Ж.Аймауытұлы шығармаларындағы пейзаждың қолданылу ерекшелігі

Шағын жанрлар табиғатын айқындап, көркемдік-құрылымдық жүйесіне, стильдік сипаттарынаден қою.

Қаламгердің өмір шындығын көркем шығармаға айналдырудағы, кейіпкер сомдаудағы қолтаңбасы мен көзқарасын саралау.

Өлеңдері мен әңгімелерінің тақырыптық-идеялық бағыт-бағдары мен жанрлық, сюжеттік, композициялық құрылымын жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыру болып табылады.

Ж. Аймауытов- қазақ халқының рухани өміріне үлкен үлес қосқан ірі тұлғалардың бірі. О- прозашы, драмашы, сыншы, ақын публицист,аудармашы. әдебиет саласының әр алуан жанрларына қалам тарта отырып, көптеген ірі шығармаларымен жаңа жанрлардағы ізденістерді орнықтырды.

Жүсіпбек Аймауытов 1889жылы Семей губениясының Павлодар уезіндегі Қызылтау болысының бірінші аулында туған, Арғы аталары ауқатты болған деседі. Бірақ Жүсіпбектің өз әкесі Аймауытта, оның әкесі Дәндебай да шағын шаруалы адамдар болған. Жүсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі өз аулында өтеді. Ол ауыл молдасынан оқып сауат ашады. Жүніс қожа, Шәймерден қожа, Қожахмет молда, Қапар қажы, Мұхамеджан деген кісілерден ескіше едәуір білім алады.содан молдалық құрып сабақ оқытады.

1917жылы Жүсіпбек молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс мектебіне түседі.»Оспанның (Аймауыттың інісі С. Қ) Серебрянников дейтін тілмәші мені тәуір көруші еді. Баянда соның үйінде жаттым. Баянда бір қыс оқып, екі бөлімін бітіріп, келер жылы Керекудегі қазыналық ауыл шаруашылық школына барып, емтихан ұстадым», — дейді С. Қирабаев.2

Бірақ оқудан шығып қалады. Содан 1911жылы Керекуге келіп екі класты орыс-қазақ мектебіне орналасады. 1914жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түседі,оны 1919жылы бітіреді.

Жүсіпбектің алашордашылар ісіне араласатыныда осы кез. Кейінненалашордадан бөлініп,совет өкіметі жағына шығады. Комунистік партияның қатарына кіреді.Біраз жыл Қазақ АССР халық ағарту комиссариатында басшылық қызметте болады.Кейін «Қазақ тілі», «Ақ жол»газеттерінде редакторлық қызметтер атқарады. 1926-1929жылдары

2Қазақ әдебиеті, 23декабр,  1988ж.

Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады.

Ара-тұра сол кездегі саяси науқандарға араласады. Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды «өзі пайдаланып кетті» деген жаламен жауапқа тартылып,артынан ақталады. Содан 1929жылы Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген сұлтаумен қайта тұтқынға алынады. Контрреволюциялық ұйымның болғандығына дәлел жоқ, ондай ұйымның программасы, уставы,әлдебір алға қойған практикалық мақсаттары мен соларды жүзеге асыруға тырысқан іс-әрекеттері жөнінде тергеушілер ешқандай нақты дерек жинай алмаған. Соған қарамастан, айыптау қорытындысы жасалған да ешкімнің бекітуінсіз-ақ соттан тыс органның қарауына берілген. Осындай қолдан ұйымдастырылған жасанды іс бойынша сырттай үкім шығарады. Міне, осылай Ж.Аймауытұлының өмірі 1931жылы, 42жасында, нағыз шығармашылық толысқан кезінде қыршынынан қиылды. Қазақстан Компартиясының Орталық  Комитетеі республикада отызыншы жылдары орын алған зорлық- зомбылықтың, социолистік заңдылықты бұзудың құрбаны болған ,жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ мәдениеті ьен әдебиетінің бір топ қайраткерлерін ақтау туралы қаулы қабылдады. Осы қаулы бойынша Ж. Аймауытұлы да толық ақталып халық арасына қайта оралып, бай шығармашылық мұрасымен молайтты. Жазушының үй-іші,үйелмендері қазір еліміздің түкпір-түкпірінде тұрып жатыр. Оларды іздестіру, зерттеу барысында әдебиет қайраткерлері біраз істер атқарып жүр.

Ж.Аймауытұлы  шығармашылығын зерттеуші ғалым Тұрысбеков Рақымжан жазушының үйелмені туралы былай дейді, «Кейінгі кезде қаламгердің ұрпақтарын іздеп, зерттеудіқолға алып келемін. Бұрынғы деректердің бірауызын жинастырып, топтастырып үлгердім. Белгілі ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Бектұр Аймауытов, қайдасың сен» «Лениншіл жас», 1990жыл.12көкек деген мақаласы, осы газеттің Ақтөбе облысындағы тілшісі Ә.Оралбаевтың «Аймауытовтың қызы Ақтөбеде тұрады» Лениншіл жас», 1990жыл, 17 көкек деген мақаласы жұртшылықты елең еткізді».

«Тұрысбек. Р. жақында Бішкек маңында тұратын жазушының ұлы Аймауытов Жанақты іздеп тауып, сөйлесіп, арнайы мақала жазды.Оның «Ардақтап атын әкенің» «Лениншіл жас» 1990жыл 29маусым деген мақаласы аса қызғылықты  тұщы мен әрі дәйекті шықты»1

Гүлнәр Дулатова. М. Дулатовтың қызы өзінің ізденімпаз, зеректігі арқасында және бір перзенті- Муза Жүсіпбекқызымен  ұшырасуға көптен көп жәрдемін жасады. Муза –Жүсіпбектің Бектұр, Жанақ сынды ұлдарынан кейінгі үшінші перзенті. 1926жылы дүниеге келген. Бұл күнде зейнеткер, Ақтөбеде тұрады. Жанақ сол Бішкек маңындағы Новопавловка селосында тұрады екен. Ол 1920 жылдың 18ақпанында туған. Аймауытұлының зайыбы Евгения Қарабатырқызы осыдан 7 жыл бұрын дүниеден өтті.

Осынау мәліметтер  Муза Жүсіпбекқызының архиві арқылы белгілі болып отыр. Ж. Аймауытұлының  өмірбаянын зерттеу, олардың балалары мен немерелерінен естелік жинау, қызықты деректердің басын құрап басқызу алдағы уақыттың шаруасы. Тағы да Жүсіпбекке жүгініп көрелік, бұл түйіндікөрсеткен, осы сұрақтарға жетелеген адам, мүмкін жауабын да өзі табар. «Алтынның қолда барда қадірі жоқ»дегендей замандастар, тұстастарәділ болуы қиын. Себебі, не заманнан қаймығады, не ақылды заман өлшеуімен өлшейді, сыншылардың көбі не ақынды жақтаушылар,не бықсыған күншілдер. Не сол ақынды ат қылып мініп алып, абырой, атақ іздеп, көрем түсем деушілер болуға мүмкін». Бұған ешкімнің де таласы жоқ. Шынында да бұдан артық қандай жауап болсын.

Ұлы Абайдыда кезінде өз туыстары, өз замандастары, түсініп бағалар түгіл, қалайда өлеңін жоққа шығаруға, ақын талантын аяқ асты етуге тырысты емес пе…

1Д.Досжанов «Абақты» 63 бет.

«Моласындай бақсының,

Жалғыз қалдым тап шыным…» деп

Күңіренген де не болмаса

«…Ағайын бек көп

«…Айтамын ептеп,

Сөзімді ұғар елім жоқ», деп жазғанда Абай қара басының жалғыздығын емес,сөзін түсінер, берік болар, өлеңін бағалар, талантын қадірлейтін адам іздеп шарқ ұрды емес пе.Осыларды есте ұстасақ, Жүсіпбектің көрегендігіне, данышпандығына таң қалмасқа шараң жоқ.

Жүсіпбектің сынына қарап сын жазған өз тұстасы Ғаббас Тоғжанов жазушының дұрыс пікіріне ешқандай дау айта алмайды. Бұдан әрі Жүсіпбек сынының әдебиеттегі орнына тоқталады. Бәйгеге қосатын атты жаратып, құйрық жалын күзеп жіберсе, көрікті болып жұтынып шығады. Әдебиетке сондай сын керек». Мағжанның ақындығын сын көзімен қарап, сын көз дегенде ғылым жолын тұтыну керек деген байлам жасайды. Жүсіпбек Мағжанның ақындығы туралы оның өлеңдерінде ұшырасатын «алла, ғарыш, ұжмақ, ібіліс…» деген сөздерге де тоқталады. Қандай дінсіз ақын болса да, сөзді күшейту үшін, халықтың ұғымымен есептесу үшін дін лұғаттарын алудан қашпайды. Егер Мағжан «өзім тәңірі,сөзім құран» демесе, өлеңі сондай күшті, сондай терең сезімде болар ма еді. Әрине жоқ. Қазақ діншіл емес, құдай деген сөзді ойыншық есебінде қолданады- дейді сыншы.

Қазіргідей еліміз егемендігін алып, имандылыққа, дінге бет бұрып, ел болып етек жеңін жаңадан жиып жатқан кезде «құдайды ойыншық есебінде» қабылдау қарама-қайшылыққа алып келер еді. Десек те  Жүсіпбек бұл көз –қарас 70жылдан астам уақыт бойы, өз үстемдігін жүргізіп келген  солақай  саясаттың үлесіне қалдырайық. Жүсіпбек Мағжанның  табиғатты суреттеген өлеңдерін аса жоғары бағалайды. «Табиғаттың қойнында жырлайды тыным алады, жаны сая табады».Жақсы жағын сынасақ,ол сыршыл, толғағыш ақын, суретші,сөз ұстасы, түршіл, романтик, мәдениетшіл жаһангершілікке қарсы күн-шығысшыл ақын. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы да Мағжан. Мағжан тыңнан жаңа өлшеу туғызды. Бәрін бірдей санамағанда «Сап-сары бел», «Біраз Фетше», «Шылым», «Александр  Блок», «Мені де өлім әлдиле», «Күншығыс» сияқты өлеңдер Абай өлшеуінде жоқ».1 Міне, сыншы Мағжан өлеңдеріне осылайша баға береді. Әрбір сөзіне өлеңдерінен мысал келтіреді. Басқа қаламгерлер сияқты тек «байшыл», «ұлтшыл», «түрікшіл» ақын деп айыптамай ақын өлеңдерін тақырып – тақырыпқа бөліп, мазмұнына қарай саралайды. Өлеңнің идеясын ашу да барынша әділ болуға тырысады, өлеңдерінің сыртқы түріне де, суреттеу мәнеріне де көңіл бөледі. Кемшілігі болса, қалай қай өлеңде екенін жалпы айта салмай, ол кемшіліктің де себебін ойша түсіндіре сөйлейді. Сөзінің соқын  Жүсіпбек былай деп түйіндейді: «Мағжан терең ойдың ақыны емес, нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны. Ол кедейдің ақыны емес, ұлт ақыны. Ел ішінде бпй, кедейдің арасындағы қиянатты теңсіздікті көрмейді. Ұлтты жалпағынан алып қарайды. Ол түрікшіл, дарашыл, уайымшыл, өзішейіл ақын», «бұ жағынан қарасақ, ол ескі пікірлі ақын». Сол жылдарда өзінің тұстастарыннан Мағжанды Жүсіпбекше саралап, талдап түсіндіргендер кемде-кем. Несін жасырайық, еске алған сыры ойлар бүгінде маңызды әрі сыншыларымызға он саларлық үлгі аларлық еңбек.

         Жүсіпбек Аймауытұлын бірталай ғылыми еңбектердің де авторы. Ол халық ағарту комиссариятында, педагогикалық оқу орындарында істей жүріп, жас ұрпақты жаңа рухта тәрбиелеуге, оларды  ғылымның әр саласында жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші құрал» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйксі және өнер таңдау» (1926) атты елеулі кітаптары бар.

1Ж.Аймауытов. «Мағжанның ақындағы туралы»,

кітапта: М.Жұмабаев: Шығармалары. Алматы, 1989ж. 401б.

Бұлар өз дәуірі үшін аса пайдалы қызмет атқарады. Қазақ жастарына осы ғалымдар негізінде алғашқы мәліметтер берді, ғылыми негіздердің тууына негіз болды. Жүсіпбек — әдеби шығармалығын ақындықтан бастаған адам. «Жүсіпбек Аймауытұлының өзі жазып қалдырған деректеріне қарағанда, кішкентайынан қисса мен жыр жаттап өскен. Ол 13жасында алғашқы күлдіргі өлеңдерін жазып, қаламы төселе өзі қатарлы оқыған замандастарымен  айтысқа да түскен. Ж.Аймауытұлы бұл жанрда да мол ізденістің  нәтижесінде өзіндік даралығымен танылған талай көркем дүниелер жазды. Бірақ өлеңдері жиналып басылмай, кезінде жарық көрген баспасөз бетінде қалған».1

         Қазіргі бізге белгілі Жүсіпбектің поэзиялық туындыларынан «Сарыарқаның сәлемі», «Көшу», «Ұршығым», «          » т.б. өлеңдері мен «Нұр күйі» атты поэмасы бар. «Бұлардың көбінде автор ескі өмірдің келенсіз суреттері иен жаңа дәуір өзгерістерін ақындық сезімен жырлауға тырысады».2 Жүсіпбектің пролетарлық гимнің «Интернационал» мен «Жас аскерді аударуы  оның әрі аудармашылық, әрі ақындық шығармашылығының жетістігі болып табылады.

         Негізінен алғанда, Ж.Аймауытұлы әдеби-мәдени мұрамызға әр жанрдағы туындыларымен мол рухани олжа әкелді. Алдымен қазақ әдебиеті жанрлық тұрғыдан бойып, кемелдене түсті. Аудармамен поэзиялық мұрамыз сапалық деңгейге көтеріліп,  тақырып, мазмұн жағынан ересек өсті. Ғылыми-педагогикалық еңбек-мұралары, балалар әдебиеті тақырыбындағы ертегі, сықақтарының жас ұрпақ тәрбиесіне әсерінің мол екенін айқын аңғарудамыз. Демек, Ж.Аймауытұлы қазақ әдебиетінің ғасырымыз басындағы дамуына жан-жақты талантымен, қалам қуатының құдіретілігімен үлкен үлес қосқаның бүгін – тәуелсіздік талаптары артып тұрған тұста жіті көз жеткізудеміз. Ендеше жазушы мұрасын оқпы-үйрену, танып талдау, зерттеу аса қажет деп білеміз.

        

1. Аймауытов Ж. Шығармалары. Алматы, 1980ж. 12 бет

2. Аймауытов Ж. «Шернияз» Шығармалары, Алматы. 1989ж. 18бет

Осы реттен келгенде, аталмыш жұмыс жоспарын төмендегіне түздік.

         І тарау – шағын жанр шебері;

         ІІ тарау – үлкен роман үлгілері;

         ІІІ тарау – реалистік драма сипаттары;

         ІУ тарау – көркемдік қуаты мен өнегелі қырлары үлестіре жырлаған поэзия жанры.

Жұмысты жазу барысында әдебиетші – ғалымдар М.Қаратаев, М.Қозыбаев, С:Қирабаев, М.Атымов, Қ.Жарықбаев, Д.Досжанов, Б.Майтанов, Д.Ысқақов, Р.Тұрысбеков, Қ.Керейқұлов, Б.Байғалиев, С.Дәуітов т.б. зерттеу мақалаларының мол әсер, ықпалы болғанын айқын сезініп, тиісінше пайдаландық. Ж.Аймауытұлының сөз өнеріне келу жолынан бастап кемел ой биік тұлғалы қаламгер ретіндегі қалыптасу кезеңдері, шағын жанрдан күрделі романға, реалистік драмаға ұласқан талаит қырын кең көлемде зерттеу мақсаты көзделеді.       

 

I — ТАРАУ. Жазушы әңгімелерінің тақырыптық идеясының ерекшелігі

        

ХХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақ әдебиетiнде өзiндiк стилi бар, шағын қалам тартқан дарынды тұлғалардың бiрi — Жүсiпбек Аймауытұлы. Көркем сөз шеберi Ж.Аймауытұлы шығармаларының негiзгi идеялық пафосы  — жаңа заман кезiндегi қазақ халқының сана сезiмнiң оянуын, теңдiк жолындағы күресiн жастардың бiлiмге құштарлығын паш ету. Ол негiзiнен қоғамдығы ескi мен жаңаның кескiлескен шайқасын шығармаларында идеялық тақырып етедi. Сонымен бiрге қарапайым адам тағдырын назарынан тыс қалдырмай, оның қиындықты жеңiп, жарқын болашаққа деген талпынысын мейлiнше шебер кестелейдi. Әсiресе, қазақ шаруасының қат-қабат характерiн ашу арқылы жазушы сырт қарағанда елеусiз саналатын оқиғаның сырын аша отырып, оқырманға маңызды құбылыстың сыр-сипаттарын көркем, нанымды баяндайды.

         Ж.Аймауытұлы қаламының құдiретiн академик Серiк Қирабаевтiң сөзiмен түйiндесек, ол мынадай: «Жүсiпбек суреткерлiгi болған оқиғаны әдемi, көз алдында елестете әңгiмелеп беруiнде ғана емес, ол негiзгi кейiпкер басынан кешкен қиындыққа оның ортасын, табиғат құбылыстарын да ортақ етiп суреттей бiлуiнде…»1

         Ж.Аймауытұлы шығармасының өмiрдi қамтуы, келелi мәселенi қозғауы үнемi үздiксiз дамып, өсiп тереңдеп отырады. Сондай-ақ олардың iшкi жан дүниесiнiң құбылысы, мымырасыз тартысы, өмiр қайшылығын көрсетуi де бiрте-бiрте тереңдей бередi. Осындай iзденiстен туған туындыларға «Қара бақсы», «Қызыл отау, Қызылбике», «Жаңабайдың жанындағы трагедия», «Елес», «Әншi», «Байушы мен бала» т.б. әңгiмелерiн жатқызуға болады. Бұл шығармаларды көркемдiк тәсiл, диалог, тартыс, табиғат сцретi сияқты кең қолданылып ерекше көп мағынағы ие болады. Ж.Аймауытұлы алғашқы әңгiмесiнiң өзiнен-ақ композиция жасауға шебер екенiн танытқан жазушы. Ол осы мақсатына жету үшiн ылғи да алдымен

1Е.Қирабаев  «Ж.Аймауытұлы» А. 1990ж. 10бет

үйлесiмiне ұмтылады. Тiптi әңгiме повесi болмасын, әйтпесе романы демейiк, соның бәрiнде де композициясы өте күрделi келедi, соған қарамастан оқиға шынайы, сыр-сезiм сенiмдi  суреттеледi. Мұның өзi жазушы қай-қай шығармасында да көркемдiк түрдi идеялық мазмұнға ұштастыра бiледi, дегенге саяры анық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *