Аристотель (384–322 жыл б.з.д)

Аристотель (384–322 жыл б.з.д) – ежелгі грек философы. Психология ғылымы жас болғанмен, сонау ерте замаңда Аристотель ілімдерінен бастау алған. Аристотель психологиялық ой-пікірді табиғи негізге сүйене отырып, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп,
«Жан туралы» деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында. жан дүниесінің (психиканын) әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оны тәжірибеге негіздеп құруды мақсат етті. Психология Аристотель заманында-ақ дербес сипаттағы ғылым саласына айналған. Ол психиканын тәнмен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалык әрекеттердің басым көпшілігін материалистік тұрғыдан шешті, Платонның психика жайындағы дуалистік көзқарасын объективтік шындықка, материалистік бағытқа қарай бұрды. Сонымен, Аристотельдің жан жайындағы көзкарасы психологиялык ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып каланды. Эмоцияны зерттеуде змоционалдық көңіл-күйлер психофизиологияға кері әсерін тигізуі, адам денсаулығына залал келтіреді,- деген. Аристотельдің ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі — Әбу Насыр әл Фараби болды. Аристотельдің философиясы орта ғасыр мен жаңа дәуірде қазіргі батыс философиясында талқылауға түсті, әр кезеңде ойшылдар өзінше түсінуге және өзінше түсіндірді. Аристотель мұралары психологиялық ғылым бастауы болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *