Асылбеков Әбдірахман (1903–1970) – қазақ психологы. Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қаракестек ауылында шаруа отбасында дүниеге келді. Сауатын ауыл мектебінде ашып, кейіннен орта және жоғары оқу орындарында оқиды. Өмір жолын 1928 жылы Жетісу халық ағарту жүйесіндегі мектеп инспекторлығынан бастайды. Одан кейінгі жылдары әртүрлі қызмет атқарады. 1930-1934 жылдары Шымкентте, кейіннен Өзбекстандағы Қарасу балалар үйінде директор болады. 1960 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық университетінің психология кафедрасында қызмет атқарған. 1962 жылы Ташкентте «Мектеп оқушыларында ынтаның қалыптасуы» атты кандидатық диссертация қорғаған. Ол пеадгогикалық және жас ерекшелігі психологиясы туралы көптеген еңбектер мен мақалалардың авторы. Олардың бірі: «Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу» (1965), «Бала тәрбиелеудегі семьяның рөлі» (1966) т.б.