Аронұлы Сүйінбай (1815–1898)

Аронұлы Сүйінбай (1815–1898) – психологиялық пайымдауларымен ерекшеленген ақындардың бірі. Ол Жетісу облысындағы Верный уезі, Ұзынағаш облысында туған. Сүйінбай Аронұлының поэзиясы, ең алдымен терең психологиялық тұжырымдармен, көркемдік, әсемдік әлемімен, тілінің мәнерлі әуезділігімен сипатталады. Ол адамның мінез-құлқының әр алуан

қалтарыс-қатпарларын, ішкі психологиялық тебіріністерін, тұлғаның жеке басын, оның моральдық, рухани қадір-қасиетін шебер көрсетеді. Ол жақсыны жаманнан айыра білмейтін, жеке басының арамдығын, тек баюына ғана мейлінше мән беретін адамдарды шенеп сынайды. Ақынның психологиялық идеялары оның «Жақсы мен жаманның айырмасы», «Нақылдар», «Әділеттік арнасы», «Бөрлі менің байрағым», т.б. осы сияқты лирикалық өлеңдері мен ақындық толғауларында адам психологиясы терең де бейнелі кестеленеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *