шынайылығы  көзге бірден ұрып тұрады. Мәселен: Жаз өтті. Жауындатып, қара желдетіп, шөпті қуартып, жапырақты сарғайтып, елді әбігер қылып, ала сапырандатып күз өтті. Үсті-басы қарауытып, қылышын сүйретіп, шықыр-шықыр етіп қыс келді.

         Биылғы қыс қатаң болды. Боқырау болды, боқ қатты. Қарашаның қарын қаңтарға қосты. Ұдайымен олай-түлей ақтүтек боран соқты. Боран ашылса, шартылдаған сар шұнақ аяз қысты. Жер сіреу қар. Жылымық болса жаңбыр жауады. Жер көк саең, малдың аяғын қызыл жосын қылып, қиып тастады. Күн құлақтанып, шаңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей ақ дидарын көрсетпеді. Қас қараяр-қарамайста, күнбатыстан шатынаған, шақшиған, жалғыз көзді жан алғыштан жаман жарық жұлдыз шығады, күннен күнге шарықтап, көкке өрлейді, жел қасарып,  Темірқазықтан таймай ызғарады да тұрады1. Қыс келбетін Ж.Аймауытов суретті, бейнелі, деталі бай сюжетпен беріп отыр. Жоғарыда келтірілген үзіндіде М.Әуезов қыстың суық желіне жан бітіріп, «сүйіп өтсе» адам тоңады деп сипаттаса, бұл мысалда Жүсіпбек табиғат образына одан әрі әр беріп  «тірілтеді».  Бұл ойымызға дәлел – қатты аязды қыс айының күні  «жаңа түскен келіндей ақ пердеге оранып дидарын көрсетпей» тұрған сурет, немесе ауаның аяздығына тағы да себепкер  «шатынаған, шақшиған, жалғыз көзді жан алғыштан жаман жарық жұлдыз». Міне, күн мен жұлдызға тағылған теңеулер, күрделі эпиттетер  қоршаған ортаға жан бітіріп, қозғалысқа түсіргендей. Оқырманына да кәдімгі қақаған  қыстың аязын сол сипаттармен дәл сездіріп тұр. Б Майлин қаламында қысты бейнелі түрде суреттеу де өз алдына өзгеше, қаламгерлік сезімталдықтан туған:

1Ж.Аймауытов. Шығармалары. «Қартқожа» Алматы-1989ж., 35-бет

Түн. Аяз. Күндізгі жібіп еріген қар, сіресе қатып мұз  боп  жатыр,  дала тастай қараңғы. Көкті бүркеген  бұлтты  тесіп мойнына  ілгендей  боп сығыраңдап  бірен-саран жұлдыз  қарағанмен, қою қараңғылықты   серпілдіруге   құдіретінің жоқтығы білініп тұр. Ауыл тынып, меңіреу, мүлгілен түске  кіріп,  бір нәрсенің   аңысын аңдыған  секілдене  қалыпты1. Қыстың ызғарлылығын  көрсету үшін жазушы  бейнелілікке бой ұрғанын  байқаймыз. Қыс ауасында  «бұлтты тесіп мойнына ілгендей боп сығырыңдап, кою қараңғылықты серпілдіруге құдіретінің жоқтығын сезген жұлдыздар» образы ұтымды  шыққан.  Дәл осы  сәттегі күн райына, «меңіреу, мүлгіген»,  «бір нәрсенің  аңысын аңдыған ауыл» бейнесі де өз үлесін қосып,  сәтті   қолданыс тапқан.

         Байқап отырсақ,  жазушылар суреттеген жыл мезгіліне тән сипаттар негізгі айтылатын  мазмұнмен  сай келеді.  Алайда,  әрқайсысының  өзіндік стиль ерекшелігі, сөз саптау шеберлігі әрқалай екендігі  де көрінеді.  Шығармаға  лирикалық леп беретін табиғатты суреттеу өнері шығармагерлердің тақырыптық-идеялық өрісін кеңейтіп, мәнісін ашып беруге үлкен қызмет атқарып тұр.

         Жүсіпбек туындыларында жылдың қай мезгілі  суреттелсе де,  оны образбен түрлендіріп отыру көркемдік әдісіне айналғанын анық байқай  аламыз. Көктем күні күледі, күліп еді – жер түседі. Түлегені  емес пе  ақ кебінін сыпырып, көк торғынға бөлінеді. Қызыл-жасыл,  ақ-көкшіл бейне кілем түріндей,  гүлдер гүл-гүл жанады, күкүлдеген  гүл-жапырақ, сығымданған күлім бел терезеден көз салса, Күнікейдің көңіліне жазылмас жара салады2. Үзінді Ж. Аймауытовтың  «Күникейдің  жазығы» повесінен алынып отыр. Мына  табиғат сырттай көтеріңкі  көңіл-күй сездірсе, ал  астарында терең сырмен тоғысқан. Көктем бояуы қанық,  «қозғалысы»  да ширақ, суреті де бейнелі. Артық кескін,

1 Б.Майлин «Өлім тырнағында» Алматы-1988ж., 104-бет

2Ж.Аймауытов. «Күнікейдің жазығы» Іітом, Алматы-1997ж. 6-бет

шектен  тыс әсірелеу көрмейсіз. Енді Б.Майлин шығармасынан көктем күнін бейнелеген мысалды келтіріп өтейік: Апрель іші болғанмен аспанның шырайы қатаң. Өкпек желі ұйытқып, ұшпалы ақ бұлт төбеге келе беріп, мамықтай ақ қарын  бұлқыратып шашып жіберді. Жаз белгісі бар ғой  деп  жалаң киіммен жүрейін десең, іші-бауырың қалтырап сала береді1. Жазушы табиғат құбылысын шынайы суреттеп берген, мұнда көктем әлi өз күшiне мiнiп,  дүниенi  Жүсiпбектiкiндей «Жандандырып» жiберген жоқ, әлi ақ қардан арыла алмай жүр. Байқасақ, екi қаламгер  де табиғат «психологиясын»  жiтi зерттеп, сол табиғат көңiл-күйiн шығарма  сюжетiне  келiстiрiп, көркем фон жасаған.  Екеуiне тән ерекшелiк — Жүсiпбек ырғақты сөздермен суреттейдi, ал Биiмбетте — баяндау, талғамды теңеулер басым.

         Ж.Аймауытовтың стилiндей пейзаж үнемi авторлық логикамен жымдасып көркемдiк-эстетикалық мұратын айқындап отырады. Жазушы шығарма желiсiне табиғат арқылы тек фон жасап қала қоймай, оны сюжеттiк байланысқа түсiрудiң де жолын қарастырады.

1 Б.Майлин.  «Бейсекеңнің үйінде» Алматы-1988ж., 188-бет

  2Ж.Аймауытов. Шығармалары. «Қартқожа» Алматы-1989ж., 35-бет

         Ж.Аймауытовтың стилiндей пейзаж үнемi авторлық логикамен жымдасып көркемдiк-эстетикалық мұратын айқындап отырады. Жазушы шығарма желiсiне табиғат арқылы тек фон жасап қала қоймай, оны сюжеттiк байланысқа түсiрудiң де жолын қарастырады.

Шiлде. шағала көлдiң басы иiн тiрескен ауыл, бақырлаған мал, жердiң жүзiн, көктiң түрiн сары, қызыл алтынға бояп, жаздың нұрлы қызыл жүнi белеңнен асып, шетi қылтып барады. Шаңдатып, қарауытын, топырлатып жылқы шауып суға түстi. Жамыраған қой, азынаған сиыр, өкiрген бұқа, айғайлаған бала, ауқаулаған қатындардың даусы  қосылып, көлдiң басы ың-жың,  у-шу, ауыл-ауылдың түтiнi ұрандасып, ұласып, көл арнасын көк тұман басып тұр. О жерде, бу жерде қара құрық, бiреудi бiреу бiлiп болар емес.

         Жадыраған жаз елдi де жадыратты. Ел маужыраған…2. Жазушының «Шағала», «Көл», «Иiн тiрескен ауыл», «Жадыраған жаз» секiлдi эпитеттiк-метафоралық тiркестерi эстетикалық таным-талғамын аңғартса, суреттелген тұтас табиғат мазмұны шығарма сюжетiнiң  басталуына шебер

1 Б.Майлин.  «Бейсекеңнің үйінде» Алматы-1988ж., 188-бет

  2ж.Аймауытов. шығармалары. «Қартқожа» Алматы-1989ж., 35-бет

ойысқан. Осы әдiс Б.Майлин шығармаларында да кездеседi, әсiресе оқиғаның басталуын табиғатты сипатаумен өрбиту М.Әуезовте өте ұтқыр пайдаланылады. Мысалы: Май айының iшi. Түбiрнелiк қаланың бақшасы мейрам күнiне күндiзден әзiрленген. Күн батуға тақағаннан берi қарай, қаланың қызықты көксеген жастары әлденше көңiлдi топ болып, күлiсiп-әзiлдесiп келiп, бақшаға кiрiп жатқан. Бүгiн күн ыстық болған. Сондықтан мынау бақшаның көлеңкесiнен шыққан салқын леп майысып қана тербете соққанда, дененi тез көтерiп, сергiткендей болушы едi1. осылайша шығарма басталады да, оқырман бiрден қала өмiрi мен жастар тiршiлiг жайында сөз қозғалатынын айқын аңғарады. Мұндағы көркем тiлмен жеткiзiлген «салқын леп» — желдiң рөлi өзгеше. ол қала тұрмысы мен жастар тынысына ерекше табиғат тарапынан романтикалық сезiм жеткiзiп тұр. Сюжет басындағы табиғат суретi Б.Майлинде оқиға өрбуiмен ұтымды сабақтастырылған: Күз. Тынық айсыз түн. Өзен бойы. Иiрiм. Биiк шың. шыңның буырында әр жерде аңдағайлаған, көңмен көмiлген, тәртiпсiз салынған ауыл2. Бiз қарастырып отырған қай қаламгердiң қоршаған ортаны таныстыруында болсын, қайсы бiр мекен-орын болсын ауыл маңайын, қазақ ұғымындағы дала мiнезiн, Қазақстан жерiнiң географиялық ерекшелiгiн терең түйсiнгенiң байқаймыз. жылдың төрт мезгiлi де кезектесiп он екi ай түзейтiн табиғат мерзiмiндегi ауысулардың қазақ жерiнде үнемi тұрақты қалыпта қайталанатынына қарап, жазушылар сол төрт мезгiлдiң ерекшелiгiн көркем тiлмен қазақи түсiнiкпен бере алған. Әсiресе, тұған топырағының тамаша да, әсем әлметiн тiлге тиек етудi кез келген қаламгер өзiнiң борышы санаса, Жүсiпбек, Бейiмбет, Мұхтар да туып өскен атамекенiң сұлу мүсiнiн тiл құдiреттi жеткенше көркем сомдауға тырысқан.

         Жазушылардың мұндай географиялық мекендердi  суреттеуi де көп жағдайда сюжеттiң басталуына мұрындық болып отырады. Алдымен,

1М.Әуезов «Кінәмшіл бойжеткен» І том., Алматы-1967ж., 187-бет

2Б.Майлин «Алтын сандық», Алматы-1988ж., 346-бет

Ж.Аймауытов сипаттаған елдi-мекен сұлулығына көз жүгiртелiк:

         Өскеменнiң ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейiнен құбыла жаққа қарай құлай аққан, құлай ағын Ертiс түскен, күз күзеткен Күршiм бар.

         Алтай, Күршiм — не заманнан қалың найман мекенi. Сол Алтай мен сол Күршiмнiң қысы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, төрт түлiкмал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкiрегiн аймаласып, тыраңдысап, мәйек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрi де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлi. Марқакөлдi алқалаған — ақ ауылды Алтай елi. Алтай елi — Алтай жазы тау еркесi — киiк болып, өзге елдерден биiк болып, Марқакөлдiң самалында сайран етiп жатқаны1.

         Мынау көркем баяндаған басқаша құбылтудың қажетті де жоқ. Жазушы қаламында нақтылық, заттылық, субъектік бар. Дала дидарын суреттеуге шебер Жүсіпбек тау мен су сұлулығын да жазбай танып отыр. Автордың сөз саптауына «Құлай аққан Ертіс», күз күзеткен «Күршім», «қарағайлы қарт Алтай», «ақ ауылды Алтай», «бал татыған айна сулы Марқакөл», «шарап сулы Марқакөл» сынды күрделі эпиттетер қолданылған. Ел тіршілігі, табиғат тынысы жып-жинақы етіп сипатталаған. Тәкаппар тау мүсіні айналасындағы өзен-суларымен-ақ көріктеніп кеткен. Ж.Аймауытовтың сөз өрнегінен ұлттық калоритті байқамау мүмкін емес. Тек қазақ даласының табиғатына тән сұлулық төрт түлік мал, ауыл атының аталуының арқасында аңғарылып тұр.

         Қазақ жерінің табиғатын суреттеуден танбаған М.Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесінде Арқалық тауын былай сипаттайды:

         Қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажын келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп, дәмелендіріп тұрады. Жолдың

1Ж.Аймауытов. «Ақбілек» Алматы-1989ж., 146-бет

аузында көлденең созылып жатқан тұрқы он шақырымдай болғанмен, енсіз кереге сықылды, жалғыз тау. Не бауыры, не сыртында ықтартын жоқ ысқаяқ. Арқалық жадағай, жалғыз қабат болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да, оңынан соқса да паналығы жоқ: азынап тұрады. Қыстың басынан екі жағын қар алып, жұмыртқадай ғылып тегістеп тастайды.

         Сондықтан өзге жер ашық болып тұрғанда, Арқалықтың бауыры көбінесе бораннан босамайтын. Алыстан қарағанда да Арқалық бұдыры жоқ жалаңаш. Көруге аса көңілсіз1.

         Мысалда жазушы Арқалық тауының портретін жасайды. Жалаңаш күйінде емес, өзіміз көріп отырғандай тұтастырып суреттейді. Арқалық табиғатының қыр-сырын көркем тілмен баяндау арқылы жеткізіп берген. Жоғарыдағы үзіндіде Жүсіпбектің туған өлкеге деген мақтанышы мен сүйіспеншілігі бірден көзге түседі. Ал, М.Әуезовтің портретіне терең үңілу керек, өйткені шығарма басынан астарлы мәселе бой көтерген. Ж.Аймауытұлы сюжет желісінде Алтай атырабын ауыз толтырып ардақтап, оқырманын бір серпілтіп, енді шығарма барысында сол сарыннаң желі тартып жатуына психикалық процесс туғызады. М.Әуезов ерекшелігі дәл осы бағытқа қарама-қарсы – қоғамдық орта, әлеуметтік-саяси жағдай жайлы, адам бойындағы психологиялық құбылыстар туралы кереғар тұрмыс пен тірліктің трагедияға телінетінін оқиға басынан білдіруге тырысуында. Жазушылар таңдаған ситуациялар қарама-қарсы болғанымен, көркемдік әдіс-тәсілдер бағыты жағынан үндестік тауып тұр.

         Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов қолданған көркемдеу тәсілдерінің ендігі сабақтастығы – кейіпкер жан-дүниесі мен табиғат құбылысын бір-бірімен тұтастыра, салыстыра суреттнеуінде көрінеді. Адам сезімінің ішкі иірімдеріне бойлай, сондағы сыр мен сергелдеңді, қуану мен торығуды асқан нәзіктікпен

1М.Әуезов «Кінәмшіл бойжеткен» І том., Алматы-1967ж., 29-бет

 ұғысып, оны табиғат тылсымымен матастырып, сыршылдық сарынмен мушкақа ұластыру аса шеберлікті қажет етеді. ал бұл қасиетті үш жазушының еркін игергенін көреміз.  Мәселен, Б.Майлин «Зәкіржан молда» әңгімесінде:

         Кәрлі қыс, әлемді бір уысына сыйдырып бүрген қыс, Қанышқа қандай қымбатты! Үйткені Қаныш қысты заман құрбысымен ойнап-күліп жүріп өткізеді. Ойын тойдың ішінде болады. Мынау жаз, желкілдеген көк орай, самалды салқын түн – Қанышты жұбата алмайды, Қаныштың ойын бөле алмайды1. Әдете, ақын-жазушылар қыс мінезін қаталдыққа, көңіл-күй қатулы немесе қайғылы күйге болады.   Жаз мезгілі адам мінезінің жадыраңқы тұсымен дәл келеді деп салыстырады. Біз алған мысалда Бейімбеттің күрделі эпитетті «кәрлі қысы», тіпті  «әлемді  бір  уысына сыйдырып бүрген қысы» кейіпкері Қаныш үшін қымбат, себебі де түсінікті. Ал жаздың «желкілдеген көк орайы» мен «самалды салқын түні» образдың жан-дүниесінің таңдауынан шықпады, бұған да себепті автор өзі айқын айтып отыр. Осы детальдарды жазушы кейіпкер мінезін ашу үшін сәтті қолдана білген.

         М.Әуезов әңгімесіндегі мына бір ситуация – қыз жанының жәбірленген, намысының қорланған тұсында Ғазизаны зорлаған арсыздардың мінезіндей қатал табиғат құшаға қыс бейнесімен үйлескен:

         …Қайғылы бір сыр көрге бірге-ақ кетсін дегендей болып тысқа шықты. Күн әуелгі қалпына: ақ-түтекбоп борап тұр. Біресе  өкіріп,  біресе гуілдеп, құтырынып ұйытқып соққан қатты жел Ғазизаға: «жүр-жүр!» дегендей болып, дедектетіп алып жүріп кетті2.

         Ж.Аймауытов психологиялық параллелизм әдісін ең ұтқыр қолданған жері «Ақбілек» романында еді. Үзінді келтірейік:

         Саялдық қара бұлттар-ау! Ақбілектің жанын тұншықтырған қара тұман аз

1Б.Майлин «Алтын сандық», IVтом, Алматы-1988ж., 346-бет

2М.Әуезов «Кінәмшіл бойжеткен» І том., Алматы-1967ж., 48-бет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *