Бандура Альберт (1925–1988) – американдық психолог. Мінез- құлықты түрлендіру жөніндегі зерттеулердің авторы. Агрессивтілік пен жыныстық — рольдік даму проблемалары жөніндегі маман.
Әлеуметтік үйренудің жетекше теоретигі А.Бандура жаңа мінез- құлыққа үйрену үшін марапаттаулар мен жазалаулар жеткіліксіз деп санаған: балалар ересектер мен құрдастарының мінез-құлқына еліктеу арқылы мінез-құлықтың жаңа түрлерін алады. Бақылау, еліктеу және ұқсастыру арқылы үйрену әлеуметтік үйрену түрі болып табылады. А.Бандура еліктеу арқылы үйренудің феноменіне басты көңіл бөлген. Оның ойынша, еліктеу негізінде жаңа реакцияларды алу үшін бақылаушының іс-әрекеттерін немесе үлгінің іс-әрекеттерін қосымша күшпен нығайту міндетті емес; алайда қосымша күшпен нығайту еліктеудің арқасында қалыптасқан мінез-құлықты күшейту мен сақтау үшін. Бақылау арқылы үйрету, оның көмегімен балаға беделді үлгілерге еліктеу мүмкіндігін бере отырып, оның мінез-
құлқын реттеуге және бағыттауға болатындықтан маңызды. Адамдар тек өз мінез-құлқының салдары тәжірибесінде ғана емес, сонымен қатар, басқа адамдардың мінез-құлықтары мен олардың мінез- құлықтарының салдарын бақылай отырып та үйренеді. Еліктеу көріністерінің бірі – ұқсастыру – тұлға үлгі ретінде көрінетін басқа адамның ойларын, сезімдерін немесе іс-әрекеттерін қайталайтын үдеріс. Ұқсату баланың өзін басқа адамның орнына қоя білуге, осы адамға тілектестік, ортақтастық, эмпатия сезімін сезінуге үйренуіне алып келеді.
А.Бандура мінез-құлыққа үйренудің және оны ұстанудың төрт сатылық үлгісін ұсынды. Бірінші сатыны зейін деп сипаттайды: үйрену үшін бала үлгіге зейін аударуы тиіс. Екінші сатыда есте сақтау жүзеге асырылады – басқа адамның мінез-құлқын түсіндіре отырып, бала танымдық қабілеттерін пайдаланады және ақпаратты жадында сақтайды. Үшінші сатыда сақталған ақпаратты пайдалану негізінде моторлық қайталау жүреді. Түрткі үрдістерді үйренудің төртінші сатысын құрйды: олар қандай да бір іс-әрекеттің жалпы жүзеге асырылатын — асырылмайтындығын анықтайды. Басқаның мінез — құлқының көзге көрінетін салдары баланың осы мінез- құлықты қайталауды қалауына күшті ықпал етеді деп ұйғарылады.