Жүсiпбек Аймауытұлы «Қара бақсы» әңгiмесi

Жүсiпбек Аймауытұлы «Қара бақсы» әңгiмесiнде де кейiпкердiң жан дүниесiнiң күрделiгiн ашу үшiн және түрлi жағдайға ұшырайтын кейiпкердiң рухани iшкi байлығын жұтатпай құтқару мақсатында композициялық ерекше тәсiл қолданады. Сөйтiп, әңгiмеге қатысатын кейiпкерлердi нәзiк талғаммен таңдайды. Шығарманның басты тұлғасы — Көшербай және оның жары Күлше бола тұра, сонымен қатар Бүркiтке де ерекше орын бөлiнедi. Қалғандары осылардың төңiрегiне топтастырылған. Қазақ халқының арасында қайғы мен қуанышқа ортақтастыра қарастырып, тiптi кейде оны ұлт тағдырымен бiрге қатар бейнелейтiн аң-құс жиi ұшырасатыны белгiлi. Мiне, осы дәстүр бойынша бұл жердегi бүркiт те табиғаттың символы ретiнде алып жазушы, ғасырлар бойғы құс пен адамның бiр-бiрiмен байланысы арқылы адам да, құс та табиғаттың бөлiнбес бiр бөлшегi екенiн ескертедi. Ол мақсатын жүзеге асыру үшiн жазушы шығармада бүркiттi табиғат пен адамды байланыстырушы деталь есебiнде пайдаланады: «Бүркiт емес, қырдың қыраны, Қапсағай, жебенi саусақ, жезтырнақ, Қайқы жауырын, қарашегiр, қанды көз, орақ тқмсық, делдең танау, балуыан батыр, еңкiш еңсе, мұз балақ, үш түлеген тас түлек».

         Осы сипатта бүркiттiң әңгiмеде көрiнiс табуы  оқырманға сөзсiз қараша-қайшылық әсер туғызады. Өйткенi бүркiттағынан тайып, тазалығы бүлiнбеген табиғаттың баламасы ретiнде алынады. Жазушы еңбегiнде адам мен табиғат, оңдағы аң-құс әлемi — көркем туындының фоны болумен бiрге уақыт тынысын да танытады.

         Күлше бейнесi де ерлi-зайыптының құндылығын сездiрумен қатар — сүйiспеншiлiктiң, құрметтеудiң, ерiнiң iсiне күйзелудiң, шыдамдылықтың, байыпты ақылдың иесi ретiнде символикалық мәнге ие. Себебi ол мыңдаған жыл бойы күйеуiнiң алдында барлық ауырпалықты өз мойнымен көтерiп беделгi ие болған типтiк тұлға ретiнде өз биiгiнде көрiнедi. Әсiресе, кемтар күйдегi күйеуiне деген шексiз сүйiспеншiлiк, әрекет — Күлшенiң ғасырлар бойы сан мың түрлi қиындықты бастан кешкен шыдамды ұлттың жан тазалығын меңзейдi. Осы бiр кiршiксiз тазалық оны отбасының қасиеттi тұтқасына айналдырады. Күлшенiң үш ай бойы төсекке таңылған күйеуiнiң жанында риясыз көңiлмен болуы, Көшербайдың ауыр дерттi жеңiп шығуына мол ықпал етедi. Мұның өзi белгiлi  бiр дәрежеде Күлшенiң қазақ халқының идеялы iспеттi екенiн көрсетедi. Сондықтан да оның мiнезiнде сабырлылық та,  байсалдылық та, шыдамдылық пен шешушi сәттегi батылдылығы да жетерлiк «Алған жары ақ сүлгiсiн салықн суға батырып, маңдайына жапсырып, қол-алғын ұқалап, екi көзi шөлдiреп, күнi-түнi отырғаны қасында»2 — деп көрсетедi.

         Күлше — қайсар мiнездiк, мәңгiлiк құндылықтың үлгiсi. Оның бейнесiнен ұлттық колориттi көруге болады. «Сорлы Күлше дамыл таппай күн астына қарады. Қараудың да қамықты. Күннен күнге дерт меңдетiп Көшербай да дамықты. Дамыққан сайын, сұлуы да жабықты: күйдi, жанды, тарты азапты, тамұқты…»3. Демек жазушы Күлше бейнесi арқылы әйел-ана орнын, еңбегi мен тұрмысын, батылдығы қайратын, мiнез қырларын кеңiнен көрсетедi.

         «Қара бақсы» әңгiмесiнiң стильдiн басты ерекшелiгiнiң бiрi-характердi iшкi монолог арқылы ашу дер едiк. Жазушы осы тәсiлмен шығарманың iшкi драмалық тартысын ашады. Тiптi жазушының шығармашылық жетiстiгiнiң күретамыры да осында дер едiк: «Атқа мiндi адам болды, қатын алды, бала сүйдi. Мылтық атты, ит жүгiрттi, құс салды, жүрдi, тұрды, сауық құрды, сонда-дағы жас өмiрдiң қызығына тоймады…»

1 Ж.Аймауытұлы, -Т.ІІ. -100 б.

2 Ж.Аймауытұлы, -Т.ІІ. -101б.

3Ж.Аймауытұлы, -Т.ІІ. -104 б.

 

         Ж.Аймауытұлы характер жасаудың да шеберi. Ең бастысы ол кейiпкер мiнезiн түрлi деталь арқылы күрделендiрiп барып, кейiпкердiң  тұтас бейнесiн қалыптастырады. Оған- Әбежанды кескiндеуi дәлел. Аталған кейiпкердi бейнелеу үшiн жазушын толығымен бiр бет арнайды. Онда Әбежанның дағдысын, ұсталығын, өткiр тiлдiгiн, денсаулыққа көзқарасын былайша толық сипаттайды: «Бұл Әбежан — оқымаған қарапайым адам. Бiрақ тоқығаны көп, тәжiрибеге, ақылына, сүйенген адам. Әбежан көзi көрмегенге, ақылы сыймағанға әсте нанбайды. Ол жiн тұтпайды, намаз оқымайды, ораза ұстамайды… оның тiлi удан ащы күлдiрмей сықақ қылмай сөйлемейдi, от ауызды, орақ тiлдiгiнен ағайынға да сүйкiмсiз. Жiгiт кезiнде балуан да, би де, шешен де болған: өткенiн айтып әсте мақтанбайды. Жасы алпысқа келсе де босағасынан бiр бүркiтi кетпейдi.  … Бақсы — балгерге сенбейдi. Оқыған дәрiгерге сенедi. Бiрталай аурудың емiн бiледi, адамның денесi қалай жаралғанын, терiмен  дем алатынын таза ұстау керек екенiн, суықтан сақтау шарасын жақсы тоқыған…»

         Жазушының көркемдiк стилiнiң басты ерекшелiгi — қоғамдағы өзектi мәселенi қалыптастыратын оқиғаны жеке кiсiмен ұжым арқылы байланыстыра отырып, суреттеуi дер едiк.

         Мұндайда қаламгер көбiне-көп реалистiк процестердiң дамуын таңдайтыны көзге ұрады. Сонымен қатар ол қазақ халқының өмiрiн жақсартуға септiгi тиетiн тағдырлы оқиғаны табуға тырысады. Сөйтiп қана ол әңгiменiң шешiмiн тауып Әбежаның дiни түсiнiгiн анықтап, оны күлкiне айналдыру арқылы мақсатына жетедi. Бұрыңғы кейiпкерлерге қарағанда Әбежанның жан-дүниесi  күрделi философиялық мәндегi кейiпкер. Мұның өзi жазушының стилiндегi ерекшелiктiң бiртiндеп қалыптасқанын көрсетедi. Сондай-ақ кейiпкер мiнезiн күрделендiруi жазушының шағын жанр-әңгiме, повесть жазуды сиретiп, iрi табысқа жету үшiн мақсатты түрде iрi шығармаға бет бұрғандығын байқатады. Бұл мақсатқа жету үшiн «Қара бақсы» әңгiмесi жазылған кездiң өзiнде-ақ байқалғанымен, нағыз жүзеге асқан шағы — «Қортқожа» романы дер едiк. Яки, Әбежан мен Қартқожа — әлеуметтiк құндылықтағы бiртұтас бейне. Тiптi, Қартқожа — Әбежаннан артық сияқты көрiнгенiмен, екеуi бiр негiздегi кейiпкер. Егер Әбежанға жеке тоқталар болсақ, қоғам мен тұрмыстық бiрлiгiнiң себеп-салдарын бiлудi көксеген iзденiс үстiндегi жан. Мысалы, ол өз өмiрiндегi өзгерiске қоса төңiрегiндегi болып жатқан жағдайды анықтауға да құмар. ол әрине, айтарлықтай түбегейлi талдау, жасай алмайды, өйткенi оған бiлiмi жетпейдi. Бiрақ оның қарапайымдылығы, табиғилығы оны оқырманға ерiксiз жақындата түседi. Әсiресе, оның өмiрлiк тәжiрибеден туындаған ойларының мәнi зор: «Әбежан қатты ауырып өлгелi жатқанда балаларына айтқан өсиетi: — Маған мал шығарып, садақа берiп, әуреленбеңдер!» Ағайынның кеу-кеулеген тiлегiне желiгiп, тайынша-торпақтарыңнан айырылып қалмаңдар. Басыма ит сарымастай қылып, тастан бiр обашық орната саларсыңдар».5

         Оның аузынан шыққан әрбiр сөзден өмiрдiң мәнiн түсiнуге тырысқан кiсiнiң ойын аңғаруға болады. Яғни, Ж.Аймауытұлы стильдiк шеберлiк арқылы әңгiменiң түйiнi етiп жалақ патриоттықты емес, оқырманын кейiпкерлерiнiң жанын жеген шындыққа жүгiндiредi. Демек, жазушы шағын жанрдағы кейiпкерлер арқылы қоғам, өмiр шындықтарын ашуға батыл қадамдар жасайды. Адам жемiнiң енедi. Сол арқылы уақыттқа деген көзқарасын бiлдiредi.

         Әңгiме мұраттарының бiрi осы. Бағзы заманнан берi қарай адам баласының арманы — қоршаған ортаның құпиясын ашу екенi белгiлi. Әр дәуiрде бiлiм-бiлiгiнiң деңгейi, дәрежесiне қарай дүние құрылысы жайлы пiкiр айтылғаны да шындық. Мiне, Ж.Аймауытұлының да өз шығармасында алдымен фольклорға  жүгiнiп, оны өмiр шындығымен байланыстыруға әуестенуi де осы құштарлыққа байланысты. және мұның бәрiн сол 20-30 жылдардағы әдеби талапқа сай орындаған.

5Ж.Аймауытұлы ІІ том. 100бет

 

         Бұрынғы шығармашыларында табиғат көрiнiсi мен жылдың мезгiлдерiн  суреттеу жазушы стилiнiң басты ерекшелiгi саналса, нақ осы әңгiмеде сезiмге тиетiн шегiнiстiң аздығы кiсiнi қайран қалдырады. Тек шығарманың бас жағында қысқа да ықшам түн суретi берiлген: «ай туған жоқ, аспан бұлт, күн желтең» деген сияқты.

         жалпы адамзаттық құндылықты көрсету «Қара бақсы» әңгiмесiнiң табиғатынан да сезiлiп тұрады. Әңгiменiң пәлсапалық мәнi фольклорлық, дәлiрек айтсақ бақсы оқитын өлеңнен аңғарылып та жатады. Әдепкiде Көшербайдың ауырып әлсiреуi, сол кездегi оның iшкi арпалысы, кейiн  осылардың бәрi жалпы адамзаттық қасиеттердiң түйiнi десе де болады. Қорыта айтқанда, «Қара бақсыны» Ж.Аймауытовтың философиялық мәнге ие құнды еңбектерiнiң бiрi деген қорытындыға келемiз.

                                                   Жазушының шығармасын талдай отырып кейiпкердiң философиялық қалыптасуын бағыттайтын түрлi тартысты типтендiру тәсiлiн, сондай-ақ кейiпкердiң психологиялық әлемiн, бүкiл адамзаттық проблема мен анық көзқарасын бақылауға болады. Мұның бәрiнен Ж.Аймауытұлының шағын жанр, жекелеген кейiпкерлер арқылы адам әлемiне үңiлiп, соның негiзiнде өмiр шындығын көркем, шынайы баяндайды. Адам факторын шешушi әс деп бiледi.

         Қазiр де солай.

         Жазушы ерекшелiктерiнiң бiрi-туынды табиғатында, мазмұнында диалог, монологтың жиi қолданылатынында «Жаңабайдың жанындағы трагедия» әңгiмесi кейiпкердiң монологiнен басталады. Ол жариялап жүрген шығарманың бәрi қайтыс болған досы Хамиттiкi екенiн мойындайды. Күтпеген жағдайда қолына түскен қолжазба оны қатты қызықтырады: «Солардың арасынан бiр жуан дәптер табылды. Iшiн ашып қарасам, марқұмның жазып жүрген ұсақ әңгiмелерi, өлеңдерi екен. Бiр-екi сөзiн оқып көрiп едiм, дәмдi көрiндi: қызығып кеттiм»,1 – дейдi.

1Ж.Аймауытұлы.

шынында да осы шығарма арқылы ел iшiне танымал кiсiге айналады. Бiрақ ақырында жаным жегi құрттай жеген азап, оны мойыңдатпай қоймады. Автор әңгiменiң алғашқы кезiнде-ақ оқырманды бас кейiпкермен былайша таныстырады: «Жаңабай – еңгезердей мосқал кiсi».1 осы әңгiмеде де Жүсiпбек Аймауытұлы өзiн психологиялық мiнездi ашауда шебер жазушы екенiн көрсетедi. ол қысқа да  нұсқа: «Жаңабай бiр айтты-болды, екi сөйлеген жан емес».2

         Кейiпкердiң iшкi әлемiне енiп, көзқарасын қасиеттерiн iс-әрекет үстiнде ашады. Ж. Аймауытұлы кейiпкерiнiң толқыған сәттегi бiртiндеп тебiренiске енуiн де шебер суреттейдi. оған: «Жаңабайдың өмiрi жас шықпаған отты қара көзiнен моншақ домалап жерге түстi. Көзiнiң ар жағынан сылдырлап бұлақ ағып келе жатқандай, жүйе бiткенi босағандай елжiреп, өзiне-өзi ие бола алмайды» — дейтiн үзiндi дәлел. Бұл жерде кейiпкер алыс жылдарда қалған балалық шағын есiне түсiрейдi. Сол арқылы Жаңабайдың балалық дәуiрiнiң қалай өткенi анық бiлiнедi. Сөйтiп жазушы өзiнiң стильдiк ерекшелiгiн пайдалана отырып, Жаңабайдың жан дүниесiндегi сұлулық пен оның ғаламмен байланысын беру арқылы кейiпкердiң жан дүниесiне үңiледi. Бұл авторға осы арқылы кейiпкердiң тыныш өмiрмен бiржола қоштасқанын айғақтау үшiн де қажет болғанға ұқсайды: «Шеше-ау! Сондағы жаңаш балаң мынау! Елге-жұртқа сыймай, қаңғып бара жатқан сорлы жаңашын мынау!  Көрдiң бе, шеше, балаңды?…»1 – дедi соның айғағы. осы арқылы әңгiменiң түйiнi белгiлi бiр мағынаға ие екенi сезiледi. осыған ұқсас түрлi тәсiл қолдану нәтижесiнде жазушы оқиғаны қорландырып, кейiпкердiң мiнезiн қалыптастырады. Бұл тұтастардан жазушы iзденiсi, көзқарас әволюциясы, жазу әдебi мен мәнерi, образ жасау ерекшелiктерi де байқалады.  Адам әлемiн еңбегi мен әрекеттерi, табиғатты арқылы ашады.

1Ж.Аймауытұлы.

2Ж.Аймауытұлы.

 

         Ж.Аймауытұлы тартысты оқиғаны бастар тұста кейде сөйлемдi аяқтамай немесе бiр сөздi бiрнеше қайталайтын стильдiк тәсiлге жүгiнетiн кезi де ұшырасады. Мысалы   «Қара бақсы» әңгiмелесiндегi бiр азат жолда «Арман» сөзiн:  «Бұл өмiрдi сүрген сайын, арманнан арман туады. Арманды арман қуады. ол арманды көксемесе, Көшербайдың өлгенi» деп бес рет қайталайды. Сондай-ақ «Жаңабайдың жанындағы трагедия» әңгiмесiнде «кетiм» сөзi бiр абзақта үш рет қайталагады: «Бiр жолы кеттiм. осы кеткенен жаңашың қайта келмейдi…».1 осы арқылы автор алыс сапарға аттанғалы тұрған кейiпкердiң алдында қасiреттi жағдай күтiп тұрғанын және оның жақындап қалғанын аңғартқан. Ал  «Қара бақсы» әңгiмесiндегi сөздiң қайталануын оның сырқаттан сауығуынның нышаны есебiнде қабылданады.

         Ж.Аймауытұлы шығармаларының қарапайым, оқуға жеңiл екенiне қарамастан, мың түрлi құбылып сезiмдi қозғайтын стильдiк ерекшелiктерi қай-қай туындысынан да танылады. оның құпиясы-тiлiнiң байлығы да оқиғаның ширақ, құрылуында да емес, бұларға қоса түпкi айтар ойының тереңдiгiнде, табиғат пен  қоғамдығ қозғаушы күшкi жататын адам тағдырының шебер кестеленуiнде жатқаны анық. Мысалы: «Құраған сар дала. Ұшы-қиыры жоқ дала. Алдында белес бардай көрiнедi. Белестен асса, ар жағында ел бардай көрiнедi. Белес дегенi жазық болады. оның ар жағы белес, оған жетсе, тағы белес… Жаңабай сар далаға көзiн сүзедi. Сағымданған белестен басқа нәрсе көрiнбейдi. Сонда да үмiтiн үзбейдi. Бiр белестен асса, асытан малы бақырлап, түтiнi бұрқырап ауыл жолығатындай  болады».

         Шырайлы тiл, iшкi ырғақтың саздылығы, сөздiң артық-кемсiз орынды қолданылуы, санада пайда болатын ағылған екпiн, мiне осының бәрi Ж.Аймауытұлы шығармасының кез келгенiне де тән қасиет. Жазышу суреттейтiн табиғат пен адам арасындағы байланысты  оқып отырып, бiр

 

1Ж.Аймауытұлы. 1989ж. 15 бет

кезде, әлдеқандай жағдайды әнгiлердi  көзiңмен көрiп жан дүниеңмен сезiнген жайлар екеiне кәдiмгiдей иланасың. осының бәрi ғасырлар бойы ұлттық мәдениеттiң санаға сiңiрген қазынасының жемiсi екенi анық. жазушы еңбегiнен өмiр тәжiрибесi мол дерек көздерi көп екендiгi көрiнедi. Халық қазынасын еркiн меңгередi. Сөз сырына зор маңыз бередi.

         Суреткерлiк пен нәзiктiк – Ж.Аймауытұлы стилiнiң синонимi тәрiздi. Мұның өзiндiк сыры бар, ол жазушы қиялынан тұған өмiрлiк оқиғаның оқырман ойына ауысатынына байланысты. Бұған: «Аспан ала шабыр бұлт. Ызыңдыған күзгi таң бойды шiмiрiктiредi. жер бозқырау» — деген жолдарды оқыған кiсiнiң көзi анық жетедi. Өйткенi қысқа-қысқа үш сөйлем оқыған кiсiнi сол бiр табиғаттың iшiне ерiксiз ендiрiп жiберетiн шындық. Жазушы әдеби тәсiл ретiнде табиғатты суреттегенде тек жансыз көрiнiстi көрсету  үшiн ғана емес, кейiпкердiң көңiл-күйi мен ойын оқырманға жеткiзу мақсатында да пайдаланады. Бұған жоғарыда келтiрiлген үзiндiлер, әсiресе Жаңабайдың өмiрi, ой-толғанысы, лаға қойған мақсаты дәлел болады. Ж.Аймауытұлы еңбектерiнде табиғат суретiмен жылдың төрт мезгiлi метафора арқылы берiледi. Сонымен қатар стилистикалық әсердiң күйiне сай оқиғамен тығыз байланыс құрайды: «Мiнекей, мынау үңiрейiп, ақырап жатқан құр өзен. жылқыны талай буны тастап, бекiнетiн құр өзен. Кемерiнде бас бағыт қарауыл қарап жататын құр өзен. Қойныңда талай күн түнеп, қараңғыда жылқы жетектеп, жылғаңмен жылысып кететiн құр өзен… Қош бол, ендi адыра қалған қу өзен?…»1. Бұдан Жол үстiндегi Жаңабайдың жол дүниесiндегi азапты сезiнемiз. «Жаңабайдың жанындағы трагедия» мен «Қара бақсы әңгiмелерiнде кездесетiн қайталамалар осының дәлелi. Бұл тұрғыдан келгенде, жоғарыда келтiрiлген өзенге қатысты ырғақтың белгiлi бiр мiндет атқарып тұратын айтқан жөн. жалпы, Ж.Аймауытұлы көбiне-көп өзiнiң шығармаларында ырғақты қолдануда сөйлемдердi өлең сияқты ұйқастыра құрады немесе сөйлемнiң жеке

 

1Ж.Аймауытұлы. ІІ том. 15 бет

бөлiктерiн қайталау арқылы жасайды. Бұл жерде «құр өзен», «қу өзен» деген сөздер арқылы сөйлемнiң ырғақтылық әуенi бұрыңғыдан да күшейе түсiп, айрақша екпiндi, ырғақты болып келедi. Мұндай тәсiл халық поәзиясының стилистикасында жиi қолданылатыны белгiлi. жазушының осы дәстүрдi, әсiресе табиғатты бейнелеуде шебер игеруi стильдiк шеберлiгiн ұштап, оның прозалық туындыларының өзiн поәзия жанрына жақындататынын айтпасқа болмайды. «Жаңабай сар далағы көзiн сүзедi. Сағымдалмған белестен басқа нәрсе көрiнбейдi.  Сонда да үмiтiн үзбейдi. Бiр белестен асса, асытан малы бықырлап, түтiнi бұқырап ауыл жалығатындай болады» — деп қайта тiрлiк үшiн күрестiң таусылмағынын сездiрiп отырады. осы тәсiлдiң мейлiнше шағын  әпизодта берiлуi  автордың шеберлiгiн көрсетедi. Демек, қысқа баяндау, үлгiлер арқылы да жазушы қоғам сырын, өмiр мәнiн, адам мұратын терең де шебер, шынайы жеткiзедi.

         Жаңабай мен әйелдiң арасында болған қысқа қайырымды диалог орташа ауқатты үйде болған. Ж.Аймауытұлы 20-30 жылдардағы жазылған шағын әңгiмелерiндегi қазақ жерiне келген өзгерiстерге көзқарасы мен философиялық ойлары шоғырланған: «Жаңабай «су ма?» дегенде, қалтылдап түрегелдi. Қолы дiрiлдеп, еңкейiп шелектен шөмiшпен су әпердi. Жаңабай суды жұтып болып қазанды нұсқап:

  • Мынауың не? – дедi.

Қатын бет-аузы жыбырлап, қисалаңдап, демiн бiр алды да, «су» дедi.

Жаңабай  мойынын созып төргi үйге қарады. Пештiң түбiнде бүркеулi бiр нәрсе жатыр: «анауың не?» деп едi, қатынның бет-ауызы тағыда аттай тулап, тұтығын сөйлей алмады».2 Ләйлә Мекебаева «шығарма шеберi» атты мақаласында Ж.Аймауытұлының әңгiмелер хақында яғни осы әңгiмесiнде отызыншы жылдары қазақ жерiнде болған ашаршылық мәселесiн көтерiп отыр. Бiздiң ойымызша, Ж.Аймауытұлының

1 Ләйлә Мекебаева “Қазақ тілі және әдебиет” 1998ж. 61-64бет

«Жаңабайдың жанындағы трагедия» әңгiмесi — қазақ халқының әлеуметтiк жағдайын көтерiп қана қоймай психологиялық жан ұшырып әрекетiн де терең көрсете бiлген туынды. жабық тұрған матаны ашқан кезде етi кесiлген кiшкентай баланың мәiтiн көрген Жаңабайдың жан-дүниесiнiң ашынғандығын жазушы шебер көрсете бiлген. Кейiпкердiң сезiмiнiң ашылуы-жазушының көркемдiк шеберлiктi шыңдауының нәтижесi. Әлеуметтiк және психологиялық тупик ситуациясы Жаңабай ситуыцияда еш нәрсе жасай алмады, себебi өзi де осы тупикте едi: «Жаңабай шөмiштi тастай берiп, қатыңға бiр түйiлiп қарады да, тысқа шықты. Жаңабай кiрпияз кiсi болатын. жүрегi айнып арбасында қарай жүрдi. Албасты қатын… жемтiк, борша борбай… көз алдында тұрғандай… Мұндай да әлемет болады екен?  Айан-ай! Өз баласын өзi жедi-ау… Адам ба? Албасты ма?… шыбын жаны құрғыр неден мұнша тәттi болды екен!… оған да кiнә жоқ».1 демек, жазушы еңбегiнен адам факторына назар аудару  арқылы кезең көрiнiстерiн, өмiр, уақыт сырларын ашу мұраты айқын аңғарылады. Адам табиғатына үңiлу, мiнез қырларына ден қор – жазушы мұраттарының бiрi. «Жол үстiнде жазушының бұл әңгiмесiн Қ.Мұхамедханов «Қазақ әдебиет» газетiнiң  1990 жылғы, 13 шiлдедегi нөмiрiнде қайта бастырды. Қ.Мұхамедханов әңгiме берген өзiнiң түсiнiктемесiнде былай дейдi: «Жүсiпбек Аймауытұлының өз басында кешкен өмiр кезеңдерiнiң жастық шағындағы бiр сәтiн суреттеген «Жол үстiнде» атты көркем әңгiмесi «Ташкентте басылып шығып тұрған «Терме» атты тәрбие, бiлiм, әдебиет жайындағы мақалалар жинағының бiрiншi санында 1925 жылы жарияланған.

«Жол үстiнде» әңгiмесiнiң соңында Жүсiпбек өзiнiң аты-жөнiн атамай, «Қызылбас» деп қол қойған. «Қызылбас» — Жүсiпбектiң әдеби есiмдерiнiң бiрi «Жол үстiндегi» 1925 жылдан кейiн жарық көоген емес.

А.П.Чеховтың «Дала» повесi сарындас  бұл шағын әңгiмеде қарапайым халықтың-ұлттық характермен тұрмыс-тiршiлiгi, ел мен жердiң табиғи суретi, ең бастысы Ж.Аймауытұлын қолтаңбасына тән әуездi тiл, сұлу ырғақ анық сезiледi».1

         Ұзын жолдың шегiне,

         Кiмнiң көзi жетедi?

         Өгiздердiң тұяғы

         Қыбыр-қыбыр етедi, —

деп басталатын бұл әңгiмесiнде жазушы өгiз жеккен арбамен жол үстiнде кетiп бара жатқан шәкiрттердiң iс-әрекеттерiн, олар жүрiп өткен жерлердiң табиғатын, жолда көрген бiлгендерiн көркем, тартымды суреттейдi.

         Бiрде, «қазынаның көк арбасына шаңырақ мүйiз екi дәу мұртты жегiп бiз қаладан шаққанда, сырғылып-қызғылт сәулесi селдiр орманының басын жалап, қыркүйектiң қырқылжың күнi ұясына таянып едi. Айна таздың басындай жылтыраған аспанның жұлығында, сайлаудан кейiнгi абзалдардай, сұрқым бұлттар сансырап жүр едi,4 – деп қаладан шыққан сәтiндегi табиғатты суреттесе, ендi бiрде  жазушы түнгi аспанды былай деп суреттейдi:  «Алдымда қояндай бұраңдап, зымырап, сiңiрдiң қор қараңғылығына сүңгiп жоғалған қара  жол жатыр. Меңiрлеу түнде қара көк аспанға меруерттей шашау шашып. о жер, бұ жерде жұлдыздар жылтылдап сыңсып келедi. «Мен жарықпын» деп бiр жұлдыз тұса, «мен сенен де жарықпын» деп тағы бiреуi  шыға келедi, «Сендерден – бiз жарықпыз» дегендей, әлденешеуi тағы туады».2

         Тылсым табиғатқа жан бiтiрген тамаша бейнелеу.     …жiгiттердiң озып кеткенi де, қалып ойғамы да болды. оны елең қылған Құлтума да, егiздер де болған жоқ. Әуелгiсiндегi ұзын жолмен тартып келедi – дей келiп, жазушы әңгiме басындағы өлең жолдарымен әңгiмесiн аяқтайды. әңгiме қыр суреттерiн, адам мiнезiндегi өзгерiстердi қарапайым сөз етуiмен құнды.

         

1ж.Аймауытов. “жол үстінде”, “Қазақ әдебиеті”. 1990ж. 13 шілде

2ж.Аймауытов “жол үстінде”, “Лениншіл жас” 1989ж. 6 қаңтар

Ж. Аймауытұлының және бiр әңгiмесi — «Елес». Бұл әңгiме 1924 жылы жазылған. Мұнан кейiн «Лениншiл жас» газетiнiң 1989 ж. 6 қаңтардағы нөмiрiнде жарияланды. Жүсiпбектiң 1989 жылы шыққан «шығармалар» жинағына да сол газеттегi нұсқасы бойынша енгiзiлген.

         Өз естелiгiнде профессор Б.Кенжебаев жазушының өзiне тән кейбiр ерекше қасиеттерi, шеберлiгi жөнiнде айта келiп, бұл әңгiме туралы.  «Бiрер күнне н ол «Елес» деген тағы бiр қысқа  әңгiме әкелiп бердi. Екеуi де аса маңызды, қызықты әңгiмелер едi»,1 – деп еске алады.  «Қолында қалам. Алдында қағаз… Ел ұйықады. Мен ояу. …Аймақтық жастар комитетi екi күннiң iшiнде жазып тапсыруға мойына бiр мақаланы артқан… Сол мақаланы жаза алмай, ойланып, ойым бiрден-бiрге көшiп отырғанда бiрдеңе қараң етедi. Сөйткенше, болмады, кеудесi порфель қолтықтап, автомобиль мiнген комиссардың кеудесiндей кердеңдеп басып, бiр жiгiт сап ете түстi»2 – дейдi жазушы. Бұл жазушы суреттеуiндегi «елес» болатын. Мұнан әрi жазушы осы кiрiп келген «елес» екеуiнiң әңгiмесi, яғни диалог арқылы әңгiме желiсiн онан әрi өрбiтедi.

         Ол (елес): — олай болса әңгiмелесейiк, пiкiр алысайық, әлде бiр-бiрiмiздi пайдаланып қалармыз, — ендеше төңкерiстен берi не жазып жұрсiңдер?… Төңкерiстен берi алты жыл өтiп, жетiншiге аяқ басып отырмыз, содан берi қақсап келе жатқан жарапазандарын осы ғой? Құрғақ сөзден жалықсаңдаршы!

         … Қазақ жұтқа, ашаршылыққа ұшырады. оның ауыртпалығы, өлiмi, шығыны, қайғысы зардабы қандай болды. Қзақтан төңкерсi үшiн алысқан, жан қиған ерлер болады ма? Болса, олардың өмiрi немен өттi? Төңкерiс жағына шыққан азаматтардың көбi не iстедi?  Бұларды қозғаған жазушы болды ма? – деп елес тағыда басқа көптеген мәселелердi көтередi. жазушы әңгiмесiнде осы елес арқылы үлкен ойларды қозғап, сол кездегi ақын-

1Б.Кенжебаев “Телегей теңіз”, “Лениншіл жас” 1989ж. 6 қаңтар

1 ж.Аймауытов шығармашылар.  А. 1989ж. 421бет

жазушылар осындай үлкен мәселелер төңiрегiнде ой тербеп, қалам тартса деген ниетте болғандығын көрсетедi.

         Әңгiме жанры – Ж.Аймауытұлының шығармашылығының қалыптасқан, шыңдалған мағына тура келедi. Сондықтан да оның жазған туындылары ғалам, адам, қоғамдық қатынас, психология, философияның жиынтығы тәрiзденiп көрiнедi.

         Жазушының жаңалық атаулыға құштарлығы  мен сезiмталдығы және соларды көркем стильмен көрсете бiлуi кiм-кiмдi де қайран қалдырады. Мысалы ретiнде, жазушының әңгiмелерiнiң дамуын бақылсақта жеткiлiктi болады. Мұндайда бiз жазушының басты ерекшелiгi — ұлттық рухты, дәстүрдi, оның тарихын, жаңа мен ескiнiң  айқастын билiк үшiн қырқысқан  шайқасты  көрсете бiлуi дер едiк.

         Соынмен қатар жазушы көлемдi проза жанрларына да қалам тартқан. Атап өтер болсақ Ж.Аймауытұлының «Күнiкейдiң жазығы», «Қартқожа», «Ақбiлек» секiлдi повесть, романдары көркемдiк қасиетiнен, жанр табиғаты мен талабына толық жауап берумен бiрге қазақ сөз өнерiн, соның iшiнде көркем проза үлгiсiн,  ұлттық әдеби дәстүрлердi әлемдiк әдебиет биiгiне көтерiп, руханият саласында өзiндiк iз-бедер қалдырғанын айрықша  айтамыз.

         1926 жылы Қызылорда жеке кiтап болып басылып шыққан «Қартқожа» романы – тек жазушының осы жанрдағы алғашқы туындысы ғана емес, бүкiл қазақ әдебиетiнiң үлкен табысы деп есептеймiз.

         Қартқожа романындағы — басты кейiпкерiмiз  Қартқожа өмiрде болған адам. оны жазушы толықтырып, дәуiр шындығымен  байланыстыра суреттеп нақты типтiк бейнеге айналдырады. Қартқожа жөнiнде З.Ақышев былай дейдi: «Қартқожа жананұлы Тоғанбаев 1895 жылы туып, 1938жылы Сталиндiк репрессияға ұшыраған. Өз басым ол кiсiнi жақсы бiлемiн. оның атын атамай. Қартаға дейтiн едiк. ол өзiнiң алдынан сабақ алған бiздерге ғана емес, оны бiлген әлеуметтiң бәрiне қадiрлi, бәрiне сыйлы адам едi. жетi атасынан берi шыр бiтпеген тақыр кедей болатын…»1  Жүсiпбектiң суреттегiндегi жүман отбасында тағдырында сол кездегi қазақтың тақыр кедей жалшыларының типтiк бейнесi бар. Жүсiпбек не нағыз кедей, өмiрi жоқтылықпен өткен отбасынан шыққан. Жұман мен оның отбасының суреттерiнде өз әке-шешесiнiң өмiр деректерi барын. Қартқожадан кездесетiнiн Жүсiпбектiң өзi де мойындаған.

         «Қартқожадағы» алатын бала молданы оқысақ, ол-өзiн. Қартқожаның әке-шешесiн көрсек, ал-өз әке-шешем»2 — дейдi ол. Роман мынадай үш бөлiмнен тұрады.

  1. Алыстағы сағым
  2. Патша жарлығы
  3. Қараңғылықтан жарыққа

шығарма оқиғасы Қартқожаның балалық шағын суреттеуден бастап,

оның iзденуi, өсi жолын қадағалай дамып отырады. Қартқожа өсе,  келе ел iшiндегi түрлi әдiлетсiздiктердi көре бередi. Өз басын құрбы құрдастары талай кемсiтiп, мазақ етiп қорлағаны, зорлық көрсеткенi бар». «жас күнiнде бай балалары талай қарға аунатқан, қойнына қар да толтырған тонын да жыртқан, кiтабын да шашқан, өгiзшесiн аудартып, қуып жiберiп, талай жаяу қалдырған. осының бәрi Қартқожаны ойландырды, жанын кейiттi: «Әттең, менiң кедейлiлiгiм-ау! Әйтпесе солардың мелен арқылы артық па? Зейiнi артық па? Артық болса, малы артық. Дүние шiркiн-ай! Кегiмдi алатын да күн болар ма екен!» деп iшiнен зығыры қайнап жүрдi»3 ол болыс, тiлмаш, ауылнай, шабарман дегендердi «жауысыздықтың ұясы» деп ұғар халге жеттi.

         Қартқожаның үмiт арманының бәрi орысша оқу тiлгiмен байланысты өрбидi. ол әр жерлерде ашылған орыс мектептерi  туралы, онда оқитын шәкiрттер жайлы мәлiметтерге құлағын түра жүредi. Көкiрегiнде «мен де солардай болам» деген арман оты маздап жанады.

            1 «Қазақ әдебиет»,  1988ж. 23 желтоқсан

2 Ақышев «жүсіпбек және оның Қартқожапсы» «жұлдыз», 1990ж. 183бет

3ж.Аймауытов «Қартқожа» А., 1989ж. 27бет

Сондай-ақ Қартқожаның Уфа медресесiнiң шәкiртiмен кездесуi, одан естiген әңгiмелерi кейiпкер бойындағы оқуға деген құмарлық отын үрлей түскендей болады.

         Бiрақ кедей үйдiң қиын тұрмысы қол-аяғын матап уысынан босатпаған Қартқожа апасының ауылында бала оқытып, молдалық жасайды. осындай жағдайда оқу идеясынан қол үзiп қалған Қартқожаға жүнiстiң кездесуi оның кездесуiндегi арман отын қайта оятады.

         «Доң басына шықсақ, шақшаң адырының бiр төбесiнде екi жiгiтi көремiз. Екеуi де жас жiгiт. оның бiрi-тақырың Қартқожа. Ендi бiрiнiң киiмi орысшалау: басында шляпа, үстiнде пальто, аяғында қисық табан. Тегi қалады орысша оқып жүрген шәкiрт болу керек.

… шәкiрт жерден тас алып, бiр сүйектi көздеп атып отыр. Қартқожаға көрсетiп болды да: «осымен орыс қарiптерiн танып бiтiрдiң, ендi қысқа-қысқа әңгiмелердi оқытып, перiуаттап үйретемiн» — дедi»1

Ол аз күн жүнiстен сабақ алып, оны орыс мектебiнде түсiп толықтыруыд армандайды. Бiрақ мұның бәрiне бөгет боларлық үннен оқиға килiгедi. ол — 1916 жылғы патшаның июнь жарлығы.

Романның екiншi бөлiмi түгелдей дерлiк осы оқиғаға арналған. Патшалық бұл жарлығы бойынша 19 бен 31 жастың аралығындағы қазақ жiгiттерi майданның қара жұмысына шақырылады. Халық оған наразылық көрсетiп, көтерiлiске шығады. Бұл тiзiмге Қартқожа да, ағасы Тұңғышбай да iлiгедi. Тарихтағы Қартқожамыз, замандасы. З.Ақышевтың айтуынша, бҮл түстi 20 жаста. ол — солдатқа алынатындар тiзiмiнде заңды түрде болуға тиiс. жазушының оны 18 жас етiп суреттеуiнiң сыры 19-ға жетпеген адамды жасын өсiрiп жазып, зорлықпен жiберiп отырған ел басшыларының әдiлетсiздiгiн, панасыз, малсыз адамдарға жасалып отырған зорлықтың сырын ашу үшiн әдей алғандығы.

3ж.Аймауытов «Қартқожа» А., 1989ж. 40бет

Дәрмен — нағыз халықтың бейнесi. онда қазақтың батыр серi жiгiттерiне тән мiнез-құлықтар бар. Батырлық, балуындық пен ғашықтық, әншiлiк мiнездер түйiскен.

Жүсiпбек қаласының әр жерiнде болған Иманжүсiп, Тәуке, Майғаралар сияқты ер жiгiттердi еске алады. Дәрмен өлiмi осылардың өлiмiн қайталайды, әлдiлермен алысып, заманның тарлығынан қорлықта өледi.

«оның көзiн ашып, оң мен салым тануына себеп болған Андрейдi ол өле-өлгенше есiнде сақтайды». «Қартқожа романда жалғыз емес, оның алды-арты, өскен ортасы, айналасы шығармады жақсы суреттеледi. оқып адам болуына көп көмектескен, жол сiлтеген Хасен, омбыда оны интернатқа орналастырып оқуына жәрдемдескен Полидуб бейнелерi, Қартқожаны толықтыра түседi. Андрей, Полидубтармен кездесулер арқылы жазушы жаңа қоғам орнату жолындағы күресте қол ұстасып бiргежүрген орыс-қазақ халықтарының достығы, орыс адамдарының қазақ кедей баласының оң мен салын толуына көмектескенiн орынды бейнелейдi»1.

Сондай-ақ, Қартқожаның Сұлтан-Махмұтпен кездесуiн суреттеу негiзiнде  ұлы қазақ ақынның жылы бейнесiн еске түсiретiн эпизод бейнеленген. ол Сұлтанмахмұтың ақ жүрек, кедейшiлiгiн, байлардың нашарларға жасаған зорлығын бетке айтатын, олардан қаймықтайтын турашылдығын үлгi тұтады.

Ж.Аймауытұлының көркем прозадағы биiк белесi — «Ақбiлек» романы «Ақбiлек» — М.Дулатовтың «Бақытсыз жамал», С.Көбеевтiң «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романдарынан бастау алып, қазақ әйелдерiнiң теңдiк мәселелерiн кеңiнен көтерген шынайы суреттеген шығарма «Ақбiлектiң» аталған романдардан ерекшелiгi — белгiлi бiр тақырыптың көлемiнде жекелеген тағдырларды ғана қоймай.

1С.Қирабаев. шығармалар жинағы.  1989ж. 4бет

Азамат соғысы кезiндегi момын жатқан қазақтың жалпақ елiнiң басына түскен нәубеттiң бiрi — қазақ қыздарының «тiстегiннiң ауызында, ұстағанның қолында» кетiп, әлдекiмдердiң ойыншығына, ертегiне айналған трагедиясын ашып көрсетуiнде жатыр. Қай халық қызын мәпелеп, алақанға салмаған, анасын ардақтап аяламаған. Арын аяққа таптау, қазаққа өлiммен тең.

Романның басты кейiпкерi — Ақбiлек. Сол тұстағы бүкiл қазақ әйелдерiнiң басындағы ауыр халды жазушы Ақбiлек бейнесiнде жинақтан көрсетедi.

Ақбiлектiң басындағы хал — осы бүкiл бiр халық басындағы трагедия.

Оны ақ офицерiнiң алып қашып кетуi, әйел етiп ұстады — бiр ғана қыздың емес, бүкiл елiнiң ұлттық намысына салмақ түсiредi.

Өмiр тезiне түсiп, жат қолдан бостандыққа ұмтылған мұңда қыз өз ортасына келiп те пана таба алмайды. Анадан өлiдей айырылып, әке болса, ол датерiс қарап, атастырған сүйеуiнiң тайсақтауы, ел-жұртының құбыжық көргендей қарауы, онсызда жаралы жүрекке ине шаншығандай әсер қалдырады. Әрине, солай еттi деп  оларды жазғыра да алмайсың. орыстын көпiр деп, ал кәпiр атаулының бәрi жау, дiннен безген харам деген ұғым елдiң түсiнiгiнде қалыптасып кеткен. Ақбiлектi бұл тұйықтан шығарған жол — революция, кеңес өкiметi. Күлкi боп елден кеткен ол қалаға барып оқып, бiлiм алы,  адам қатарына қосылып жар тапты, бақытты өмiрге кенеолi. Шығарманың, тақырып — идеясы осыған саяды.

Романның жазылу стилiнде композициясында бiркелкiлiк байқала бермейдi, дағды жоқ. оқиға үшiншi жақтан баяндалып, жалпы-халықтық ұғымға түсiнiктi тiлмен берiледi. осы айтылғанға орай, жазушының шеберлiгi жайында Қ.Жарықбаев өз ойын ортаға салады: «Жүсiпбектiң сөз саптау, шеберлiгi, яғни оның тек өзiне ғана тән стилi, сөз өрнектеу ерекшелiгi жайлы айтсақ, оның әр сөзi мiрдiң оғындай, әрқайсысы өз орнында, сапқа тұрған әскердей, басы артық, өз орында тұрмаған сөздi көре алмаймыз. Логикасы да мықты, жұп-жұмыр, сөзi қысқа да болса нұсқа, тiлге жеңiл, ойға кең, яғни, ұлы Абай айтқандай, «iшi алтын, сырты күмiс» болып келедi», — дедi.1 

Ақбiлек — романның негiзгi кейiпкерi болса да, ол жалғыз емес. Автор оның өскен, тәрбие алған, әрқилы өмiр кешкен ортасын, қарым-қатынастағы адамдарды суреттеу арқылы заман, дәуiр  шындығын жан-жақты бейнелеп  көрсетедi. Елдiң тұрмыс-тiршiлiгi мен әдет-ғұрып, салты, табиғаты — бәрi тұтаса келiп, шығарманың негiзгi идеясын ашуда жетекшi роль атқарады. жазушы ауыл мен қала өмiрiн көп салыстыра суреттеп отырады. Елдiң жақсы дәстүрлерiн құрметтеумен қатар, ондағы ескiшiлдiк дерттi — жiкшiлдiк пен рушылдықты, жалқаулық пен еңбексiздiктi, көргенсiздiкпен қараңғылықты сынайды. Қаладағы өнер бiлiмдi мадақтаған мен оның да қазақтың жақсы ұлттық қасиеттерден алыстап бара жатқан мiнездерiн — жүгенсiздiп, ұстамсыздық, iшiмдiк құмарлықты шенейдi.

Роман Ақбiлектiң жау қолына түсiп кетуiмен басталды да, оның жастық шағы атастырылған жары Бекболаттың монологымен толықтырылады. Ақбiлектiң сұлулығын қазақ ауылының таңдаулы қызы болып өсiп келе жатқандығын, оның бойында халық ұғымындағы тәрбиелi қызға тән қасиеттердiң тоғысқанын анық танытқандай. «Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзi мөлдiреп, ернi үлбiреп, үрiн ауызға салғандай жұтынып тұр едi-ау! Тал бойында бiр мiнi жоқ, жаңа шығып келе жатқан сүйрiктей едi»2 — деп еске алады.

«Ақбiлек есi кiрiп көзiн ашқанда, алты сырықтың басын бұрiп киiз жапқан кiшкене қоста өңшең серейген, жат киiмдi, жат түрлi орыстардың iшiнде жатыр».3 Қолға түсiп шерменде болған жанның өң-түсi екенiн бiле алмай,  торға түскен торғайдай шығар есiк iздеп аласұрған сәтiн де бейнелеп бередi:

1Қ.Жарықбаев. «Бес арыс» А. 1992ж. Кітапта 415бет

2Ж.Аймауытов «Ақбілек» шығарма жинағы  1989ж. 208бет

3 Сонда, 159бет

«Саңқал киiзден сығалап аңғал шуақ Ақбiлектiң бетiне түсiп жайраңдаса да, телегей аққал жасын құрғатуға септiгi болған жоқ: жанын жанышқан қараңғылық жарықдүниенi аңсатты, … құтылмасына көзi жеткен соң, тым болмаса мына сусылдаған сары қолдан сатылып, даланы бiр көргiсi келдi».1 Мұның ар жағында жирен орыстың Ақбiлектi зорлап сүйгiсi келгенi, қыздың көнбейуi, өзара қызға талас ең соңында келiп оның қара мұртты орыс офицерiнiң еншiсiне тиюi суреттеледi. шығармада аты аталып, түсi түстелмесе де қара мұрттың бейнесi арқылы, жазушы патша әскерлерiнiң iшiнде де адамдық қасиеттерiн жоғалтпаған, асыл сезiмдi жандардың бар екенiн көрсетуге тырысқандық байқалады. Қара мұрт пен Ақбiлектiң кездесулер қыздың тағдыры алдындағы, қара күшке деген белгiсi едi. Анталаған көп солдаттың талқысынан құтылудың жолы едi.

Жап-жас қыздың жау қолында жәбiрленуi көрген қиыншылықтары мен психологиялық сезiм күйлерi оны есейтiп, мұңды еткенi сезiмдi. Мұңды адам әрқашанда ойшыл келетiнi аян. Тұтқынан құтылған Ақбiлек жол бойы табиғатты тамашалай жүрiп оған таңырқай басқаша көзқараспен қарап, онымен тiлдеседi: «Құдайдың құдiретiне таңданады. Су ағады да жатады, бiр таусылуы жоқ, қатерлi өлiмдi де бiлмейдi. Ешнәрсенi сезбейдi. Мен iшсем де бұған бәрi бiр — жақсыға да, жаманға да сусын болады».2

Ақбiлектiң бейнесiн ашуда оны қоршаған ортасы, қарым-қатынастағы әрқилы адамдар, олардың iс-әрекетi түрлi эпизодтар маңызды роль атқарғанын ойға аламыз.

Ақбiлек шыққан ортаның негiзгi иесi — оның әкесi Мамырбайды алайық. жұрт «бай» атағанмен, алып бара жатқан бойлық та жоқ және тоқшылықтың азабын да тартпаған момын шаруа асқан кiсi. оның бойында — азып аулақ шаруасын дөңгеленiтiп ұстап, барын қонағының

1 Ж.Аймауытов «Шығармалар жинағы» 1989ж. 169 бет

2 Бұл да сонда, 124 бет

алдына тосқан, елге сыйлы, қадiрлi ақсақалдың иiнез — құлқы жинақталған. Онда кез-келген әкеге тән балажандылықта, мейрiмдiлiк те, заман ырқын тез аңғарғыш пысықтық та бар. Ұлы — Төлегендi қала жiберiп оқытуы. Қызы — Ақбiлектi жат — жұртттық бала деп, оң жақта аз күн дәурен сүрсiн деп маңдайдан шертпей, еркелетiп устауы осыған айғақ. «Сөйткен Ақбiлегi сүйекке таңба салып, масқара қып кеттi. «қызы сондай бопты» деген атақ жойылар ма?» Мамырбай бейнесiн Жүсiпбек осындай ойлы, намысқой адам ретiнде iшкi психологиялық, тебiрiнiсте көрсетедi».1 «Әуелде Ақбiлектi iздегенмен ол табылып үйiне келген соң, оның сорлы болған түрiн көрiп, ақсақалдың намысы қайта қозды. ҚҮдай қосқан күйеуiнен қызғанатын әке кiрсiз, таза баласының бөтен әйел болғанын көрдi. Кiмнен қалған әйел десеншi! қазақ болса, бiр әсерi ғой. Келген — кеткен адамның бәрi «Мамырбайдың орыс бүлдiрген қызын қара!» — деп көзге шҮқыған тәрiзденедi».2 осы жағдайлар Мамырбай бойында екi Үдайлық сезiмдi тудырады. Бiрiншiден қызын жақсы көрiп, аяған әкелiк мейiрiмiн оятса, екiншiден — қызғаныш, жиренiш, өкiнiш ыза, қорлық, оның тiрi қалып көзге күйiк болғанына бармағын шайнатады. Ескiлiк шырмауынан шыға алмаған Мамырбай өз қатесiн түсiнiп мойындайды. Дәл осындай жағдай Бекболаттың басынан да өтедi. ол да қателiгiн мойындап Ақбiлек алдында қызарады. осы арқылы автор қазақ елiндегi ескiлiктiң, қазақшылықтың бiрден ыдырап кетпей, бiрте-бiрте бой үйреткендiгiн көрсетудi мақсат тұтады.

Бекболат  — ерке өскен бай баласы. оның серiлiк қасиетiн мына суреттен де көруге болады; «Астында жарау бедеу, қолында қыран түйғып, үстiнде сымдай киiм, өзек-өлкенi сыпылдатып кезiп, жарқ-жұрқ еткiзiп, қаз-үйректi сыпыртып, кешке таман сұлу қызды ауылдың сыртында, «қонам» – деп3. Әкесi айттырған қызды менсiнбей, Ақбiлектi өзi жаңдап сүюi де оны

1 Ж.Аймауытов «шығармалар жинағы» 1989ж. 129 бет

2Ж.Аймауытов. «Ақбілек» 1989ж. 152бет

Ж.Аймауытов. «Ақбілек»  1989ж. 258 бет

жаңа қырынан көрсетедi. Ақбiлектi ойлаған сезiм күйi, күйiнiшi, қуанышы — жiгiт сезiмнiң адалдығы,  мөлдiрлiгi бейнелейдi. одан тағдырынан аса алмаған ақкөңiл, адал, момын шаруа адамының психологиясы танылады

Жүсiпбек өздерiн сөйлетiп таныстыратын кейiпкерiнiң бiрi — орыс офицерi. Оның бейнесiнде патшашыл орыс офицерiнiң мiнез-құлқы, түсiнiгi, ұғымы жинақталған. Қазақ халқы жөнiндегi оның ұғымы патшаның отаршылдық саясатымен үндес. Қазақты ол надан санап, ақмен тең көредi. Оны өз алдына ел қып ұстауды емес, қорқытын бағынышты ғып ұстауды малын, өлi бұйымын пайдалануды ғана ойлайды.

«Тегiнде қазақтың солдат болудан қорыққаны бiзге терiс те емес. Кiм бiледi, қолына қару берсе, орыс жұртына жау болып кетпесiне кiмнiң көзi жетедi? онда Ұлы Ресей кенелдi, жерi, елi азайып қалады. Қазақтың малы басқа елдiң пайдасына кетiп қалуы мүмкiн»1.

Кеншiл, ашынған, ессiз тауда ерiгiп жатқан ақ офицерiнiң қазақ қыздарына көз тiгуi де халықтың басынуынан туады.

Тiршiлiгiнiң бәрiн кiсi есiгiнде кеденiлiкпен өткiзген Мұқаш — романдағы кейiпкердiң бiрi. Етi тiрi, пысықтығымен Ертiс параходтығында жұмысiстеп, аздап орысша үйренген. Байдың тепкiсiн көп көркинен де кекшiл, ызақор болып қалыптасады. Әлсiз ортадан шықса да, шығармада ұнамсыз тип ретiнде көрiнедi. Мұқаш адамдық жақсы қылық-мiнездердiң, сипайы қарым-қатынастың бәрiн кекшiлдiкке женгiзген  арам адам. Төлегенге өкпелеп, Ақбiлектi ақ офицерлерiне шығарып берiп жүргенi де осыған салды. Мансапқор, жағымпаз алаяқ Мұқаш бiрде ақтарға, бiрде қызылдарға қызмет етiп күн көредi. Мұқаш — сол бiр өткiншi дәуiр тудырған қайшылықты бейне. Кеңес өкiметiнiң недейлердi билiкке тартып жатқаны пайдаланып өзiнiң қара басын, көңiлiнен шықпаған елден кен алуға ұмтылған тип.

1Ж.Аймауытов. «Ақбілек» 1989ж. 154бет

 

Романда Мұқашқа ұқсас тағы бiр кейiпкер бар. Ол — Тақырдың жылтыры. Бұған Мұқаш бойындағы кемшiлiктердiң бәрi ортақ. Қызмет бабында қазынаны да, елдi де жеген пара алған.

Әбен, Мұсабай, Тезекбай — бәрi де бiр-бiр ауылдың иелерi. Эпизодтық кейiпкердер болғнамен, олар жалпы ел шындығының бiр-бiр пұшпағын көрсетер бейнелер. осылардың бейнесi арқылы, Жүсiпбек қазақ қоғамының жарықшақтарын, жалпы ағайын арасындағы кикiлтiндiретiн, қазақ тұтастығының жоқтығын терең бейнелейдi.

Шығармада оқиға негiзiнен үшiншi жақтан баяндалап отырады. жазушы кейде  кейiпкерлердiң өзiн сөйлетiп не болмаса олардың сырын диалог арқылы, күнделiктердi оқу арқылы ашуға көңiл бөлгенiбайқалады.

«Қазақ романның алғашқы үлгiлерiнiң бiрi бола тұрса да, автордың бұл жанрдағы iзденiсiнде «Ақбiлек» көрнектi орын алады. «Қартқожаны» жазған кездегi тәжiрибесiн толықтыра отырып, ол бұл шығармасында адам характерiн тереңiрек ашуға, кейiпкердiң психологиялық жайларын толықтыруға көбiрек көңiл бөлдi.

Ж.Аймауытұлының шығармаларында көркемдiк-идеялық iзденiстер, бейнелеу тәсiлдерi, басты тұлғанның жан жүйесiн ашудағы динамикалық қозғалыстар деталь, портрет, пейзаж, iшкi монолог, ой ағыстары, тiлдiк-стильдiк құбылыстар, композициялық үйлесiм, лексикалық-синткасистiк қайтаулалар, даналық ой, нақыл сөз т.т. өз орындарында қолданылып, 20 жылдардағы қазақ прозасының сыртқы пiшiнi мен iшкi мазмұнын, көркемдiк құрылым — ерекшелiктерiн байыта, толықтыра түседi.

Табиғат құбылысын шынайы суреттеп берген, мұнда көктем әлi өз күшiне мiнiп,  дүниенi  Жүсiпбектiкiндей «жандандырып» жiберген жоқ, әлi ақ қардан арыла алмай жүр. Байқасақ, екi қаламгер  де табиғат «психологиясын»  жiтi зерттеп, сол табиғат көңiл-күйiн шығарма  сюжетiне  келiстiрiп, көркем фон жасаған.  Екеуiне тән ерекшелiк — Жүсiпбек ырғақты сөздермен суреттейдi, ал Биiмбетте — баяндау, талғамды теңеулер басым.

         Ж.Аймауытовтың стилiндей пейзаж үнемi авторлық логикамен жымдасып көркемдiк-эстетикалық мұратын айқындап отырады. жазушы шығарма желiсiне табиғат арқылы тек фон жасап қала қоймай, оны сюжеттiк байланысқа түсiрудiң де жолын қарастырады.

Шiлде. Шағала көлдiң басы иiн тiрескен ауыл, бақырлаған мал, жердiң жүзiн, көктiң түрiн сары, қызыл алтынға бояп, жаздың нұрлы қызыл жүнi белеңнен асып, шетi қылтып барады. Шаңдатып, қарауытын, топырлатып жылқы шауып суға түстi. Жамыраған қой, азынаған сиыр, өкiрген бұқа, айғайлаған бала, ауқаулаған қатындардың даусы  қосылып, көлдiң басы ың-жың,  у-шу, ауыл-ауылдың түтiнi ұрандасып, ұласып, көл арнасын көк тұман басып тұр. О жерде, бу жерде қара құрық, бiреудi бiреу бiлiп болар емес.

         Жадыраған жаз елдi де жадыратты. Ел маужыраған…2. Жазушының «Шағала», «Көл», «Иiн тiрескен ауыл», «Жадыраған жаз» секiлдi эпитеттiк-метафоралық тiркестерi эстетикалық таным-талғамын аңғартса, суреттелген тұтас табиғат мазмұны шығарма сюжетiнiң  басталуына шебер

1 Б.Майлин.  «Бейсекеңнің үйінде» Алматы-1988ж., 188-бет

  2ж.Аймауытов. шығармалары. «Қартқожа» Алматы-1989ж., 35-бет

ойысқан. Осы әдiс Б.Майлин шығармаларында да кездеседi, әсiресе оқиғаның басталуын табиғатты сипатаумен өрбиту М.Әуезовте өте ұтқыр пайдаланылады. Мысалы: Май айының iшi. Түбiрнелiк қаланың бақшасы мейрам күнiне күндiзден әзiрленген. Күн батуға тақағаннан берi қарай, қаланың қызықты көксеген жастары әлденше көңiлдi топ болып, күлiсiп-әзiлдесiп келiп, бақшаға кiрiп жатқан. Бүгiн күн ыстық болған. Сондықтан мынау бақшаның көлеңкесiнен шыққан салқын леп майысып қана тербете соққанда, дененi тез көтерiп, сергiткендей болушы едi1. Осылайша шығарма басталады да, оқырман бiрден қала өмiрi мен жастар тiршiлiг жайында сөз қозғалатынын айқын аңғарады. Мұндағы көркем тiлмен жеткiзiлген «салқын леп» — желдiң рөлi өзгеше. Ол қала тұрмысы мен жастар тынысына ерекше табиғат тарапынан романтикалық сезiм жеткiзiп тұр. Сюжет басындағы табиғат суретi Б.Майлинде оқиға өрбуiмен ұтымды сабақтастырылған: Күз. Тынық айсыз түн. Өзен бойы. Иiрiм. Биiк шың. шыңның буырында әр жерде аңдағайлаған, көңмен көмiлген, тәртiпсiз салынған ауыл2. Бiз қарастырып отырған қай қаламгердiң қоршаған ортаны таныстыруында болсын, қайсыбiр мекен-орын болсын ауыл маңайын, қазақ ұғымындағы дала мiнезiн, Қазақстан жерiнiң географиялық ерекшелiгiн терең түйсiнгенiң байқаймыз. жылдың төрт мезгiлi де кезектесiп он екi ай түзейтiн табиғат мерзiмiндегi ауысулардың қазақ жерiнде үнемi тҮрақты қалыпта қайталанатынына қарап, жазушылар сол төрт мезгiлдiң ерекшелiгiн көркем тiлмен қазақи түсiнiкпен бере алған. Әсiресе, тҮған топырағының тамаша да, әсем әлметiн тiлге тиек етудi кез келген қаламгер өзiнiң борышы санаса, Жүсiпбек, Бейiмбет, Мүхтар да туып өскен атамекенiң сҮлу мүсiнiн тiл қҮдiреттi жеткенше көркем сомдауға тырысқан.

Жазушылардың мұндай географиялық мекендердi суреттеуi де көп жағдайда сюжеттiң басталуына мұрындық болып отырады. Алдымен,

1М.Әуезов «Кінәмшіл бойжеткен» І том., Алматы-1967ж., 187-бет

2Б.Майлин «Алтын сандық», Алматы-1988ж., 346-бет

Ж.Аймауытов сипаттаған елдi-мекен сұлулығына көз жүгiртелiк:

         Өскеменнiң ар жағында, бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейiнен құбыла жаққа қарай құлай аққан, құлай ағын Ертiс түскен, күз күзеткен Күршiм бар.

         Алтай, Күршiм — не заманнан қалың найман мекенi. Сол Алтай мен сол Күршiмнiң қысы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, төрт түлiкмал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкiрегiн аймаласып, тыраңдысап, мәйек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрi де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлi. Марқакөлдi алқалаған — ақ ауылды Алтай елi. Алтай елi — Алтай жазы тау еркесi — киiк болып, өзге елдерден биiк болып, Марқакөлдiң самалында сайран етiп жатқаны1.

         Ж.Аймауытұлы поэзиялық туындыларына көңіл бөліп қарайтын болсақ, өлеңдерінің табиғатын, ұлттық сипаты мен ерекшеліктерін, ашуға көп көңіл бөлінеді. Өлең өнеріндегі бейнелеу құралдарын, тәсілдерін жүйелеп, жіктеп, топастырып, өлең құрылысы, өлшем, шұмақ ұйқас өзгешеліктерін түр, тіл ерекшеліктерін тарихи — әдеби процеспен тығыз байланыста қарастырдық. Ж.Аймауытұлы қаламынан туған туындылардың көркемдік көк жиегінен әдеби – эстетикалық шеберлігі де танылады. Оның поэзиясында бірыңғай дауыссыз дыбыстың қайталануы, яғни, дыбыстық үндестіктер молынан кездеседі. Мысалы, “Жаман тымақ”, “Тұңғыйық түпсіз астында” өлеңдерінде:

         Көк күркіреп, су кұңгірлеп,

         Кенеттен кейде шарт етед

         Кемеге ажал таянды

         Кемеге су кернеді

(“Тұңғиық түпсіз астында”)

         Сәнде тұрып шұлғыды,

         Сәлем беріп мүлгіді

         Сізге бата бергелі,

         Жүзіңізді көргелі (“Жаман тымақ”), — деген жолдарда дыбыстық үндестік, үйлесім бар. Сол секілді дауысты дыбыстардың бірыңғай үйлесіммен келіп, тақпақтай айтылып, жеңіл ырғаққа құрылғандары да кездеседі:

         Домбырасын қолына алып,

         Екпіндетіп

         Екілентіп

         Ескектепіп (“Нұр күйі”),

         Әз көрінбей, шықты күндей,

         Ағын болып лайсаң,

         Ау құрылды, төбе үйілді,

         Өлген мал мен өскен жан

(“Баяғы жұт Қоянда”)

         Әдеби тілдің әдемі де, әсерлі болуы үшін айшықтау тәсілдерінң атқарар маңызы ерекше.  Ж.Аймауытұлының ақындық шеберлігінің бір көрінісі – теңеулерді шебер қолдануында, яғни, белгілі екі нәрсені салыстыра қарастырып, өлеңдегі бейнеленетін адамды табиғат құбылысына, тұрмыс заттары мен түрлі құбылысты араластыра, салыстыра суреттеп тоғыстыруында. Мысалы, “Нұр күйінде” теңеуі мол жолдар өте көп:

         Сүйектері

         Қорғасындай балқиды.

         Лепіріп жүрек,

         Бейне тас түлек,

         Ақ тұйғындай…

         Шебер күйші мен күйшілік өнерді “буынсыз бармақ”,  “жорғадай сызған”, “пейіштің  лебімен” теңестіру суреттейді. Сол секілді, “Жаман тымақ” өлеңіндегі:

         Қатыны бар қаншырдай,

         Үш ұлы бар қамшыдай…

        

         Кітап ұстап молдасы,

         Қазандай боп сәлдесі… — деген жолдардан да көреміз.

         Ж.Аймауытұлының өлеңдеріндегі эпиттетер де туындының көркемдік – эстетикалық әсерін күшейту  мақсатында шебер пайдаланылған. Мысалы, “Жазушыларға” өлеңінде бұл тәсіл адамның ішкі әлемін, психологиясы танытуда айрықша міндет атқарады. Ақын “Бақша қызғалдағы”, “таза бұлақ” секілді эпитеттік-метафоралық тіркестер арқылы қазақ қыздарының, әйелдерінің жан-дүниесін әдемілікке, “әсем гүлге”, “жас табиғатқа”, ұқсатып, адамның қадір-қасиетін, адамның қадір-қасиетін, эстетикалық таным-талғамын әр алуыан метафорлар арқылы нанымды көрсетеді. “Ах-ха-хау” өлнңіндегі сарказм, мысқыл үлгісі – шалдардың іс-әрекеттерін мысқылдауынан көрініс табады. Бұл – ақын дүниетанымына тән сыншылдық қасиетін танытады.

         Сандуғаш іздеп сандалған

         Неғылған дәнді дәрі ағаш!

         Ах-ха-хау! Күлкім-ау!

         Шегім қатып отыр-ау! — деп ашы мысқылмен түйіреп өтеді.

         Халық ауыз  әдебиетіндегі дәстүрлі арнау үлгілері – “Жазушыларға”, “Отағасы”, “Ұран” өлеңдерінде орын алған. Бұдан, жазушыларға, балаларға қарата сөйлей отырып, ұлтының кешегісі мен бүгініне, болашағына алаңдаушылық білдіріп, бірде қараңғылыққапастан құтылудың жолын іздесе келесі де бостандықты,  теңдікті ұстап тұру үшін қайсарлық, төзімділік, батылдық күткен ақын бейнесі көрінеді. Мысалы, “Не қып жатыр?” сұрай арнау өлеңінде көпшілікке сауал тастап, оған өзі жауап іздесе, “Отағасы” деген өлең жолдарында шумақ ақынның балаларға қарата айтылған ақыл-кеңесіне құрылған.

         Әйелді теңдікке алсақ терең ойлап,

         Жаусақ, екен нәпсіден жырақ тұрып

— деген жарлай арналған өлең жолдары “Жазушыларға” арналып, сырласу, кеңесу бағытында айтылады. Осы мәндес ақыл-кеңестер А.Байтұрсыновтың “Тарту” немесе С.Сейфуллинің  “Кел, жігіттер” шығармаларында беріліп, өмір, уақыт тынысы бедерлі әрі бейнелі өріледі. Сондай-ақ, Ж.Аймауытұлының өлеңдерінде айшықтаудың қайталау үлгісі, яғни, өлеңнің анофоралық түріндегі қолданысы “Жаман тымақ” өлеңінде көрініс береді.

         Сорлы кедей қалбаңдап,

         Жаман тымақ жалбаңдап.

         Ақсақалға келеді,

         Иіліп сәлем береді… — деген шумақтың 1-2-4 тармақтарының қайталанып келуі – сюжеттік байланыста, оқиғаны жамытуда септігі зор. Бұл үлгі М.Жұмабаевтың “Жауынгер жыры” туындысында да ұшырасады. өлең жолдарындағы ой ағымы сөзбен қайталанып отыратын әдепкі қайталау  түрінде берілген. Қазақ әдеби тілінде кездесетін дамыту тәсілін жазушының  “Тұңғиық түпсіз  астында” атты өлеңінен байқаймыз.

         Кемеге ажал таянды

         Кеменгі су кернеді

         Сырғауылдар қирады

         Кенеп қанат өрім-өрім

         Жалбырады салбырап

         Дауыл мен толқын ән қосып,

         Кеменгі жанышты иледі…

         Осындағы үсті-үстіне түйдектеле, еселене, келетін екпінмен ақынның оқиғаны дамытып отырды – шығарма шырайын кіргізіп, оқушысын өзіне еліктіріп әкетеді.

         Екі ұдай нәрсені, құбылысты қатар қойып, жұптап суреттейтін егіздеу тәсілімен жазылған – “Баяғы жұт Қоянда”, “Отағасы”, “Ах-ха-хау”, “Тұңғиық түпсіз астында” өлеңдері де көп жайды алға тартады. Мұнда табиғат құбылыстарын алыстыра суреттеп, екі түрлі шындықты бейнелейді:  бірінде – адамның мінез-құлқын ашса, екіншісінде – қоғамдық — әлеуметтік ахуалды тап басып көрсетеді. Ж.Аймауытұлы поэзиясының стильдік ерекшеліктеріне көңіл аударсақ, өзіндік өлшем, өрнек үлгілерімен қатар, халық поэзиясындағы  дәстүрлі өлең өрілі 11 буынды қара өлең өлшемін кеңінен қолданып, 7-8 буынды жыр үлгісін дамыта түскендігін көреміз. Бұл – заман, қоғам, адам өмірінің арқылы сипаттарын бейнелеудегі Ж.Аймауытұлына ғана тән ерекшелік деп қабылдамай, сол дәуірдегі тұтас  бір ұлттық әдебиетіндегі көрініс деп бағалаймыз. Ж.Аймауытұлының “Баяғы жұт Қоянда”, “Отағасы”, “Ах-ха-хау”, “Ұршық”, “Көшу”,  “Еңбекшілер ұраны”, “Жас әскер” – 4 тармақты және “Әскер марсельезасы”, “Тұңғиық түпсіз  астында”, “Жаман тымақ”, “Нұр күйі” – 8 тармақты шұмаққа құрылған. Өлең тармақтарындағы сөз соңының үндесуі, қабысуы өте зор детальдардың бірі. Жазушы қаламынан тұған өлең ұйқасы үстіндегі ізденістері шығармаларының пішіні мен мазмұнына беруде ерекше қызмет атқарады.

         Қара өлең ұйқасы – “Жазушыларға”, “Отағасы”, “Не қып жатыр”, “Ұран”, “Көшу” шығармаларында кездеседі.

         Шалыс ұйқасқа – “Ұршық”, “Ах-ха-хау”, өлеңдері құрылса, ерікті ұйқас үлгісі – “Баяғы жұт Қоянда”, “Нұр күйы”, “Тұңғиық түпсіз астында” өлеңдерінде кездеседі. Аралас ұйқас үлгісіне – “Әскер марсельезасы” өлеңін, ал егіз ұйқасқа – “Жас  көсемдер маршы” мен “Жаман тымақ” шығармаларын жатқызамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *